Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Мекен үстеуі

27 сәуір 2016, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Мекен үстеуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға мекен үстеуі, оның сұрақтары, етістікпен тіркесіп келетіндігі жөнінде түсінік беру, үстеу түрлерін ажыратып, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Жаңа сабақты ұғындыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойын еркін жеткізе білуін, үстеуге байланысты
тапсырмаларды өздігінен орындай алуға үйрету, өз ойын еркін жеткізе білу әрекеттерін қалыптастыру шығармашылық қабілетін шыңдау.
Тәрбиелілігі: Өлкедегі тарихи орындарға саяхат жасау арқылы туған жерге деген
сүйіспеншілігін арттыру, ұжымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, бірлікке, ұлтжандылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, талдау, ізденіс, салыстыру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка, география
Көрнекілігі: Қаракөл - Сарайшық маршрут картасы, Сарайшық туралы деректер жинақталған буклет, суреттер топтамасы, топтастыру, үлестірмелі парақша, слайд материалдары, бенетаспа.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу
Сабаққа дайындығын тексеру
• Балалар, сіздерге сүйінші хабарым бар?
• Қуанышты хабарды естуге асығып тұрмыз.
• Онда уақыт созбай айтайын. Біз «тарихқа тағзым» атты маршрут ұйымдастырып, өлкеміздегі тарихи орындарға саяхат жасаймыз деп едік қой. Олай болса, бүгін Сарайшыққа баруға шақырту алдым.
• Қашан?
• Бүгін сағат 1000 - де.
• Бір шартым бар: егер үй тапсырмасына толық дайындалған болсаңдар ғана барасыңдар!

ІІ. Үйге берілген тапсырма
Қайталау - оқу анасы.
1. Үстеу дегеніміз не?
2. Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
3. Мезгіл үстеудің ережесін кім айтады?
4. Мезгіл үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?

• 276 - жаттығу. Шарты: Мезгіл үстеулерін тауып, сұрақ қою арқылы қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.
• - Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келген екенсіңдер. Уәдем бойынша саяхатқа шығу үшін жолға дайындалайық.
• - Бірақ, балалар, біз сыныпта көппіз, сондықтан да екі көлікке мінуге тура келіп тұр. Ол үшін екі топқа бөлінейік.

1. «Қаракөл» тобы
2. «Сарайшық» тобы
• - Көлікке жайғасып отырып алсақ, жол қысқарту үшін өлең айтайық.

Ән: «Біз Отанның ұланымыз» (хормен орындалады)

ІІІ. Жаңа сабақ
• Міне, ауылдан да шықтық. Қайда барамыз?
• Сарайшыққа.
• Қайдан шықтық?
• Ауылдан.
• Олай болса өздеріңіз айтып отырғандай қайда? қайдан? қалай қарай? деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің екінші түрін өтеміз. Сынып жұмыс дәптері - мізді ашып, бүгінгі күннің жадын, тақырыпты жазып қояйық.

Мекен үстеуі
• Іс - әрекет, қимылдың болу орнын, мекенін, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? қалай қарай? деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің түрін мекен үстеу дейміз.

• Мекен үстеу құрамы жағынан негізгі түбір, туынды түбір, күрделі түбір болады.

• Мекен үстеулері негізінен етістікпен тіркеседі. Ілгері, кейін, әрі, бері, әрмен, мұнда, осында, жоғары, төмен, сонда, жолшыбай, тысқары, алға, алда, артта, жол - жөнекей, тұс - тұстан, алды - арты, арттан.
• Мысалы: Алыстан мұнартып тау көрінеді. (қайдан? - алыстан көрінеді)
Таудың етегінде ағаштар өсіп тұр. (қайда? – етегінде өсіп тұр)
Көлдің ағысы ілгері қарай ағып жатыр (қалай қарай?– ілгері қарай ағып жатыр)

- Балалар, қараңдаршы Индердің тауы көрінетін сияқты, олай болса аяқ суытып алайық: кітаптың тапсырмасын орындайық.

Кітаппен жұмыс:
278 - жаттығу. Шарты: Мекен үстеулерін тауып, сұрақ қою арқылы қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсету.
Қайда шағылысады? - алыста шағылысады, қайда тұр? - қақ ортасында тұр, қайда тұр? - төмен жағында тұр.

- Балалар, қараңдаршы Махамбетке де келіп жеттік. Енді жол қысқарту үшін Сарайшық туралы білетін деректерді әңгімелейік.
-
• Шығармашылық жұмыс: (Сарайшық туралы оқушылар шығармашылығы)
- Балалар, міне асыға келе жатқан Сарайшыққа да жеттік. Асықпай түсейік.
Сарайшық мұражай қорығының меңгерушісі:
- Сарайшық мұражай - қорығына қош келдіңіздер! Мұражайдың ішін аралап, танысайық. Бұл мұражай 1999 жылы Иманғали Тасмағанбетовтың ұйымдас - тыруымен тұрғызылған мешіт, хандар пантеоны (зират), мұражай ғимараты.
- Мұражай залына Сарайшық қаласынан табылған қазба байлықтар, қолөнер туындылары қойылған.

• Сиқырлы қоржын тапсырмалары:
1. Мәтінмен жұмыс: «Секер көл» (аңыз әңгіме айтылып, мәтін ішінен мекен
үстеуді тақтаға жазу)

2. Мұражайдың ең көне жәдігері (1909ж) алып құмыраның тапсырмасы.
Диалогпен жұмыс: Кітапханада, дүкенде, мектепте, ас үйде, ойын алаңында.
(әдебиет тапсырмасы бойынша диалог көрсету)
3. Жеті ханға қойылған ескерткіш - белгінің тапсырмасы
Саяхаттан алған әсерлерің... (мекен үстеуін қатыстырып өз пікірін білдіру)

4. Жеке оқушымен жұмыс. Көп нүктенің орнына мекен үстеуін қойып жаз.
Жоғары – төмен, артта, осында, жол - жөнекей

1. Өмірдің бар кереметтерін ………………………………кездестіруге болады екен.
2. …………………………отырған Ақтілеу мұғалімнің кіргенін аңғармай қалды.
3. Жолаушыларға……………………………… көлік те кездеспеді.
4. Жұмбақ шешу
Жасыл желек көгалда,
Бірде артқа,
Бірде алға,
Желаяқ көп бала,
Таласып жүр бір шарға. (футболшылар)

Сабақты бекіту:
Жолдама қағаздар (екі топ бір - біріне бекіту сұрақтарын қояды)
1. Үстеу түрлерін ата?
2. Біз бүгін үстеудің нешінші түрін өттік?
3. Мекен үстеуі дегеніміз не?
4. Мекен үстеуі құрамы жағынан нешеге бөлінеді?
5. Мекен үстеулер сөз табының қай түрімен тіркеседі?
6. Етістікпен тіркесетін мекен үстеулерін ата?

• Үйге:
1. Мекен үстеуі (ереже жаттау)
2. 279 - жаттығу (өзіндік жұмысқа)
3. 280 - жаттығу (сұрақ қою арқылы мекен үстеуін тіркесіп тұрған сөзімен жазу)
4. «Ауылым – алтын бесік» шағын әңгіме жазу.
• Бағалау.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Қаракөл орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ізімқұл Гүлнұр Шойынқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
47 228
1
14 дауыс
Оқи отырыңыз
М. Жұмабаев. Қазақ тілі
М. Жұмабаев. Қазақ тілі
Мағжан ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мәлімет бере отырып өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу, тіл тазалығы, тіл байлығы жайлы түсіндіру.
Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар
Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар
Балықтар, қосмекенділер мен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік беру. Тіршілік ету ортасы туралы мағлұмат беру. Жануарлардың атауларын ажырата білуге үйрету.
Қос сөздер
Қос сөздер
Қос сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; қос сөздердің екі түрлі сөздің өзара қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру; сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға үйрету.
Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөздің түрлерін түсіндіре отырып, еліктеуіш сөздер туралы тапсырмалар беру арқылы білімдерін кеңейту, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Антонимдер
Антонимдер
Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал - мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады. (дәптерлеріне антонимдерді теріп жазады) •
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Сенгербекова Жамига
Сенгербекова Жамига Қонақ 6 мам 2016 01:31
0
Сабақтың құрылымы ұнады