Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Батудың (Батый) орыс жеріне жорығы

19 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Тарих
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Майқайың кенті, №1 Майқайың
жалпы орта білім беру мектебінің
тарихпәнінің мұғалімі Шокина Баян Рахымжановна

Қатысатын категория: тарих

Сабақтың тақырыбы: Батудың (Батый) орыс жеріне жорығы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға Алтын Орда туралы білімдерін толықтыра отырып, Батыйдың орыс жеріне жорығына толығырақ тоқталу, Орыс жерінің не себептермен монғол - татар әскерлерінен жеңілгендіктерін ашып түсіндіру.
Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, өз Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды түсіндіру.
Түрі: Ойын
Әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, картамен жұмыс, тапсырмалар
Көрнекілігі: Карта, тірек - сызбалар, семантикалық карта,

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі 2 минут.
Амандасу, Түгендеу,
1. Сабаққа дайындық.
3 топқа бөлу:
І топ «Алтын Орда»
ІІ топ «Ақ Орда»
ІІІ топ «Көк Орда»

II. Өткен материалды еске түсіру. 15 минут.
І «Алтын Орда» тобына

Жұмбақ шеш «Кім туралы айтылған?»
1. Оның атын татар батырының атымен атаған. Ол білімсіз, бірақ ұлы империя құрды. Орақ тілді, батырлығымен және ұстамдығымен көзге түскен. (Тимучин)
2. Ол еліне беделді батыр болған. Ол қият руынан шыққаны белгілі. Ол татарлар қолынан қаза болды. (Есугей)
3. Ол Жалайыр тайпасынан шыққан ұлы қолбасшы. Шыңғысханның Қытайға жорығында ерен ерлігімен көзге түсті. (Мұқылай)
4. Ол Ақ Орданың негізін қалады. Жошы ханның үлкен ұлы. (Орда Ежен)
5. Ол ақ құл болған. Кейін Египеттің мәмлүктеріне сұлтан болды. (Сұлтан Бейбарыс)

ІІ «Ақ Орда» тобына
Терминдерді шеш:
1. Жоғарғы орган, ірі әскери мәселелер, саяси жағдайларды шешіліп отырды. Осында салтанатты түрде ханды таққа отырғызу рәсімдері жасалады? (Құрылтай)
2. Мемлекет басшысы, әскери заң шығарады және әкімшілік билік жүргізді (Хан)
3. Шыңғыс ханның заңы: (Жаса)
4. Шыңғыс ханның ең кіші ұлы (Төле)
5. Салық жинаушыны: (Басқақтар)

ІІІ топ «Көк Орда»
«Хронологиялық сөзжұмбақ»
1211ж - (Жетісу өңіріне моңғолдар келіп кірді.)
1216ж - (Жошы бастаған қол керейлерді бағындыру үшін Торғай даласына дейін барды.)
1218ж - (Отырарға керуендерін жіберді)
1219ж - (Жетісу арқылы Отырар қаласына жақындады.)
1220ж -(Орта Азия қалаларын жаулап ала бастайды.)
1221ж - (Мерв, Хорасан қалаларын алып, Орта Азияның өзіне қаратты)
1225ж - (Шыңғысхан астанасы Қарақорымға келеді.)
1226ж - (Таңғұт патшалығына жорық жасады.)
1227ж - (Шыңғыс хан қайтыс болады)

III. Жаңа сабақ: 17 минут.
Жоспар.
1. Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
2. Батудың орыс жеріне жорығы
3. Бату Киевті алуы
І. Батый туралы не білеміз? (қызығушылықтарын ояту)
Батый туралы мәлімет
Батый, Бату хан, Саин хан (1207 - 1255 ж) моңғол ханы, Шыңғыс ханның немересі, Жошы ханның екінші баласы. Ол Батыс және Солтүстік елдерді жаулап алушы. Рашид - ад - Диннің айтуы бойынша Батый хан 48 жас өмір сүргеніне қарамастан, оның бір ғасырға жуық моңғол империясында аса беделді болғанын айтады. Батый өлгеннен кейін мұрагері ұлы Сартақ таққа отырған болатын. Бірақ ол аз уақыт билікте болып қайтыс болды. Орнына Батыйдың інісі Берке келеді.
ІІ. Алтын Орда мемлекеті туралы тірек - сызба арқылы түсіндіру.
Жошы ұлысы

Алтын Орда (1227 - 1502ж) → Батый → Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі аумақ
Ақ Орда → Орда Ежен → Сырдария алабынан Балқаш көліне дейінгі байтақ жерді алды
Көк Орда → Шайбани → Арал теңізінің солтүстік аймағы

Алтын Орда туралы сатылай талдау
Алтын Орда
Негізін қалаған ------ Батый хан
Орталығы ------------- Сарай - Бату (Астрахан қаласының маңында) 1243ж
Қандай мемлекет болып құрылды?-------- Феодалдық мемлекет
Түркі тілдес тайпалар құрамында ---------- қыпшақ, қаңлы, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ.
Алтын Орда мемлекетіне бағынышты аймақтарды басқарған ------- дарғы бектер, тамғаш басқақтар
Салық түрлері ------------------------------------- Қалан, қапшуыр
Қалан - егіншілерден алынатын салық
Қапшуыр - малшылардан алынатын салық

ІІІ. Батудың орыс жеріне жорығы
Жорық жасаған жылдар: 1236 - 1242 жылдар
Мақсаты: Жаңа жерлерді бағындыру
Сипаты: Басқыншылық

Картамен жұмыс (практикалық жұмыс)
Жаулап алған жерлер
1236ж --------- Бұлғар елін жаулап алды
1237ж -------------- Еділ мен Дон өзендерінің аралығындағы қыпшақтарды жаулап алды.
1237ж қысы ---------- Рязань қаласын бес күнде жаулап алды.
1238ж 4ақпан ------------- Владимир қаласын үш күнде жаулап алып, орыстың 14 қаласын бағындырды.(Ростав, Суздаль, Ярославль, Кострома, Углич, Тверь)
1240ж --------------------------------- Киев қаласын жаулап алады.
1240 - 1480ж -------------------------------- Орыс жеріне моңғол - татар үстемдігі орнайды.

Сергіту сәті

ІV. Тапсырмалар
І топқа:
Батый әскерлерінің жеңу себебі:
1. Қорған бұзғыш кондырғы - қарулары дамылсыз іргені соққылайды.
2. Дайындалған күшті әскер, қатаң тәртіп.
3. Соғыс жоспарын алдын ала құруы.
4. Әскер саны 30 - 40 тан 120 - 140 мың әскерлері

І І топқа:
Орыс әскерлерінің жеңілу себебі:
1. Әскер саны 30 мың ғана болды.
2. Басқарушысы күші әлсіз болды;
3. Феодалдық бытыраңқылық

ІІІ топқа:
Басқыншылық жорықтың зардаптары:
1. Ежелгі ескерткіштердің көбін жойып жіберді;
2. Қалаларды қиратты.
3. жазықсыз халықтар жапа шекті.

V. Сабақты қорытындылау.
Семантикалық карта
(1236ж ---- 1237ж ----- 1237ж қысы ---- 1238ж 4ақпан ----- 1240ж --- 1240 - 1480ж)
Бұлғар елін жаулап алды
Еділ мен Дон өзендерінің аралығындағы қыпшақтарды жаулап алды.
Рязань қаласын бес күнде жаулап алды.
Владимир қаласын үш күнде жаулап алып, орыстың 14 қаласын бағындырды.(Ростав, Суздаль, Ярославль, Кострома, Углич, Тверь)
Киев қаласын жаулап алады.
Орыс жеріне моңғол - татар үстемдігі орнайды.

Жеке жұмыс тест
VІ. Үй тапсырмасын беру.
§ 37 оқу.
VIІ. Бағалау: Оқушыларды мадақтап бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
2 627
0
6 дауыс
Оқи отырыңыз
Программалау еліне саяхат
Программалау еліне саяхат
REPEAT операторында қайталану шарты цикл соңында тексеріледі және цикл тұлғасы шарт жалған болғанша қайталанады. Ал WHILE - да керісінше. REPEAT - UNTIL қызметші сөздер арасында бірнеше оператор болса да bеgin - end операторлық жақшаны қолданбаса да
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсан ауылы, Баянауыл аудандық білім бөлімінің Ақсан жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Информатика пәнінің мұғалімі Абылкасова Балкен Көкенқызы
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен. Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар,
Биосфера тақырыбын қорытындылау
Биосфера тақырыбын қорытындылау
Түркістан қаласы Ә. Науаи атындағы №13 мектеп - гимназия география пәні мұғалім: Рахимова Н.
Антонимдер
Антонимдер
Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал - мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады. (дәптерлеріне антонимдерді теріп жазады) •
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.