Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Тәуелсіздік көкбайрағы

12 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тәуелсіздік көкбайрағы

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне

Білім беру іс - әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы
Білім саласы: Коммуникация
Білім бөлімі: Көркем әдебиет
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 1. Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Елтаңба, ту, әнұран жайлы түсініктерін бекіту, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
16 Желтоқсан тәуелсіздік күні екені туралы түсінік беру.
2. Тәуелсіз, егемен сөздерінің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толықтырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту
3. Бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Сөйлеу арқылы, тақырыпты түсінгенін көрсетеді.
Көбі: Өлеңді жатқа айтады, сөйлем құрайды
Кейбірі: Суреттерге сөйлем құрайды
Күтілетін нәтиже: 1. Отанды сүю, құрметтеу, мейірімділік жайлы түсінік алады.
2. Сурет бойынша сөйлем құрай, мазмұндай білуі
3. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдылану.
Жетістік критерилері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы тақырыпты түсінгенін көрсетеді.
Ресурстар: Интерактивті тақта. Отан, табиғат, Президент, Рәміздер, Желтоқсан құрбандар, Астан қаласының суреттері. Видеороликтер
Тілдік құзыреттілік: Рәміз – символ. Ту – флаг. Әнұран – герб. Елтаңба – гимн

Мотивизациялық - қозғаушылық
Қуанайық, шаттанайық балақай!
Аспанда күн жарқырайды, алақай!
Атқан таңға иіліп, бір сәлем беріп,
Бақыт тілеп бір - бірімізге осындай.

Ұйымдастыру - ізденушілік
Кіріспе бөлім
Өткен сабақтағы «Қыс» өлеңін еске түсіру
Сұрақ – жауап арқылы өткен материалды пысықтау.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі.
Қыс айлары қандай айлар?

Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

Жарайсыңдар!
Видеоролик «Тәуелсіздік күні»
Балалар, біздің республикамыздың ұлан - асыр жері бар. Осы кең байтақ қазақ жер – бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады. Яғни егеменді мемлекет.
Сөздік жұмысы
Тәуелсіз - толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес
Егемен – өз билігі, бас бостандығы өзінде,
16 желтоқсан - еліміздің ең үлкен, ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды.
2016 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 25 жыл толды. Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл - қыздарының арқасында келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге...
Ойын «Күннің шуағы»
Сұрақтарға жауап беру арқылы күн шуағын тақтаға жапсырамыз
Отан дегеніміз не?
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Еліміздің астанасы қай қала?
Қазақстан Республикасының президенті кім?
Республикамыздың рәміздерін білеміз бе?
Рәміздермен, конституция, заңымен, төл теңгесімен таныстыру.
Әнұран орындалады

Балалар біз бүгінгі сабағымызда Астана қаласына саяхатқа шығамыз
Астана қаласына тез барып қайту үшін ұшаққа отырайық.
1. Ұшақ ішінде уақытты тез өту үшін (Қазақстан, егемен, тәуелсіз ) сөздеріне сөйлем құрау.
2. Мен өскенде кім болам? тақырыбында әңгіме
Балалар біздің қайтатын уақытымыз болды.
Қайтар жолымызды қысқарту үшін ән тыңдайық. Ән. Көк тудың желбірегені.

Сергіту сәті «Әли мен Айя. Тәуелсіздік туралы ән»
Бүгін - шаттық, ұлы күн,
Бабаларым көксеген.
Азат елдің ұлымын,
Теңесетін көкпенен
Мейрімді екен даласы
Жері шүйгін суы бал
Азат елміз қарашы
Елтаңбасы туы бар

Дәптермен жұмыс Н. Мұқатовтың «Тәуелсіздік көкбайрағы» өлеңі.
1. Автормен таныстыру
Орта ылғи от жайнады,
Тірлік, ырғақ тоқтай ма әлі,
Тас төбемде желбіреші,

2. Тәуелсіздік көкбайрағы. (Жаттату. Жатқа айту)
Көрініс: «Тәуелсіздік деген не?»

Рефлексивті - түзетушілік
1. Мақал - мәтелдердің мағынасын ашу.
- «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деген сөздің мағынасы мынадай: туған үйіңнен, қалаңнан, ауылыңнан немесе туған еліңнен алыста жүрсең, біраз уақыттан соң еліңді сағынасың. Өз еліңдегі әрбір күніңді сағынасың.
2. «Халықтың ортақ үйі - Отаны» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Біздің елімізде тұратын халықтардың ортақ үйі - Отаны - Қазақстан Республикасы.
3. Астана қаласынан алған әсеріміз «Қайда бардым? Не көрдім?»
4. Балалар біз бүгін республика жайлы біраз мағлұмат алдық.
2017 жылы республикамызда ЭКСПО көрмесі өтеді. Сол көрмеге біз де үлесімізді қосайық. Тудың суретін бояу
5. Балалардың жұмысын тексеріп мадақтау
Кері байланыс

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Н. Бекежанов ауылы № 156 мектеп бастауыш пәні мұғалімі
Қайықбаева Гүлбарам Жанайдарқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 713
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Өсімдіктің өсіп - өнуі үшін не қажет?
Өсімдіктің өсіп - өнуі үшін не қажет?
Балаларға өсімдіктердің тұқым арқылы өсіп – өнуі тәсілдері туралы түсінік беру. Өсімдіктердің тұқымнан өсу, даму кезеңдермен таныстыру. Өсімдіктерге сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу
Тәуелсіздік - тұмарым, Мәңгілік ел - тұрағым
Тәуелсіздік - тұмарым, Мәңгілік ел - тұрағым
Әйнегі - күн, шатыры - аспан Кең дала, төсегі толқыған есік. Көлдері көкке күмістер шашқан, Қазақстан - Республикам менің.
Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы
Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы
Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Павлодар облысы, Май ауданы, Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Кайракбаева Алмагуль Базарбаевна
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі мен сақ қолбасшыларының ерлігі туралы білімдерін еске түсіріп, пысықтау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.