Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Сапар мен парта. Адырбек Сопыбеков

04 қараша 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сапар мен парта. Адырбек Сопыбеков
Мақсаты: Адырбек Сопыбеков өмірімен таныстыру.
а) Адырбек Сопыбековтың «Сапар мен Парта» мысалын түсініп оқуға, мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге жаттықтыру;
ә) Оқушылардың танымдық қабілетін, сыни тұрғысынан ойлау мен жазуын дамыту;
б) Мектеп мүлкін таза ұстауға, ұқыптылыққа баулу. Ағаш өсіруге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың жүру барысы
1. Ұйымдастыру.
2. Психологиялық дайындық.
- Балалар бір – біріңе қарап жымиыңдар., жайланып отырып көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
- Мен бақытты баламын
- Бойымда жылуым мол
- Осы жылуды жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын. Енді іштеріңнен бірі - біріңе жақсылық тілеңдер. Енді жайлап көзімізді ашамыз.
- Жаттығу ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?
Онда осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастаймыз.
1. Топқа бөлу гүл түстері бойынша
2. Топ басшысын сайлау
3. Бағалау парағы

2. Үй тапсырмасын тексеру
«Ыстық орындық» әдісі
- Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек., ортадағы биік орындыққа отырып оқиды. Әр топтан бір сұрақ қояды.
1 топқа а) Қастек Баянбаев кім? (Ақын )
Ә) Туған жері
Б) Шығармалары
2 топқа а) Араша өлеңінің авторы кім?
Ә) Өлең неліктен араша деп аталған?
Б) Өлеңдегі кейіпкерлерді ата
3 топқа а) Осы өлеңдегі кейіпкерлердің адамға пайдасы барма?
Ә) Мәтіндегі шыбынның әрекетіне қарап оның қандай екенін
анықтауға болады?
Б) Диалог деген не?
4 топқа а) Егер саған біреу жала жапса сен қандай сезімде болар едің?
Ә) Осындай оқиға сенің өмірінде кездесті ме
Б) Мысал деген не? (мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады.)

Мағынаны тану
Жаңа сабақпен таныстыру. "Сапар мен парта» мысалы
Адырбек Сопыбеков жайлы қысқаша мағлұмат беру.
Біз бүгін сендермен "Сапар мен парта» мысалын оқып танысамыз. Бұл мысалды еліміздің белгілі ақыны Адырбек Сопыбеков ағаларың жазған.
Адырбек ағаның бүгінгі біз өткелі отырған «Сапар мен парта»өлеңі осыдан 59 жыл бұрын «Қазақстан пионері» қазіргі «Ұлан»газетінде жарияланған.
«Барлық білім кітапта!» екені баршамызға белгілі. Қазір мен өлеңді мәнерлеп оқимын, сендер мұқият тыңдап, түртіп алу әдісі арқылы, өздеріңе таныс емес сөздерді түртіп алыңдар. (Мұғалімнің мәнерлеп оқуын тыңдайды және Инсерт әдісі бойынша түртіп алады)
Оқушылардың оқуы

4.«Өзім үшін жазамын!»
- Балалар сендерде өзіңмен — өзің сөйлескен кездерің болды ма?
«Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен - өзі сөйлескен сөзін монолог деп атайды». Мәтіннен монологты табу.
Топпен жұмыс
1- топ Өлеңнің мысалға жататынын неден аңғаруға болады?
2-топ Парта Сапарға неге ренжіді Қалай ойлайсың Сапар өз кінәсын мойындады ма?
3- топ Парта неден жасалады? Оның пайдасы қандай?
4- топ Ағаш туралы қандай мақал білесің?

Сергіту сәті
5. РАФТ әдісі
1 - топ. Парта - Сапар - хат -«Менің мүшкіл халім» (Парта Сапарға хат жазады)
2 - топ. Сапар - Сынып жетекші - Түсініктеме -«Түзелуге сөз беру.» (Сапар сынып жетекшісіне түсініктеме жазады)
3 - топ. Сынып жетекші - Ата - анаға - Эл.- Почтаға -«Сапардың тәртібі» (Сынып жетекші Сапардың ата - анасына электрондық хат жазады)
4 топ Сапарға мінездеме береді.
(РАФТ әдісі бойынша оқушылар хат, түсініктеме, электрондық хат жазады.)

Ой толғаныс
«Автор орындығы» әдісі
Өз жұмысын оқысы келетіндер, өз орнында оқиды..

Бағалау
Бағалау парағы Бағалау парағын топ басшысы өз тобымен ақылдаса отырып толтырады, жалпы ұпайын шығарып, әр оқушының бағасын айтады.
Бүгінгі сабақта не жайлы білдік? Осы өлеңді оқығанда қандай сезімді сезіндің? Өзің алған әсерің жайлы не айтар едің?
Үйге тапсырма
1 - топқа Өлеңді мәнерлеп оқу.
2 - топқа Монологты жаттау.
3 - топқа тақырыпқа байланысты сурет салу

Қорытынды: Өлең неліктен Сапар мен парта деп аталған?
*Бұл мысалдың негізгі ойы не?
Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» Тілек ағашы
- Сонымен балалар біз сабақта не туралы өттік.
- Сабақ сендерге ұнады ма? Не ұнады, не ұнамағаны жайында және қандай пікірлерін, тілектерін бар екенін жазып, тақтадағы алма ағашына ілеміз. Алмамыз қандай көп болса әрқашан Отанымызда сондай молшылық болсын деп тілеймін. (Стикерге жазу. Әр оқушы өз ойын білдіреді).

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы,
№65 жалпы білім беретін орта мектептің
бастауыш пәні мұғалімі Карыбаевна

Толық нұсқасын жүктеу
8 109
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» Абай Құнанбаев
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» Абай Құнанбаев
Ұлы ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу.
Күншуақ
Күншуақ
Пішін, көлем және түс бойынша түсініктерін қалыптастыру; бір және көп деген сөздерді айырып білуге үйрету, танып білуін өніктіру, сенсорлық эталонын бекіту; эмоциялық көңілді көтеру, баланың енжарлық салып сөйлеуін толықтырып, байытып және түсінетін
We learn English
We learn English
Learn the English Alphabet and sounds, learn new words, writing letters and words, answer the questions, speaking in English, make sentences, counting, singing a song, learn verbs with game, using grammar rules ( noun (plural forms), articles)
Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Оқушыларды сөздерді буынға бөлу арқылы тасымалдауға үйрету. Тасымал жолдарымен таныстыру.
В. Сухомлинский. Нағыз адам
В. Сухомлинский. Нағыз адам
Василий Сухомлинский 1918 жылы, 28 қыркүйекте Херсон губерниясы, Александр уезінде дүниеге келген. Қарапайым отбасында тәрбиеленген.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.