Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Кілт тасушы «Соль», «Ля» деп ән саламыз

13 сәуір 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
3 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Кілт тасушы - Соль»,«Ля» деп ән саламыз»
Көбелек. Әні: К. Қуатбаев
Ақ лақ. Әні: М. Әубәкіровтікі
Ақ мамам. Әні: Ә. Бейсеуов

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: музыка саласындағы білімін жетілдіру, бағыт беру, іздендіру.
Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу, музыканы қалыптастыру, пәнге деген көзқарасын дамыту.
Есте сақтау дағдысын қалыптастыру, пәнге деген көзқарасын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, азаматтық рухта, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Ноталардың орнын ажырата біледі.
2. Анықтамаларға сәйкес ноталарды орналастыра алады.
3. Оқушылардың музыкалық қабілеттері дамиды.
4. Оқушылар қызығушылықпен жұмыс жасайды.
Не арқылы бағаланады?
1. Оқушылардың сауатты сұрақ қоя білуі және жауап беруі (ассоцация, галереяға саяхат, сұрақ - жауап)
2. Музыкалық жазбаны дұрыс орындауы арқылы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, сабақ СТО технологиясы негізінде құрылды.
Сабақтың әдістері: топтастыру, сұрақ - жауап, аквариум.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, аспаптың электронды түрі, электронды оқулық.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру.
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, топқа бөлу.

II Қызығушылықты ояту.
(Оқулықпен жұмыс)
Жаңа сабаққа зейін аударту: Нота сызығының алдында ең алдымен қандай кілт тұрады? Ол неге соль кілті деп аталады?
Олай болса бүгінгі жаңа тақырыбымыздың аты «кілт сақтаушы – соль» және «ля - деп ән саламыз.»
«Соль» нотасы екінші сызықтың бойында орналасады. Скрипка кілтінің «соль» кілті аталуы себебі - скрипка кілті де өз бастауын екінші сызықтан бастайды. Ол да «Соль» нотасы сияқты екінші сызықтың бойында орналасады.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

«Ля» нотасы екінші сызық пен үшінші сызықтың арасында орналасады.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1. Ой қозғау сұрақтары:
До нотасы қай сызыққа орналасады?
Нота сызғы неше болады?
До нотасы мен фа нотасының арасында қандай ноталар орналасқан?
2. Ойла, жинақта, түйінде! (Оқулықта берілген тапсырмаларды топқа бөлініп орындау)
Жұмбақ жасыру.
Орындалсын асқақ ән
Қандай нота бастаған? \до\
Жаттығулар жасауға көмектескен
Қандай нота құлақтың үнін тескен?\ля\

Ми мен сольдың жолдасы
Қандай нота болады?\фа\
Домбыраның ішегінің бірімін
Ноталардың ортасында жүремін
Менімен әркез скрипка кілті де
Менсіз ол кілт басталмайды білемін?\соль\

Ре мен бірге күн кешкен
Фа сіңілім бірге өскен
Асқан бірге белестен
Мен қандай нотамын?\ми\

Бес сызықтың астында
Орналасқан жайы бар
До - ның ылғи қасында
Қатарланған жолы бар?\ре\

Сергіту сәті. До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до

2. «Біліміңді байқап көр».\топпен және жекелеген оқушылармен жұмыс жасау\электронды оқулықпен жұмыс.
Жекелеген оқушыларға топшамаларға тапсырма жазылып ұсынылады.
1 - тапсырма. Буынға бөліп. Бір жолда неше буын барын тап?
Алақай - ау, алақай!
Дала қандай кең еді.
Бәрі мендей балақай,
Асыр салып келеді

2 - тапсырма. Мына адамдардың ішінен күйшілерді тап?
Дина Нүрпейісова
Әсет Бейсеуов
Марат Омаров
Мұқағали Мақатаев

3 - тапсырма, Мына аспаптардың қалай орындалатынын айтып бер?

\Сәйкестендіру тесты\
Домбыра -------------- ұрып ойнайды
Жетіген ---------------- шертіп ойнайды
Қобыз ------------------ сілкіп ойнайды
Данғыра --------------- шертіп ойнайды
Сылдырмақ ----------- ысқышпен ойналады
Сыбызғы -------------- үріп ойналады
Топпен жарыс түрінде тест оздырылады.
Ән: Көбелек
«Өзіндік ізденіс – білім негізі»
1 - топ. Әр нотаның қасына жалғап сөз құрастыру.
До -
Ре -
Ми -
Фа -
Сол - ь
Ля -

2 - топ. «Мұнда не жазылған?» «Ф» әрпін алып таста, сонда сөз оқылады.
фтфуфғфафнфдфа
фдфүфнфифе
фефсфіфгфіфн
фафшфафдфы
фофлфефң

3 - топ. «Ақ мамам» сөзіне ассоцациаларыңды жазу керек.
Ән: Ақ мамам.

ІІІ. Білімді бекіту. Галереяға саяхат.
Тапсырма: ноталардан бірнеше суреттер құрастырып шығару.

ІҮ. Үйге тапсырма.
Ноталарды өз орнына қойып орналастыр.
Ү. Оқушыларды бағалау.

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы,
Жақсыбай ауылы, М. Б. Ықсанов атындағы
орта жалпы білім беретін мектеп балабақша кешені
Музыка пәні мұғалімі Сарсенгалиева Жаннагуль Ануарқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 331
1
45 дауыс
Оқи отырыңыз
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Бейнелеу өнері 5 түрге бөлінеді. Олар графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері. Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын бір түсті сурет. Живопись - қағаз, картон, кенеп бетіне әр түрлі
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасының музыка жетекшісі Қартбаева Күнайхан Құсайынқызы
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екi iшкi бұрыштың қосындысына тең.
Күй сандықты ашамыз
Күй сандықты ашамыз
БҚО, Ақсай қаласы №3 МДБҰ Жоғары санатты музыка жетекшісі Нуралиева Галия Аленовна
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Актоты
Актоты Қонақ 14 мам 2016 11:51
0
Жарайсыз. тек кана алга. Саттилик тилеймин fellow