Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Менің Отаным - Қазақстан

22 желтоқсан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы қазақ тілінен ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі
Тобы: ересектер тобы
Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Білімділік: балалардың Отан туралы, ҚР рәміздері, еліміздегі ұлттар достығы, туған қаласы туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: тақпақ, мақал жаттату, дыбыстық жаттығуларды айтқызу арқылы балалардың тілдерін жаттықтыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, қазақ тіліндегі сөздік қорларын көбейту, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: өз Отанын сүйетін патриотын және Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: интерактивті тақта, сиқырлы қалам, «Менің Отаным» постері, флипчарт.
Әдіс - тәсілдер: түсіндірме, сұрақ - жауап, флипчарт, интерактивті ойындар.
Қостілділік (билингвальді) компонент: Отан - родина, мемлекет - государство, тәуелсіздік – независимость, мемлекеттік рәміздер – государственные символы, ту – флаг, елтаңба - герб, әнұран – гимн, күн – солнце, қыран құс – орел, ою - орнамент, жұлдыз - звезда, шаңырақ - шанырак, қанатты тұлпар - крылатый конь, ұлт - национальность, көп ұлтты - многонациональный, город - қала, бұрқақ - фонтан, ескерткіш - памятник, саябақ - парк, отбасы - семья.

Мотивациялық - қозғаушылық
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Сәлеметсіз бе!
- Балалар, ұйымдастырылған оқу қызметімізді алтын күнмен, көк аспанмен, достарыңмен амандасудан бастайық!
- Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерге мен қуанам!
- Балалар, Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? Как вы понимаете слово – Родина?
- Отан дегеніміз - біздің еліміз, туған жеріміз, ауыл - қаламыз, отбасымыз, біздің балабақшамыз.
- Балалар, біздің Отанымыз, республикамыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Кім Отан туралы тақпақ біледі?
Ортаға Медина шығып Отан туралы тақпағын айтып береді.
- Отанды жас, кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Отан деген – Атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан – Ана,
Отан – үлкен,
Қазақстан - туған ел!
- Балалар, Қазақстан қандай мемлекет?
- Тәуелсіз мемлекет.
- Сонымен қатар, ҚР көп ұлтты мемлекет.
- Иә, балалар, біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан Республикасы.

Ұйымдастырушы - лық – ізденістік «Менің Отаным»
(Мнемотехника әдісімен жұмыс)
- Балалар, Отан туралы мақалдар, тақпақтар көп. Қазір біз жаттайтын мақал - «Отан – отбасынан басталады». Как будет на русском языке слово «отан» (родина), а как «отбасы» (семья). Значит, «Родина – начинается с семьи». Енді, осы мақалды пиктограммалар арқылы айтып көрейік және тез жаттап алуға тырысайық!

- Енді, мына тақпақты тыңдаңыз:
Отан – менің ата - анам,
Отан – досым, бауырым.
Отан – өлкем, астанам.
Отан – туған ауылым.
Осы тақпақты мнеможолдар арқылы еске сақтаймыз. Дети, сейчас мы будем это стихотворение запоминать с помощью пиктограмм.

- Енді осы тақпақты кім айтып береді?

«Рәміздерім – мақтанышым»
Біздің республикамыздың рәміздері бар. Балалар, Мемлекеттік рәміздер туралы алған білімімізді Дина мен Даник есімізге түсіреді. Ол үшін экранға назар аударамыз.

«Қай рәмізде бар?» флипчарт ойыны Балалар, бұл ойында ту мен елтаңбаға қатысты белгілерді қай рәмізге сәйкес екенін тауып, сөйлем құрап айтасыңдар. Мысалы:«Күн қай рәмізде бар?» деген сұраққа: «Күн Туда бар» немесе «Туда күн бар» деп жауап береді.

Дыбыстық жаттығу
Қ - қ - қ, қазақ, Қазақстан. Бұл сөздерде қазақ тіліне тән қандай дыбыс бар?
(Қ дыбысы бар)
«Менің ұлтым...»
Балалар, біздің кең байтақ Қазақстан жерінде көп ұлт өкілдері тұрады. Олар: қазақтар, орыстар, кәрістер, украиндар, т. б. ұлт өкілдері. Олар бір аспан астында тату - тәтті өмір сүруде. Наша страна - многонациональная страна. Все национальности нашей страны очень дружно живут под одним небом. Енді, балалар, өз ұлттарыңды қазақ тілінде айтып көріңдерші. Мысалы: «Сенің ұлтың кім?» сұрағына: «Менің ұлтым – қазақ. Менің ұлтым – орыс. Менің ұлтым – кәріс» деп жауап бересіңдер.

Сергіту сәті
Ақпыз, қара, сарымыз,
Тату, доспыз бәріміз! - деп өлеңдетіп, қол ұстасып қимылдар жасайды.
«Менің қалам»
- Балалар, сендер қай қалада тұрасыңдар?
- Атырау қаласында тұрамыз.
- Қаламыз қандай?
- Қаламыз үлкен, әдемі, көрікті.
- Иә, балалар, қаламызда әдемі, көрікті жерлер көп. Ендеше, балалар, мына тақтадағы сурет бойынша кім жауап береді? Қаламызда нелер бар?
- Қаламызда ескерткіш бар. Қаламызда бұрқақ бар. Қаламызда саябақ бар.
В нашем городе есть памятник (фонтан, парк).

- Дети, приближается большой праздник – 25 - летие Независимости Республики Казахстан. Стихи которые прочитают Лада, Нұрхан и Настя посвящается этому празднику. Тәуелсіздік мерекесіне балалар өлең оқып береді.
Настя:
Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған.
Тәуелсіздік таңдары,
Бақ береді баршаға.
Көк туымды қолыма,
Бүгін берік ұстадым.
Түсті бақыт жолыма,
Менің Қазақстаным!
Лада:
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Атамменен барғанмын.
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік - ұлық той.
Аралаймын алаңды,
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның,
Суретіне үңілем.
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Шырқатып ән салған күн!
Нұрхан:
Отаным менің – Қазақстан,
Ыстық қой сенің топырағың.
Орманын, көлін, бау - бағын,
Қастерлеген қазағым.
Найзаның ұшымен қорғанған,
Халқым менің мықты ғой.
Салт - дәстүрін сақтаған,
Елім менің мықты ғой.
Барша қазақ батыры,
Желбіреткен көк туын.
Елтаңбамен еңселі,
Мақтанамын мен бүгін.
Жиырма бес жыл тәуелсіз,
Елім – Қазақстаным!
Аман болсын ел - жұртым,
Тыныш болсын Отаным!

Рефлексиялық
– түзетушілік - Тілектерің қабыл болсын, бүлдіршіндер!
Тәуелсіздік – еркін елдің ұраны,
Жас ұрпағы – болашағы, қыраны!- дегендей, туған жерді гүлдендірер ұл – қызы, міне, сендерсіңдер. Сендер аман болыңдар!
Отанымыз, еліміз көркейе берсін!
Тәуелсіздігіміз нығая берсін!
Мерекеміз құтты болсын! – деп ҰОҚ аяқтаймыз. Мұғалім балалармен оқу қызметінен алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылайды. Сұрақтар қоя отырып, жаңа тақырыпты бекітеді:
- Балалар, бүгін не туралы айттық?
- Отан туралы;
- ҚР рәміздері туралы;
- Ұлттар достығы туралы;
- Туған қаламыз туралы.
Мұғалім балаларды мадақтап, ҰОҚ аяқтайды.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: ҚР рәміздері, өз Отаны, өз ұлты, өз қаласы туралы қазақ тілінде айта алады;
Нені игереді: балалар сөз, сөйлемдерді, өлең жолдарын, мақалдарды естеріне сақтап, игере алды;
Нені меңгереді: Отанын, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу керек екенін меңгерді.

Қалалық білім бөлімі
№1 Мектепке дейінгі авторлық гимназия
«Звездочка» ересектер тобы
Қазақ тілі мұғалімі
Ибрагимова Эльмира Имашевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 681
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Тәуелсіздік көкбайрағы
Тәуелсіздік көкбайрағы
Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Елтаңба, ту, әнұран жайлы түсініктерін бекіту, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Тәуелсіздік - тұмарым, Мәңгілік ел - тұрағым
Тәуелсіздік - тұмарым, Мәңгілік ел - тұрағым
Әйнегі - күн, шатыры - аспан Кең дала, төсегі толқыған есік. Көлдері көкке күмістер шашқан, Қазақстан - Республикам менің.
Бау - бақшада, бақтарда
Бау - бақшада, бақтарда
Отаным менің кең - байтақ. Жайнаған сансыз қаласы Жайқалған жомарт даласы. Ел - Отан біздің кең байтақ. Отанның біздер баласы
Тілдер патшалығына саяхат
Тілдер патшалығына саяхат
Күнделікті қолданылатын тәрбиелік мәні бар сөздерді ойындар ойната отырып үйрету. Ұйқас сөздерді қайталау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын арттыру. Байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәуелдік жалғауын пысықтау. Қазақстанның табиғаты
Тәуелдік жалғауын пысықтау. Қазақстанның табиғаты
Тәуелдік жалғауы туралы түсініктерін пысықтау. Қазақстан табиғаты тақырыбы бойынша білімдерін толықтыру. Сөздерді тәуелдеу арқылы оқушылардың логикалық ойлау өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, ауыз – екі сөйлеу тілдерін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.