Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Астанаға ақ бата. Дихан Әбілов

06 сәуір 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Астанаға ақ бата. Дихан Әбілов
Сабақтың мақсаты: Халқымыздың асыл сөзі – бата туралы білетіндерін дамыту. Бата сөздерінің мағынасын, идеясын ашуға мүмкіндік жасау.
Бата сөздерді жинақтауға, асыл сөздерді түсінуге, мәнерлі айтуға жаттығу. Бата сөз - ата - баба сөзі мирас, мұра болып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасын табатынына сенімдерін арттыру. Бата арқылы жақсы сөз, тілек айтуға үйрету. Қазақстан Республикасын сүюге, Отанының патриоты бола білуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Топпен жұмыс жасау, сыни ойлау
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Түсті қағаздар, маркерлер, стикерлер, қосымша дерек көздері, А - 3, аудио жазба, суреттер

Сабақтың барысы: Психологиялық тренинг
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба сабаққа?
Әдебиет – сөз өнері,
Сай келейік талапқа
Бар ма үйден дайындық,
Тапсырамыз дұрыс па?
Оқымасақ, уайым қып,
Тығылмайық қуысқа.
Ойымызды айтайық
Білімімізді байқайық

Үй тапсырмасын пысықтау
«Рас па?» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын пысықтау.
1. Бірінші байлық денсаулық рас па? ия
2. Ақша байлық рас па? жоқ
3. Бесінші байлық ақ жаулық рас па? ия
4. Жеті атаның бала екені рас па?
5. Екі саны киелі сан рас па? жоқ
6. «Жеті ата» Әсия Біржанқызының өлеңі екені рас па? ия
7. 7 саны киелі сан екені рас па? Ия

Қызығушылығын ояту «Адасқан әріптер» орнына қою
Экранға назар аудару
Дәулет берсең, қайырлы қып бер,
Қыз берсең, қылықты қып бер.
Ат берсең, жүрісті қып бер,
Бала берсең, ырысты қып бер.

2. Екі досты айырған
Түбінде өзі оңбайды
Көреген болса балаңыз
Қиынды көзбен болжайды.
Өзіңнен туған ұл мен қыз
Сыйламаса – сол қайғы.

- Қайсысы бата
- Неліктен олай ойладың?
- Бата дегеніміз не?

Мағынаны тану
Дихан Әбілев 1907 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Жеті жылдық бастауыш мектепті бітірген. 1934 - 1937 жылдары Семей ауылшаруашылық техникумын, Алматыдағы журналистер институтын бітірген. Жас кезінен әр нәрсеге зерек болып, өз бетімен хат тануға талпынған.

Жаңа сабақ тақырыбы: Астанаға ақ бата
Таңғажайып дарқан да алып жеріміздің нақ ортасы – кіндігі сенсің, Астана!
Тәңірден тыныштық сұраған, өмірден ырыс - құт сұраған еліміздің баспанасы – түндігі сенсің, Астана!
Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің сыңғыры да сенсің, Астана!
Тұтас еліңді қуантқан, алыстан мейман шұбатқан – тұсаукесер тойыңда айтылмас тілек болар ма, батагөй шалдың ниеті жүрекке барып қонар ма?
О, Астана – ақ қала, жаңа қала, жас қала! Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің сыңғыры да сенсің, Астана!
Тұтас еліңді қуантқан, алыстан мейман шұбатқан – тұсаукесер тойыңда айтылмас тілек болар ма, батагөй шалдың ниеті жүрекке барып қонар ма?
О, Астана – ақ қала, жаңа қала, жас қала!
Өріп шықсын өзіңнен бақыт, байлық, бастама!
Көрген өмір азабын алақандай қазағың еркіндесін, ел болсын, беттен қақпа, жасқама!
Еңсең өссін күн санап, елің өссін жыл санап.
Шығармасын есіңді, қайтармасын сесіңді Уақыт деген құмсағат.
Алла жар боп алдыңнан Аппақ күнің лауласын, дос - туысың көп болып, жақындассын жауласың!
О, Астана, айналдық! Біздің соққан жүрек – сен. Қадамыңа нұр жаусын ақ батадан, тілектен! Әумин!

Мәтінмен жұмыс
- Ақынның қандай сезімдері байқалады?
- «жақындассын жауласың!» деген сөзді қалай түсінесің?
- Батаның қандай ерекшелігі, айырмашылығы бар?

Сергіту сәті: Ән «Астана – арман қала»
Ой толғаныс:
І топқа Астанаға бата – тілек жазу
- Астана – арман қала, әлемге таныла бер. Әлемге атың шығып, көркейе, гүлдене бер
ІІ топқа Астана туралы өлең құру
Астана арман қала
Көк жасыл орман қала

ІІІ топқа Астананың бір бейнесін салып түсіндіру.
IV топқа Бата сөзін топтастыру

Үй тапсырмасы: Үйге үлкен кісілерден білетін баталарын сұрап, жазып келу. «Бата сөзді» жаттау
Қорытындылау
Бағалау

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши ауылы,
Қ. Жазықов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі:
Мұстафа Назгүл Қабижанқызы
5 640
0
52 дауыс
Оқи отырыңыз
М. Дулатов Наурызкөже
М. Дулатов Наурызкөже
Наурыз айы - жаңалық бастауы екені, наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Оқушыларды топ ішінде бірлесіп әрекет етуге, бірін - бірі тыңдауға, шығармашылық тұрғыда қарым - қатынас жасауға үйрету
Жалғау
Жалғау
Қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатынын байқату. Сол арқылы жалғау туралы түсінік беру. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге үйрету. Оқушыларға жұрнақ пен жалғаудың түбір сөзге жалғану заңдылықтарын аңғартып, жалғаудың қызметі туралы білімдерін
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні
Наурыз мейрамы туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Әңгіменің идеясын таниды, жазушы Төлен Әбдіковтің өмірі, шығармалары жайлы түсінік, «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен таныса отырып, ата - ана мен бала қарым - қатынасы жайлы мағлұмат алады.
Зат есім
Зат есім
Балалар, бүгін МОРФОЛОГИЯ патшалығына ЗАТ ЕСІМ еліне барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай айтылып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жөн сілтеп, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылшы хан болыпты.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.