Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Абайдың табиғат лирикасы

17 сәуір 2016, Жексенбі
Абайтану 5 - сынып
Абайдың табиғат лирикасы
Сабақтың мақсаты: Ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты оқушылар білетін мәліметтерді тексере отырып, Абай әлемінің тереңіне үңілу, өлеңдерінің көркемдік ерекшелігіне назар аударта отырып өмірмен байланыстыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Абайдың табиғат жайында жазған өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігі туралы білімдерін кеңейту.
2. Оқушыларды табиғаттағы тіршілік иелерінің әсемдік сипаттарын тануға, оларды қорғауға тәрбиелеу.
3. Оқушылардың тіл байлығын, ой өрісін дамыту, өз ойын айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Шоғырланған сабақ
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Қ. Бітібаеваның технологиясы баяндау, суреттеу,«Тұжырым кестесімен» жұмыс.
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, ақын шығармалары, ақынның өлеңдер жинағы«Тұжырым кестесі», «Бағалау парағы» «Табиғат әлемі» тақтасы

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызу.

II. Үй тапсырмасы (Әр топқа берілген тапсырма бойынша)
1. «Қыс» тобы – «Жатқа айту» ойыны (Мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады)
Ойынның шарты: Төрт топтан 4 оқушы шығады. Бастаушы өлең атын белгілейді де жатқа айта бастайды. Қолындағы жапырақты келесі оқушыға ұсынады. Ол оқушы жалғастырып әкетуі керек.
2. «Жазғытұры»- Табиғат туралы Абайдың «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдерінің тарихы туралы мәлімет жинақтау.(Іздену, зерттеу жұмысына баулу)
3. «Жаз» тобы: Абай суреттеген табиғат бейнесінің суретін салу. (Салған суреттерін «Табиғат әлемі» тақтасына іледі.(Шығармашылық жұмыс)
4. «Күз» тобы: «Алтын қақпа» ойыны (Сөздік қорларын молайту)

Ойынның шарты: Бастаушы 1 сөз жасырады. Тапқан оқушы ойынға қатысады. Ойын барысында «Тас қақпа», «Күміс қақпа», «Алтын қақпа» сұрақтары қойылады. Қатысушы «Тас қақпаның» сұрағына жауап беріп ары қарай ойынға қатыспаймын десе, өз еркі. Онда басқа ойыншы сайланады. Ойынға қатысушы барлық сұраққа жауап берсе, арнайы сыйлықпен марапатталады.
(қолданылатын сөздер: қансонар - жаңа жауған қар; сегіз найза - бүркіттің тырнақтары; ұшпадай - бұлт (жеке шоқ бұлт); бура - түйе; нәфрәтлі - жиркенішті; ғибрәтлі - үлгілі; аят - Құранның жеке толғауы, шумағы; Хадис - Мұхаммед пайғамбарымыздың өсиеттері. Онда мұсылмандардың не істеп, не істемеуі туралы айтылған; масатыдай - гүл - гүл жайнау, қуану, құлпыру; анталаса - тұс - тұстан таласа - тармаса ұмтылу; мамырлап - жаймен, кербез қозғалу, жүру; қанжыға - ердің екі қапталының артқы қасынан кейінгі жағының орта тұсынан тесіп өткізілген таспа, қоржынды, басқа да бөктерген жүкті байлауға арналған; шапқат - шапағат, қайырым, мейірім, рақымдылық; бәйітмысал - ораза кезінде оқылатын діни, жарапазан сарындас жыр, өлең; малма - тері илеуге арналған ашытқы; иін - киімге, бұйымға жарату үшін теріге жағатын ашыған айран; ақ шомшы - астық артқан түйелер тізбегі; күзеу - жайлаудан қайтқан малды ауылдың күзгі қонысы;)
Осы сөздері бар өлең жолдары тақтада көрініп тұрады.

III. Сынып жұмысы.
Қолдану: а) Болмасаң да ұқсап бақ (ән, сурет) (Әр топ оқушылары өздеріне ұнаған тапсырманы орындайды, біреуі - сурет салуы мүмкін, топпен немесе екі оқушы бірігіп ән салуына болады) (Шығармашылық қабілеттерін дамыту)

ә) «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен...»(Өлең құрастыру) (Әр топқа тақырып ұсынылады, мысалы І топ «Қыс» өлеңінің алғашқы екі жолын алады да 3, 4 - жолды өзі ұйқастырады. Сол сияқты ІІ топ «Жаз» өлеңі бойынша, ІІІ топ «Күз» өлеңі бойынша, ІҮ топ «Жазғытұрым» өлеңі бойынша (Шығармашылық жұмыс)

Саралау: 1) Өлең құрылысына талдау (Тұжырым кестесін толтырады) (Өздік жұмыс) Тұжырым кестесі
Абайдың табиғат лирикасы -------- эпитет -------- теңеу ---------- кейіптеу
Қыс
Жазғытұры
Жаз
Күз

2 ) «Фото коллаж» құрастыру ( Дайындаған Фото - суреттерін «Табиғат әлемі» тақтасына іледі.)
ІҮ. Қорытынды:«Рефлексия» әдісі «Бүгінгі сабақтан алған әсерім» жапырақшаларға жазып ағашқа іледі.
Ү. Оқушыларды бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: «Табиғат - сенің өз үйің» эссе жазу.

«Семей қаласының №37 гимназиясы»КММ
қазақ тіл мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Нұрғамысова Шолпан Махмұтқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 621
2
14 дауыс
Оқи отырыңыз
Астанаға ақ бата. Дихан Әбілов
Астанаға ақ бата. Дихан Әбілов
Халқымыздың асыл сөзі – бата туралы білетіндерін дамыту. Бата сөздерінің мағынасын, идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Бата сөздерді жинақтауға, асыл сөздерді түсінуге, мәнерлі айтуға жаттығу.
Қасым Аманжолов өмірі мен қызметі. «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов өмірі мен қызметі. «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру, ақын тілінің ерекшелігін танытып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.
Көл киесі-аққулар
Көл киесі-аққулар
1. Көлсай - тектоникалық көл. 2. Географиялық орны – Алматы облысы, Тянь - Шань тауының солтүстігі. 3. Көлемі - 161 045 га. 4. Тереңдігі - 80 метр.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Караулова Гулбарам Нурсултановна
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Атырау қаласындағы химия - биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна
Пікірлер (2)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Кырмызы
Кырмызы Қонақ 9 мам 2016 23:44
0
Сабактын такырыбы оте утымды тандалган. Абайдын табигатка коп конил болгендигин ангаруга болады. Ар мезгилге сипат беру аркылы табигаттын ар мезгил сайын кубылып, озгерип отыратындыгын жане ар мезгилдин озинше турли туске ие екендигин баяндайды. Осы сабак аркылы мугалим балалардын бойына табигатка деген суйиспеншилигин оятып, оны коргап, аялауга тарбиелейди. Сабакта ойын аркылы окушыларга ар создин магынасын теренинен тусиндирген. Жана технологияны колдана отырып откизген. Ар болими озара байланыскан. Сабактын максаты орындалды деп ойлаймын.
Мейрамгуль
Мейрамгуль Қонақ 11 мам 2016 22:46
0
Сабақ жоғары деңгейде даярланғанына еш шүбәм жоқ керемет