Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қызықты жарыс (химия - биология пәндері бойынша 8 - сыныптар арасындағы сайыс)

26 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Химия
«Қызықты жарыс» (химия - биология пәндері бойынша 8 - сыныптар арасындағы сайыс)

Сабақтың мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Химия мен биология пәндері бойынша өткен тақырыптарды естеріне түсірулеріне көмектесу. Өз білімдерін басқа сыныптармен сайыста көрсете білулеріне үйрету.

Сабақтың жоспары: Сайыс 4 бөлімнен тұрады:
1. Сұрақ - жауап
2. Қызықты есептер әлемі
3. Болашақты бірге болжайық
4. Нақты сұрақтар

Алдымен «сұрақ - жауап» бөліміне келсек, әрбір топқа 10 сұрақтан қойылады (5 сұрақ биология пәні бойынша, қалған 5 сұрақ химия пәні бойынша)
Әрбір дұрыс жауап 10 баллдан есептеледі, сұрақтарға ия немесе жоқ деп жауап беріледі.

8 а сыныбына сұрақтар:
1. Атомдардың электрондар тарту қабілеті электртерістік деп аталады (ия)
2. Электртерістіктері бірдей атомдар арасында коваленттік полюссіз химиялық байланыс түзіледі (ия)
3. Натрий хлориді коваленттік полюссіз байланысы бар затқа жатады (жоқ)
4. Электрондарды қосып алатын атомдар тотықтырғыштар деп аталады (ия)
5. Оң зарядты иондар аниондар деп аталады (жоқ)
6. Ішкі құлақты сұйықтық толтырып тұрады (ия)
7. Қазіргі заманда адамдардың 3 түрі бар (жоқ)
8. Цитология тұқым қуалаушылықты зерттейді (жоқ)
9. Гуманизм латын тілінде адамгершілік деген ұғымды білдіреді (ия)
10. Көздің ішкі қабаты тамырлы қабықша деп аталады (жоқ)

8 б сыныбына сұрақтар:
1. Электртерістіктері үлкен заттарға металдар жатады (жоқ)
2. Оң және теріс зарядтаған атомдар иондар деп аталады (ия)
3. Молекулалық кристалл торлы заттарға коваленттік полюсті және коваленттік полюссіз байланыстары бар заттар жатады (ия)
4. Тотығу дәрежесі осы элементтің атомынан басқа элемент атомына шартты түрде ығысқан электрон санымен анықталады (ия)
5. Жай заттардың тоытғу дәрежелері үнемі 1 - ге тең (жоқ)
6. Мишық пен ми көпірі артқы миға жатады (ия)
7. Сколиоз буын ауруы (жоқ)
8. Мидың жұмысын анықтауда электроэнцефалография әдісі қолданылады (ия)
9. Жүрек қабы миокард деп аталады (жоқ)
10. Эмбрион «грекше»- жасуша деген мағына береді (жоқ)

8 в сыныбына сұрақтар:
1. Химиялық байланыстардың коваленттік және иондық типтері болады (ия)
2. Сутек молекуласының арасында коваленттік полюсті байланыс бар (жоқ)
3. Қарама - қарсы зарядталған иондар арасындағы байланыс сутектік байланыс деп аталады (жоқ)
4. Иондық кристалл тор түйіндерінде атомдар орналасқан (жоқ)
5. Электрондар беру процесі тотықсыздану деп аталады (жоқ)
6. Офтальмолог латынша «көз» деген мағынаны береді (ия)
7. Лимфаның құрамында 95 % су болады (ия)
8. Терінің бірінші қабаты дерма деп аталады (жоқ)
9. Бауырдың өті ұлтабарға құйылады (ия)
10. Нефрон - бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі (ия)

Ұпай сандары саналғанша атақты химик және биолог ғалымдар туралы ақпараттар ести отырайық:

Кекуле Фридрих Август (1829 - 1896) Неміс химигі. Кольбемен қатар көміртектің төрт валентті екенін болжады (1857 жылы). Көміртек атомдарының n санымен байланысқан сутек атомдарының саны 2n+2 - ге тең болатындығын алғаш дәлелдеді. Бензол молекуласының циклді пішінін ұсынып (1865 жылы), Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясын ароматты қосылыстарға пайдаланды. Ароматты қосылыстар теориясын жасады. Карлсруэде өткен химиктердің I Халықаралық конгресін ұйымдастырушылардың бірі.

Иван Петрович Павлов физиологияның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Адам мен жануарлардың жоғары жүйке жүйесінің қызметін, қанайналымының реттелуін зерттеген. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылуын тездететін, екіншісі - бәсеңдететін, үшіншісі - жиырылу күшін өзгертетін арнайы жүйкелердің болатынын дәлелдеді. Асқорыту физиологиясын зерттеп, шартты рефлексті ашқаны үшін 1904 жылы Нобель сыйлығы берілген.
Ғалымдардың анатомия мен физиология саласындағы зерттеулері ғыльімның дамуына және медицинамен байланысына зор әсер етті.

Енді келесі «Қызықты есептер әлемі» бөліміне өтсек, 1 - бөлімнен көп ұпай жинаған топ есепті таңдайды. Әрбір ұпай санының астында есептер жасырылған. Есепті таңдаған топ сол есепті шығара алса, ұпай саны қосылады, шығара алмаса басқа топтардың сол есепті шығарып ұпай санын алуларына мүмкіндіктері бар.

Химия:
10 - ұпай: Массасы 37 г кальций гидроксиді қанша грамм фосфор қышқылымен әрекеттеседі?
20 - ұпай: Массасы 4, 6 г натрий 180 г сумен әрекеттескенде түзілген сілтінің массасы қандай?
30 - ұпай: Натрий гидроксидінің массалық үлесі 20%, көлемі 50 мл (ρ=1, 021 г/см3) ерітіндісімен әрекеттесетін мыс хлоридінің массасы қандай?
Биология:
10 - ұпай: Адамның 1 кг массасына тәулігіне 40 г су қажет. 50 кг салмақтағы адамға тәулігіне қанша су қажет?
20 - ұпай: Адамның жүрегі минутына 72 рет соқса, бір рет тыныс алғанда жүрек неше рет соғады?
30 - ұпай: Егер 1 оқушы минутына 16 рет тыныс алса, 45 минуттық сабақта 35 оқушы қанша м3 ауаны жұтады?

Топтағы оқушылар есепті шығарып жатқанда отырған оқушыларға «Сіз білесіз бе?» айдары бойынша жасалған қызықты жаңалықтар көрсетіледі.

Келесі бөлім «Болашақты бірге болжайық» деп аталады. Мұнда әрбір топ Егер мен химик болсам...
Егер мен биолог болсам...
деген ойлар бойынша өзара ақылдасып, тереңірек ойлармен қамтылған жауаптар беруге тырысулары керек. Ең жақсы жауап берген топқа - 30 балл, орташа - 20 балл, аз жауап берген топқа - 10 балл беріледі.

Оқушылар ойланып жауаптарын бергенше тағы да атақты ғалымдар туралы ақпараттар ести отырайық.

Химияның атасы, ғұлама Дмитрий Менделеев бос уақытында чемодан жасаумен айналысқан. Және көптген танымал адамдар оған тапсырыс берген екен. Көршілері Менделеевті атақты химик ретінде емес, қолөнер шебері ретінде таныған.

Уильям Гарвей - ағылшын дәрігері, анатом. Қанайналымның тұйык екенін алғаш рет дұрыс түсіндірген. Үлкен қанайналым шеңберінің болатынын ашқан ғалым. Ол физиология ғылымының негізін салушы ғалым.
Жауаптар тыңдалған соң соңғы бөлімге ауысамыз. Соңғы бөлім «Нақты сұрақтар» деп аталады. Мұнда оқушыларға 4 сұрақ (2 сұрақ химия пәні бойынша, 2 сұрақ биология пәні бойынша) беріледі. Әрбір нақты жауап 10 ұпаймен есептеледі.

8 а сыныбына сұрақтар:
1. Тұздар дегеніміз қандай заттар және оларды қандай түрлерге бөлеміз? (Тұздар дегеніміз - құрамында металл катионы және қышқыл қалдығы анионы болатын заттар. Түрлері: орта, қышқыл және негіздік тұздар)
2. Екідайлы оксидтерге мысалдар келтір, олардың басқа оксидтерден айырмашылығы неде? (ZnО, Аl2О3 - басқа оксидтерден айырмашылығы қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесуге түседі)
3. Ұрықтану дегеніміз не? (Сперматозоидтар мен жұмыртқа жасушасының қосылуы)
4. Зат алмасу дегеніміз не? (Ағза мен сыртқы орта арасында жүретін барлық химиялық реакциялар жиынтығы)

8 б сыныбына сұрақтар:
1. Негіздер дегеніміз не, олардың қандай түрлері болады? (Негіздер дегеніміз - металл катионынан және гидроксотоптан тұратын күрделі заттар. Түрлері: еритін және ерімейтін)
2. Қышқыл тұздарға мысалдар келтір, басқа тұздардан айырмашылығын қандай? (NаНСО3, КНSО4 - басқа тұздардан айырмашылығы құрамында металл катионымен бірге сутек катионы да болады)
3. Асқорыту дегеніміз не? (Тағам құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап, қан мен лимфаға өтуі)
4. Мүше дегеніміз не? (Белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі)

8 в сыныбына сұрақтар:
1. Қышқылдар дегеніміз не, қандай түрлері болады? (Қышқылдар дегеніміз - құрамында сутек катионы және қышқыл қалдығы анионы бар күрделі заттар. Түрлері: оттекті және оттексіз, бірнегізді, екінегізді және үшнегізді)
2. Негіздік оксидтерге мысалдар келтір, анықтамасы қандай? (Nа2О, СаО, ВаО т. б., сумен әрекеттескенде негіз түзетін болғандықтан негіздік оксидтер деп аталады)
3. Фагоцитоз дегеніміз не? (Жасушалардың микробтарды және бөгде бөлшектерді сіңіріп қорытуы)
4. Тынысалу дегеніміз не? (Мүшелер мен қоршаған ортаның газ алмасуы)

Ұпай сандары саналып, орындар анықталғанша тағы да ғалымдар туралы біле отырсақ:
Нобель сыйлығын құрушы Альфред Нобель инженер - химик, өнертапқыш және ірі өнеркәсіп иесі болған. Нобель өз еңбегінің көбін жарылғыш заттарға бөлген. Ол капсюль - детонатор, динамит, түтінсіз дәрі секілді өнертабыстардың авторы.

Иван Михайлович Сеченовты физиологияның атасы деп санайды. Қанда еріген газды алғаш рет зерттеген ғалым. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу үдерісін ашқан. 1863 жылы «Ми рефлекстері» еңбегін жарыққа шығарды.

Ұпай сандары бойынша жеңген топтар анықталып, сайысқа қатысқан барлық топтарға сыйлықтар беріледі.

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы,
Ақсуат ауылы, К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің
химия пәні мұғалімі Аубакирова Ардак Машановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 439
0
63 дауыс
Оқи отырыңыз
Тірек - қимыл жүйесі
Тірек - қимыл жүйесі
Тірек - қимыл жүйесі туралы алған білімдерін дамыту, толықтыру, жинақтау. Оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс жасау біліктерін, есте сақтау қабілеті мен ой - өрісін дамыту;
Тапқырлар тартысы
Тапқырлар тартысы
Оңтүстік Қазақстан обылысы, Мақтарал ауданы, Атакент кенті, "Мақтарал" мектеп - гимназиясының математика пәні мұғалімі Хожаева Жазира Орынбековна
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс
Ойын ережесі Ойынды бастамас бұрын банктен 25 пайыздық жылдық үстемемен 2000 теңгеден несие аласыңдар. Жыл соңында, яғни сабақ аяқталарда банкке несиелеріңізді үстемесімен қайтаруларың керек.
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Атырау қаласындағы химия - биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.