Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Африканың халқы және елдері. Солтүстік Африка елдері

05 сәуір 2016, Сейсенбі
Категориясы: География
География 7 сынып
Тақырыбы: Африканың халқы және елдері. Солтүстік Африка елдері

а) Білімділігі: Африканың халқы және елдері туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.
ә) Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау, танымдылық қабілеттері мен тіл байлықтарын дамыту;
б) Тәрбиелілігі: Картамен сөйлей білуге, ұйымшылдыққа, достық қарым қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар
Көрнекілігі: Африканың аймақтары мен елдері және саяси картасы, интер белсенді тақта
Пәнаралық байланыс: тарих, этнография

Сабақтың барысы:
1) Үй жұмысын тексеру
2) Жаңа тақырыпты түсіндіру
3) Картамен жұмыс
4) Үйге тапсырма

I. Үй тапсырмасын сұрау (5 - минут)
«Кім тапқыр?» ойыны арқылы
1. Африканың табиғат зоналары солтүстікпен оңтүстікке қарай қай бағытта ауысады? (ендік)
2. Саванналар мен сирек ормандар Африка жерінің қанша пайызын алып жатыр? (40 пайыз)
3. Жергілікті халықтар мақта, маниок, батат, жүгері, кешью, қан құрағы, цитрустарды қай жерлерде өсіреді? (саванналарда)
4. Намиб жағалық шөліне тән өсімдігі қалай аталады? (Вельвичия)
5. Сахарадағы тасты шөлдерді жергілікті халықтар қалай атайды? (Хамада)
6. Африкадағы негізгі көзге түсетін ұлттық парктерді ата? (Серенгети, Киву, Вирунга, Кагера)
7. Ылғалды экваторлық ормандардағы адам мен шаруашылыққа зиянын тигізетін жәндіктер? (термиттер мен цеце шыбыны)
8. Саваннадағы тұяқты жануарларды ата? (Зебра, керік, буйволдар, бөкендер)
9. Сванналар мен сирек ормандардағы ағаштар мен өсімдік жамылғысын ата? (Баобаб, дум пальмасы, майлы пальма, саяхатшылар ағашы, шөптесіндер мен акациялар)
10. Ылғалды экваторлық ормандардағы ағаш түрлері? (Фикус, сейба, майлы және шарап пальмасы, рафия, эбен, қауын ағашы)
11. Кап тауларындағы ағаш түрлері? ( Кап шамшаты, күміс ағаш, лавр жапырақты зәйтүн ағашы)

II. Жаңа сабақ барысы. (15 - минут)
Ой қозғау.
Африка халқы туралы білетіндерін оқушылар айтып береді.
Африканың халықтары, тайпалары, нәсілдері, елдері туралы қосымша білім көздерінен алған ақпараттары бойынша айтып береді
Яғни біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы: Халқы және елдері. Солтүстік Африка елдері
Қазіргі таңда Африка материгінде 1 млрд. 300 млн - нан астам халық мекендейді. Материктің негізгі нәсілі негірлер жергілікті климатқа бейімделген. Бет әлпетінде, дене бітімінде, бойының ұзындықтарына байланысты айырмашылықтар байқалады. Тілдік құрамы да өте күрделі 700 - ге жуық жергілікті тіл бар. Демографиялық ахуалының нашар болуына тұрмыс жағдайларының төмен болуымен қатар түрлі жұқпалы аурулардың көп таралуы себеп болды. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесінде халық саны өсуде.
Сыныпты 3 - топқа бөліп тапсырма беремін.
1 - топ. Халқы.
2 - топ. Елдері
3 - топ. Солтүстік Африка елдері
Оқушылар аталған тақырыпшалар бойынша постер қорғайды
Ал, енді осы тақырыптан алған білімдеріңді байқау үшін, мынандай тапсырмалар беріледі.

III.«Кім картаны жақсы біледі?» ойыны. (20 - минут)
1. Шаруашылығы дамыған мемлекеттерін картадан көрсету.
2. «Әлемнің жеті кереметіне» кіретін нысандарды белгілеу.
3. Солтүстік Африка елдерін катадан көрсету.

Сканворд шешу
1. Мадагаскар аралын мекендейтін халықтар?
2. Нидерландыдан көшіп барғандардың ұрпағы?
3. Африка материгінің нәсілі?
4. Аласа бойлы тайпа?
5. Африканың байырғы халқын саны жағынан басым қай нәсіл құрайды?
6. Жерорта теңізі жағалауында тұратындар?
МАЛАГАСИЙ
АФРИКАНЕР
НЕГР
ПИГМЕЙ
ЭКВАТОРЛЫҚ
ФРАЦУЗДАР

Топтастыру стратегиясы 3 - топқа
1 - топқа
Африканың кедей елдері

Мали, Нигер, Эфиопия, Чад, Ботсвана, Сомали, Ботсвана.
2 - топқа.
Дамыған елдері

ОАР, Алжир, Египет, Марокко, Тунис, Либия.
3 - топқа
Портты қалалар

Касаблапнка, Тунис, Рабат, Алжир, Триполи, Александрия

Жаңа тақырыпты бекітіп, қорытындылау үшін «Ия, жоқ» ойыны ойналады.
Сұрақтар.
1. Африканың халқының саны 1 млрд. 30 млн? (Ия)
2. Африка материгінің нәсілдері ақ түсті? (Жоқ)
3. Африкадағы аласа бойлы тайпалап хими және тутси? (Жоқ)
4. Африкадағы 1000 - ға жуық тілдер бар? (Жоқ)
5. Сахараның ежелден келе жатқан тұрғындары Берберлер мен Бәдәуилер? (Ия)
6. Мысырдың астанасы Каир? (Ия)
7. Экономикасы өте төмен мемлекеттер Алжир, ОАР, Египет? (Жоқ)
8. Жергілікті халықтың өте қатты бағалайтын ағаш түрі құрма? (Ия)

V. Бағалау (3 - минут)
V. Үйге тапсырма: Халқы және елдері. Солтүстік Африка елдері Реферат жазу. (2 - минут)

Астана қаласы,
№ 54 мектеп - лицейінің география пәнінің мұғалімі:
Абилов Айдын Байжанович

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 635
2
8 дауыс
Оқи отырыңыз
Батыс Сібір жазығы
Батыс Сібір жазығы
Батыс Сібір жазығының географиялық орны, жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері туралы танымын қалыптастыру.
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Бейнелеу өнері 5 түрге бөлінеді. Олар графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері. Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын бір түсті сурет. Живопись - қағаз, картон, кенеп бетіне әр түрлі
Арыстан мен тышқан. С. Торайғыров
Арыстан мен тышқан. С. Торайғыров
Арыстан (лат. Panthera leo) — мысық тұқымдасына жататын ең ірі жыртқыш жануар. Орталық Африка мен оңтүстік - батыс Азияның саванна, шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерінде де кездеседі.
Батудың (Батый) орыс жеріне жорығы
Батудың (Батый) орыс жеріне жорығы
Алтын Орда туралы білімдерін толықтыра отырып, Батыйдың орыс жеріне жорығына толығырақ тоқталу, Орыс жерінің не себептермен монғол - татар әскерлерінен жеңілгендіктерін ашып түсіндіру.
XVIII ғасырдағы Солтүстік Америка
XVIII ғасырдағы Солтүстік Америка
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп - гимназия Тарих пәні мұғалімі Абуева Гүлжамал Серікбайқызы
Пікірлер (2)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Гульзат
Гульзат Қонақ 4 мам 2016 20:09
0
Такырып оте жаксы камтылган.
Қаракөз
Қаракөз Қолданушы 4 мам 2016 21:56
0
қызықты тақырып екен, сабақты өткізу тәсіліде оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын оятады.