Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар

23 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Оқушыларға балықтар, қосмекенділер мен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік беру. Тіршілік ету ортасы туралы
мағлұмат беру. Жануарлардың атауларын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Тапсырмалар беру арқылы оқушыларды топтық жүйемен жұмыс жасауға дағдыландыру. Салыстыру, талдау біліктерін арттыруға ықпал жасау.
Тәрбиелігі: Жануарларға қамқорлық көрсетуге, оны қорғауға, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру, зерттеу, баяндау, үштілділік, шығармашылық, сәйкестендіру,
семантикалық карта толтыру
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайдтар, жануарлардың сан алуандығы жайлы бейнефильмдер, үлестірмелі
тапсырмалар, қима суреттер, балықтың торсылдағы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Психологиялық көңіл - күй тудыру.
- Балалар, арамызда жақсы байланыс бар екенін көрсету үшін, байланыс орнатып алайық. Мен алдымен шапалақ соғам, қанша шапалақ соқсам сіздерде сонша шапалақ соғасыздар. Ендеше, тыңдап алайық. ( Шапалақ соғу)
- Арамызда жақсы байланыс бар екен.

ІІ. Топқа бөлу.
- Алдарыңызда қима қағаздар жатыр, сол қима қағазды құрастырсақ топтарыңыздың аты шығады.
1 - топ - «Балықтар»
2 - топ - «Қосмекенділер»
3 - топ - «Жорғалаушылар»

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау. «Менен сұрақ, сізден жауап»
1. Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
2. Қандай жәндіктерді білесіңдер?

ІY. Ойлан, тап» үш тілділік.
Жұмбақтың шешуін тауып үш тілде айту.
1. Гүлге ұшып қонады,
Гүл бақшам гүлге толады. (Көбелек, бабочка, butterfly)
2. Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай. ( Құмырсқа, муравей, ant )

Y. Жаңа сабақ. «Ой қозғау» орталығы
«Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар» бейнефильмі көрсетіледі.
- Бейнефильмнен не көрдіңіздер? (Оқушылар жауабы тыңдалады)
- Олардың қозғалысына, қимыл – әрекеттеріне назар аударайықшы.
- Олардың тіршілік ортасына, дене пішіндеріне көңіл бөлейікші.
- Балықтарды қарайықшы, олар қандай, қалай қозғалады?
- Балалар, аса назар аударып, мән беріп мұқият қарап алайық. Біздерге бұл көргендеріміз сабақ барысында өте қажет болады.

YI. Топпен жұмыс «Зерттеу орталығы»
- Балалар, сіздер алдарыңызда тұрған не?
Сіздерге берілетін тапсырма.
1 тапсырма. Осы жануарлардың тіршілік ортасы туралы не айта аламыз?
2 тапсырма. Қалай қозғалады?

VII. «Түсіну орталығы» Оқулықпен жұмыс
- Балалар, сендердің айтқандарын дұрыс. Енді, сендердің айтқандарына менің де қосарым бар. Сіздерге қосымша түсініктер берейін.
1. Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар туралы кеңінен мағлұмат беру.
2. Тізбектей оқу. (парақшамен жұмыс)
3. Сөздік жұмыс.
Амфибия - қосмекенділердің екінші атауы.
Рептилия - жорғалаушылардың екінші атауы.
Панцирь - тасбақаның арқасындағы қосымша қатты, сүйекті сауыт.

VІII. Жазушылар орталығы.
Үш топқа газет шығару тапсырмасы беріледі.
- Қазір біз көрген – білгенімізді ойға түйіп шығармашылық – ізденіс жұмысымен айналысатын боламыз. Бәрігіміз бірігіп, топ бойынша өз « Табиғат айнамызды» шығарайық.
- Бұл айдарда әр топ өз атауларың бойынша қызықты ақпараттармен толықтырып, өзінше жаңа талғамда безендіріп қорғауымыз керек.(Әдемілігі, безендірілуі, ақпараты тақырыпқа сай болуы керек)

IX. «Кім жылдам?» Жеке жұмыс
Тапсырмалар.
1. Семантикалық карта
Жануарлар атауы --------------- Балықтар
жылан
құрбақа
кесіртке
сазан
көлбақа
бекіре
көксерке
қолтырауын

Жануарлар атауы --------------- Қосмекенділер
жылан
құрбақа
кесіртке
сазан
көлбақа
бекіре
көксерке
қолтырауын

2. Сәйкестендіру
Балықтар -------------------- Бауырымен жорғалайды
Қосмекенділер ------------ Суда жүзеді
Жорғалаушылар ---------- Суда да, құрлықта да тіршілік етеді
--------------------------------- Торсылдағы болады

3. Суретпен жұмыс. Суреттен жануарлардан дене мүшелерінің атын жазу.

X. Сергіту сәті.

XI.«Сұрақтар жаңбыры» айдары. Рөлдік ойын
- Бұл айдарда әр топ өз атауымыз бойынша кейіпке еніп, қарсы тобымызға сұрақ беріп, ұтымды жауап алайық.
1. Қосмекенділер тобы жорғалаушылар тобына сұрақ қояды.
- Біздің артқы аяқтарымыз алдыңғы аяқтарымызға қарағанда неге ұзын? ( Себебі, артқы аяқтарың жақсы дамыған, сол артқы аяқтарың арқылы тез секіріп қозғала аласыңдар)
2. Жорғалаушылар тобы балықтар тобына сұрақ қояды.
- Біздің тіршілік ортамыз қандай?
(Сіздер суда да, құрлықта да, ағаш басында да, топырақ астында да тіршілік ете аласыздар)
3. Балықтар тобы бақалар тобына сұрақтар береді.
- Біздің торсылдақ мүшеміздің атқаратын қызметі қандай?
(Ол судың төмен қабаттарына дейін баруға мүмкіншілік береді)

ХІI. Бағалау.
ХІІI. Үйге тапсырма.
Ең... Ең... Ең...
Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, төмендегі жануарлар туралы ақпаратты іздену.
Ең улы бақа...
Ең улы жылан...
Ең үлкен жылан...

Атырау облысы, Махамбет ауданы
Қ. Қарашаұлы атындағы сарайшық орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Бляшева Жаннат Қажиахметқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 059
0
32 дауыс
Оқи отырыңыз
Бунақденелілер
Бунақденелілер
Бунақденелілердің жануарлардың тобына жататындығын және өздеріне тән тіршіліктерімен танысу. Олардың көп түрлілігін салыстыра отырып, пайдасын, зиянын және тіршілік ету ерекшелігін түсіну.
Сан есім
Сан есім
Сан есім туралы берілген білімді еске түсіру, сөйлем ішінен сан есімді таба білу, сөз таптарын ажырату.
Көл киесі-аққулар
Көл киесі-аққулар
1. Көлсай - тектоникалық көл. 2. Географиялық орны – Алматы облысы, Тянь - Шань тауының солтүстігі. 3. Көлемі - 161 045 га. 4. Тереңдігі - 80 метр.
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Оқушыларды қазақтың педагог – ағартушысы Ы. Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, өзеннің адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру, мәнерлеп оқуға үйрету.
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.