Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

15 сәуір 2017, Сенбі
Категориясы: География
Сабақ тақырыбы: §15. Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, мұхиттардың материкке тигізіп жатқан әсері, жағалауындағы ағып жатқан ағыстар, мұхит пайдалы қазбалары, тіршілік дүниесі, мұхиттардың ластану деңгейі туралы мағлұмат беру
Сабақ міндеті:
1. Білімдік: Оқушыларға Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, мұхиттардың материкке тигізіп жатқан әсері, жағалауындағы ағып жатқан ағыстар, мұхит пайдалы қазбалары, тіршілік дүниесі, мұхиттардың ластану деңгейі туралы мағлұмат беру

2. Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. Өзендердің суын қорғауға, сақтауға өз үлестерін қосуға дағдылау, бағыттау.
3. Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т. б. үйрету.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, топпен жұмыс, карточкамен жұмыс;
Құрал - жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, дүние жүзі физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта, карточкалар, интерактивті тақта;
Кездесетін терминдер:
Барысы:: І. Ұйымдастырушылық кезең
1. Сәлемдесу
2. Балаларды түгендеу.
3. Балалардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалім: алдыңғы сабақта не өтілгенін сұрайды.
1. Балалар. Ең әуелі Еуразия материгі туралы қысқаша айтып кетеді.

Мұғалім: «Дүние жүзілік мұхит деген не?» Сұрайды.
Балалар жауап береді.
Видео - фильм көрсетіледі.
Видео – фильм көрсетіліп жатқанда осы өлең жолдары оқылады.

«Еуразия» өлеңі
1. Қашаннан бесік болған адамзатқа,
Бұл материк аталған Еуразия.
Таңғажайып табиғаты таңдандырған,
Екі бөліктен тұрады:
Еуропа мен Азия.

2. Материк жағалауын шайып жатыр,
Төрт мұхит және оның теңіздері.
Әсер етіп жылы, суық ағыстары,
Құрлықтың климаты түрленеді.

3. Байлығы, берері көп мұхиттардың,
Қойнауы мұнай менен газға толған.
Осы алып материктің тұрғындары,
Балығын қорек етіп, кәсіп қылған.
Бұл материк Еуразия.

Еуразия материгі жағалауына саяхат жасайық: «Қандай мұхиттар Еуразия жағалауын шайып жатыр?»
2. Балалар жауап береді, тақтаға шығып, бір - бірден Еуразия материгі жағалауындағы мұхиттарды көрсетеді:
1. Тынық мұхиты
2. Атлант мұхиты
3. Солтүстік Мұзды мұхиты
4. Үнді мұхиты

Мұғалім: Теңіз дегеніміз не? Сұрайды.
3. Балалар жауап береді, тақтаға шығып, бір - бірден Еуразия материгі жағалауындағы
1. Тынық мұхиты
2. Атлант мұхиты
3. Солтүстік Мұзды мұхиты
4. Үнді мұхитының
теңіздерін көрсетеді.

Презентацияда мұхиттардың Еуразия материгіне тигізетін әсері туралы айтылады.
Тақырыпқа түсінгендігі - түсінбегендігін сұрайды:
- Балалар, жаңа сабаққа түсіндік пе?
Олай болса, қазір біз Еуразия материгінің жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерге саяхат жасаймыз.

ІІІ. Бекіту.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді.
1 - топ. «Атлант мұхиты»
2 - топ.«Үңді мұхиты»
3 - топ. «Солтүстік Мұзды мұхиты»
4 - топ. «Тынық мұхиты»

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы
Ғани Мұратбаев елді мекені, «№123 жалпы орта мектебі»
География пәні мұғалімі
Абдыхадыров Шоқан Жұмаханұлы
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категория: География пәні

Толық нұсқасын жүктеу
2 018
1
5 дауыс
Оқи отырыңыз
Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар
Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар
Балықтар, қосмекенділер мен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік беру. Тіршілік ету ортасы туралы мағлұмат беру. Жануарлардың атауларын ажырата білуге үйрету.
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Оқушыларды қазақтың педагог – ағартушысы Ы. Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, өзеннің адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру, мәнерлеп оқуға үйрету.
Батыс Сібір жазығы
Батыс Сібір жазығы
Батыс Сібір жазығының географиялық орны, жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері туралы танымын қалыптастыру.
Мұхит салған әуезді ән
Мұхит салған әуезді ән
Қолына домбыра ұстаған әр қазақ баласының көркемдік рухының көк жиегін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін ұштап оны жыраулық, термешілік, әншілік өнерге жетелеу.
Биосфера тақырыбын қорытындылау
Биосфера тақырыбын қорытындылау
Түркістан қаласы Ә. Науаи атындағы №13 мектеп - гимназия география пәні мұғалім: Рахимова Н.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Самат
Самат Қонақ 18 сәуір 2017 23:32
0
Туу бiр нарсенi кайталайберген..... маган сабак унаган жок