Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Скрипка аспабы қалай пайда болды?

04 наурыз 2016, Жұма
Категориясы: Музыка
Скрипка аспабы қалай пайда болды?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Скрипка аспабымен таныстыру
Ән үйрену: "Қазақы дастарханы" әнін жаттау
Тәрбиелік: Өнерге талпындыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: жаңа сабақ, әңгімелеу әдісі
Пәнаралық байланыс: шет ел музыка тарихы
Көрнекілік: 7 - нота кестесі, портреттер, скрипка, ямаха, бейне таспа, микрофон, алақан және скрипканың қағаз қиындылары

Ұйымдастыру
- Сәлемдесу (ямаха аспабымен)
- Түгендеу

Үй тапсырмасын сұрау
Жеті нотаны таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа скрипка аспабының қағаз қиындысын алады.
ДО - Оркестр құрамындағы аспаптар неше топты құрайды? Оларды ата.
Жауабы: 4 топты құрайды. Олар: ішекті - ыспалы, үрлемелі ағаш, үрлемелі жез, ұрмалы аспап)
РЕ - Қазақтың тұңғыш операсын ата.
Жауабы: "Қыз Жібек" операсы.
МИ - "Титаник кемесі суға кетіп бара жатқанда, кемедегі оркестр қай симфонияны ойнаған?
Жауабы: Бетховеннің № 3 симфониясын.
ФА - Симфония дегеніміз не?
Жауабы: Симфониялық оркестрге арналған аспаптық шығарма
СОЛЬ - Тембр дегеніміз не?
Жауабы: Дыбыстың бояуы
ЛЯ - Диапазон дегеніміз не?
Жауабы: Дыбыстың көлемі
СИ - Қазақстанда симфониялық оркестр қашан құрылды?
Жауабы: 20 ғасырдың 30 жылдары.

Жаңа сабақты баяндау.
Сабақтың тақырыбын айтпас бұрын, ол үшін бір аңызды айтып берейін.
Ертеде бір музыкант өмір сүріпті. Ол кішкентай кезінен аспаптарда ойнайтын болған. Далада мал бағып жүріп, өзіне түрлі табиғи заттардан сыбызғы жасап алып ойнағанда, жайылып жүрген мал да құлақтарын түріп тыңдай қалады екен. Ормандағы құстар да сайрамай қалады, көлдегі бақалар да бақылдамай қалады екен. Музыкант ойнаған кезде олардың әрқайсысының жүрегін тәтті сезім тербеп, белгісіз бір күш биікке, ашық көк аспандағы жарық жұлдыздарға қарай жетелегендей күй кешеді. Осылай музыка тыңдап отыра бергісі келеді. Көңілді музыка ойналса, барлығы көңілденеді, қайғылы музыка оларды мұңға батырады. Музыкант бала ержеткеннен кейін өзіне скрипка аспабын жасап алады да, ел кезіп, өнерін көрсетіп жүреді. Қайырымды адамдар оны құрметтеп, қонақ қылады. Ал мейірімсіз пандар оны жек көрген, өйткені сиқыршы музыканттың ойынын тыңдаған кезде адамдар пандарға қызмет етпей қалады. Олар шайтандармен бірлесіп музыканттың көзін жоюды ойластырады. Он екі аш қасқырға талатуды ұйғарады. Тістері ақсиған, көздері жанып тұрған аш қасқырлар музыкантты қоршап алады. Ал музыкант болса ағашқа сүйеніп тұрып жанынан скрипкасын алып ысқышпен ішектерді қозғап жібереді. Скрипкаға тіл біткендей боздап қоя береді. Ағаштар мен бұталар да бір сәтке тып - тыныш болып қалады. Ал қасқырлар бір орында мелшиіп тұрып қалады. Олар музыканы естіп, өздерінің аш екенін ұмытып кетеді. Музыкант ойынды тоқтатқан кезде жайлап орманға қайтып кетеді. Осылайша сиқыршы музыканттың өмірін скрипка сақтап қалады.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар бүгін қай аспаппен танысатын боламыз?
Скрипка аспабын алып шығады.

Скрипка аспабының шығу тарихы Еуропада оныншы ғасырдан басталады. Ал бүгінгі түрі 16 - 17 ғасырларда Италия мен Францияда пайда болған. Скрипканың көне түрлері қазіргі скрипкаға мүлдем ұқсамайды. Көптеген аспаптардың ішінде скрипка оркестрде жетекші орын алады. Басқа ешбір аспап дыбыс бояуымен, техникалық шеберлігімен скрипкаға жете алмайды. Оның дыбысы оркестрге сызылта шыққан әсем үн береді. Сондықтан ол Еуропада "Музыка патшайымы" атағына ие болған.
Скрипка аспабының көне түрлері, олар ребек және фидель деп аталған. Олар жуан мойынды қысқа келген, қампиған қарынды, бір - біріне өте ұқсас. Бұл аспаптарды аттың қылы керілген доға тәрізді ысқышпен ойналады. Аспапты сол жақ тізеге тіреп, ал оң қолмен ысқышты ұстап, қобыз сияқты ұстап тартатын болған. Аспапты бұлай ойнау Еуропада бұрын - соңды болмаған. Ал қазақ халқы ерте заманнан бүгінге дейін қылқобыз аспабы дәл осылай тартып келген. Кейінірек Еуропада бұл аспаптарды иыққа немесе кеудеге тіреп ойнаған. Кейін келе аспапты иықтың үстіне шығарып оны иекпен қысып ұстауды ойлап тапқан.
Еуропада фидель мен ребекті басқа 15 ғасырды виола аспабы пайда болады. Виоланы да ребек сияқты тік ұстап, доға тәріздес ысқышпен алақанын жоғары қаратып тартады. 18 ғасырға дейін Еуропада виола аспабы өте танымал аспаптардың бірі болған. Кейін келе скрипка аспабы бұл аспаптарды ығыстырып шығарып, өзінің сазды үнімен халықтың ынтымағын жаулап алды. Осындай жүздеген жылдық тарихы бар скрипка аспабы "Музыка патшайымы" атағына ие болған.

- Қазіргі таңда қазақстандық қандай скрипкашыларды білесіңдер?
(Жәмиля Серкебаева мен Айман Мұсаходжаева жайлы таныстырып кету, А. Мұсаходжаеваның шығармасын көрсету)

Музыка тыңдайық!
Николло Паганинидің "24 каприсін" тыңдайтын боламыз. Ол үшін ең алдымен Николло туралы мәлімет беріп өтейін.
Николло Паганинидің скрипкаға арнаған шығармалары өте күрделі болатын. Әсіресе, оның "24 каприсі" көптеген музыканттың орындауына қиынға соғады. Поганинидің скрипкасын "сайтанның аспабы" деп те атайды. Өйткені Паганини өзінің аспабын үнімен бірде адамдарды жылатса, бірде қуантып, кейде билетіп немесе адамдарды шыр көбелек айналдыра да алады. Оған дейін скрипка аспабында бұлай ойнаған адам болмаған. Италиялық скрипкашы әрі композитор аспапта ойнаудың жаңа түрін ойлап тапқан асқан шебер орындаушы болды. Ол скрипкада ойнауды жаңа техникалық мүмкіндіктерін көрсетті. Қазіргі кезде скрипкашылар өздерінің шеберліктерін дәлелдеу үшін міндетті түрде Паганинидің шығармасын орындауға тырысады.

Сергіту сәті
"Мен қазақпын" видеоға қарап, орындау

Дауыс қыздыру жаттығуы
Ән жаттау
«Қазақы дастарханым»
Әнін жазған: М. Ілиясов
Өлеңін жазған: Ж. Боранбаев
1) Бүгінгі ел ішінде,
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісі ме,
Жағалай малдас құрған.
Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарханым.
Өзіңсің бақ берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
2) Анаға ақпейілді,
Иілсе келін бала.
Ықылас, ізет еткен,
Сыйластық елін табам.
3) Дәм татар талай ғасыр,
Ұрпаққа абайласын.
Кірлетпей, таза ұстасын,
Халықтың шарайнасын

Сабақты бекіту "Микрофон" әдісі
Бүгінгі сабақтан алған білімдері жайлы оқушылар микрофонды қолға алып сынып ішінде емін еркін сұрақтар қояды. Бастаушының сұрағына дұрыс жауап берген оқушыға микрофон беріледі, келесі микрофон иесі ары қарай жалғастырады. Мұғалім әр дұрыс жауапқа скрипканың қағаз қиындысын таратады.
Рефлексия "Бес саусақ"
Бас бармақ - БІЛДІМ
Сұқ саусақ - СЕЗІНДІМ
Ортан терек - ОЙЛАНДЫМ
Шылдыр шүмек - ШЕШТІМ
Кішкене бөбек - КЕЛІСЕМІН
Бағалау (шкала бойынша)
Үй тапсырмасы "Қазақы дастарханы" әнін жаттау, тақырыпты мазмұндау.

ШҚО, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы
Васильковка негізгі мектебінің музыка пәнінің мұғалімі
Абильмажинов Нариман Талгатович

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 363
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Күйді жаттау әдісі
Күйді жаттау әдісі
Күй – қазақ халқының рухани мәдениетінің аса маңызды саласы. Қазақ халқының күйшілік өнері сонау көне заманнан халқымызбен бірге жасасып, біте қайнасып, көзіміздің қарашығындай сақтап келе жатқан асыл қазыналарымыздың бірі.
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамын үрмелі және ұрмалы аспаптарсыз елестету мүмкін емес. Қазақ халқында көне үрмелі сыбызғы аспабы сақталған. Сыбызғы аспабы ешқандай өзгеріске ұшырамай, өзінің о бастағы табиғи түпнұсқа қалпын сақтап қалды.
Музыка және қолданбалы өнер
Музыка және қолданбалы өнер
Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән - күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
Күй сандықты ашамыз
Күй сандықты ашамыз
БҚО, Ақсай қаласы №3 МДБҰ Жоғары санатты музыка жетекшісі Нуралиева Галия Аленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.