Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков

02 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды сөздерді буынға бөлу арқылы тасымалдауға үйрету. Тасымал жолдарымен таныстыру.
Өлеңді шапшаң, мәнерлеп және түсініп оқуға төселдіру, өлеңнің мағынасын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, байланыстырып сөйлеу
дағдысын, есте сақтау, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Беспалько жүйесіндегі деңгей бойынша оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Дағдылығы: Сөздерді дұрыс айтуға, сауатты оқуға, көркем жазуға, берілген сұраққа тиянақты жауап беруге, шапшаңдыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік мәні: Отбасы мүшелерін қадірлеуге, құрметтеуге, отанын қорғауға, сүюге, тілін құрметтеуге, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: Дамытушылық
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, үйрету, ойын, сұрақ - жауап, сергіту,
жеке жұмыс, бағалау, Беспалько әдісі, т. б., өмірмен байланыс.
Көрнекілік: Слайдтан кестелер, электронды оқулықтар, ребустар,
үлестірмелі қима қағаздар, М. Қуанышбеков суреті, өмірбаяны – слайд, бағалау.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика, еңбек

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық кедергі.
- Мен бүгін көңілді келдім.
- Сендер ше?
- Ребус шешейік.

Ана тілі сабағы
- Ана тіліміз қай тіл?
- Ана бойынан тараған тіліміз қазақ тілі.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге не берілді?
Оқымысты бала
Не туралы айтылған?
әке
бала
тырма
Не істеді?
жұмсады
сылтау айтты
таяқ жегізді

ІІІ. Бағалау. Үй тапсырмасын жақсы орындаған балаларды мадақтап, бағалау.

ІV. Жеке жұмыс. Үлестірмелі деңгейлік тапсырмалармен «Өз орнын тап!» ойыны.
Мақсаты: Тапсырманың жауабындағы сөздердің алғашқы әріптерінен сөз құрау. Әріптерді тақтаға үлестірмелі тапсырманың реттік санына қарай орналастырады.
Көктем келіп, бүкіл жан - жануарлар оянып жатыр. Біз бунақденелілердің тапсырмаларын орындайық!
1. Өрнектің мәнінің алғашқы әрпін ата: 2+2
2. Өрнектің мәнінің алғашқы әрпін ата: 4+2
3. Өрнектің мәнінің алғашқы әрпін ата: 5+3
4. (Ыдыс) Заттың атауының бірінші әрпін ата.
5. (Мақта) Заттың атауының бірінші әрпін ата.
6. Өрнектің мәнінің алғашқы әрпін ата: 3+3
7. Төлді қалай атаймыз? Алғашқы әрпін тап.
Әріптерді ретімен орналастырып жаңа сөз шығарайық! Бізге бунақденелілердің өздері көмектеседі.
Тасымал

тасу, апару
келесі «тасымал» сөзінің қайда қолданылатынын ережеден білеміз. Электронды оқулықтан ережені тыңдату

V. Оқулықпен жұмыс
67 - жаттығу
1. Сөздерді буынға бөліп жазыңдар.
Қарағай, ұшқыштар, автобус, дөңгелек.
2. Буынға бөлінген сөздерді үлгі бойынша қысқа сызықшамен (дефиспен) бөліп жазыңдар.
Үлгі: қа - ра - ғай, қа - рағай, қара - ғай.
3. Оқулықтағы ережені оқытып шығу.

VІ. Көркем жазу сәті.
1. Қалам, дәптер сөздеріне сөйлем құратып, тақтаға, дәптерге жаздыру.
Қалам, дәптер – оқу құралдары.
2. Тасымалданбайтын сөзді тап.

VІІ. Сергіту сәті «Көңілді күн»

VІІІ. Ребус шешу.
1. Слайдтағы суреттердің атауларын буынға бөлдіру.
Тасымалданатын, тасымалданбайтын сөздерді ажырату.
2. Ребустан сөз шығару

«Сен бақытты ұлансың» сөзі шықты.

ІХ. Оқулықпен жұмыс
(І. Оқушы деңгейі)
1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
2. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
3. Өлең қандай көңіл - күймен жазылған?
4. Авторын таныстыру, әңгімелеу.
5. Өлеңді оқушыларға оқыту.
6. Өлең сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?
7. Өлеңде кімдер жайлы айтылған? Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
8. Тағы не туралы айтылған?

(ІІ. Алгоритмдік деңгей)
1. Өлеңде туыстарыңды неге теңеп жатыр?
2. «Жаннат» сөзін естігендерің бар ма?
3. Өз отбасыңнан, туыстарыңнан басқа жақындарың бар ма?
Тағы нені үйіңде көресің?
Отанымызға нелер кіреді сонда?
Біздің отанымыз қандай? Елімізді кім басқарады? Ол кісі туралы не білеміз?

Елімізде көп ұлтты халықтар тұрады. Біз олармен тату тұрамыз. Елбасымыз осы татулықты одан әрі өрбіту, бейбітшілікті берік орнату мақсатында биылғы жылды «Қазақстан халықтары ассамблеясы жылы» деп жариялады.

(ІІІ деңгей Эвристикалық)
1. Бүгінгі өтілген тақырыпқа сәйкес айтылған мақал - мәтелдер, қанатты сөздер білесіңдер ме?
2. «Отан оттан да ыстық» мақалының өлеңге қатысы бар ма? Дәлелде.

Х. Шығармашылық тапсырма. (ІV деңгей Шығармашылық)
Поэзия сәті.
Біз де ақын болып көрейік.
Бүгінгі тақырыпқа бір шумақ өлең қосайық.
Тірек сөздер: мектеп, мұғалім, оқушы (кестеге оралу)

ХІ. Қорытынды
1. Не үйрендік, не білдік?
«Сен бақытты ұлансың» М. Қуанышбеков
2. Тест. Электронды оқулықтан.
3. Қосымша материал. Уақыт тиімділігіне қарай пайдаланамын.

ХІІ. Үйге тапсырма:
1. Өлеңді оқып кел.
2. Қара сөзбен әңгімеле.
3. М. Қуанышбеков туралы ізден.
4. 68 - жаттығуды орында.

ХІІІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.

Қызылорда облысы, Шиелі кенті
«№46 А. С. Пушкин атындағы мектеп - лицейі» КММ
пән мұғалімі: Қалыбек Нағима

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 387
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Сөз таптары
Сөз таптары
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамын үрмелі және ұрмалы аспаптарсыз елестету мүмкін емес. Қазақ халқында көне үрмелі сыбызғы аспабы сақталған. Сыбызғы аспабы ешқандай өзгеріске ұшырамай, өзінің о бастағы табиғи түпнұсқа қалпын сақтап қалды.
В дыбысы мен әрпі
В дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Садықова Сәнімкул Серікбайқызы
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Атырау қаласындағы химия - биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.