Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Кедей. Сұлтанмахмұт Торайғыров

14 сәуір 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Кедей. Сұлтанмахмұт Торайғыров
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірінен мәлім бере отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
Дамытушылығы: Сабақ барысында оқушыларды өз ойын еркін айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, талдау, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Ендеше бәріміз шаттық шеңберіне тұрып топқа бөлінейік. Енді бір бірімізге жүректен жүрекке жылу сыйлайық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан жағым.

ІІ. Өткенді пысықтау:
Тауда туған құлынның
Екі көзі таста болар.
Ашаршылықта туған баланың,
Екі көзі аста болар.
Осы мақалға ұқсас, сәйкес келетін қандай әңгіме өттік?
- Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімесі.
1 топ Бірінші бөлімнің мазмұнын айту.
2 топ Екінші бөлімді сурет бойынша әңгімелеу
3 топ Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде? әңгімелеу.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Суреттер топтамасын пайдаланып Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен танысу.
С. Торайғыров 1893жылы 28 қазан күні Көкшетау облысының Қызылту ауданында дүниеге келген. Жастық шағы, балалық шағы Баянауылда өтеді. Ол 27 жасында 1920 жылы 21мамырда ауыр науқастан қаза болады.

Топтастыру:
Сұлтанмахмұт Торайғыров

Жазушы
Ақын
Ағартушы
Шыншыл
Ел қамқоршысы

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары
▪ Өлеңдері
«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы», «Бір адамға», «Жарлау», «Бұлар кім»
▪ Поэмалары
«Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», «Қайғы»
▪ Прозасы
«Қамар сұлу», «Кім жазықты?», «Ауырмай есімнен жаңылғаным»

Ендеше бүгінгі сабақта С. Торайғыровтың Кедей поэмасынан үзінді өтеміз.
1. Кедей поэмасымен таныстыру. Үзінді келтіру
2. Оқулықпен жұмыс
Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,
Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа.
Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,
Туғаннан, міне, шықтым талай жасқа

1 - топ. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2 - топ. Мағынасын ашу.
3 - топ. Әңгімелеу

1. Ой қозғау.
1 - топ. Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған?
Себебі: бұл өлеңде ақын үстінде бүтін киімі жоқ, қарны аш, байға жалданып қойын күзеткен жалшы кейіпкерін бейнелеп суреттеген..
2 - топ. Кедей деп кімдерді атаған?
Тұрмысы нашар, үйі, киер киімі, ішер асы жоқ адамдар.
3 - топ. Кедейдің ауыр тұрмысын қалай бейнелеген?
Ұйқысыз түн, жолдасы тек қана ит, жыртық кір киім, аштықтың азабын тартқан, өлмелі кедей.

2. Ой толғау.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы кестеге толтырады.
1 - ТОП
Қазір кедей адам жоқ.
Қазір еңбек етуге барлық жағдай жасалған. Тек қана ерінбей еңбек ету керек.
2 - ТОП
Қазіргі кезде кедей адамдар бар.
Себебі: еңбек етуге құлықсыз, еріншек, өмірге деген көзқарасы сенімсіз адамдарды кедей адамдар деп ойлаймыз.
3 - ТОП
Аштық, кедейлік болмас үшін не істеуге болады?
1. Өзіңе сенімді болу керек.
2. Оқу керек.
3. Еңбек ету керек.

1. Ойтұжырым.
Венн диаграммасы арқылы екі мәтіннің ортақ қасиетін табу.
▪ Бейімбет Майлин «Күлпаш»
▪ Сұлтанмхмұт Торайғыров «Кедей»
▪ Ұқсастығы – Екі ақын, жазушы да аштықтың, жоқшылықтың азабын тартқан, қиын өмірден шаршаған кедей өмірін сипаттаған.

6. Эссе жазу. Шығармашылық жұмыс.
Жалпы өмірде кедейлер бар ма?
7. Сабақты қорытындылау.
Кедейлікке жол бермей, сабақты дұрыс оқып, адал еңбек етуге тәрбиелеу.
8. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу.
9. Бағалау. Мадақтау.

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,
А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Майкынова Накып Акзановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 720
1
4 дауыс
Оқи отырыңыз
Арыстан мен тышқан. С. Торайғыров
Арыстан мен тышқан. С. Торайғыров
Арыстан (лат. Panthera leo) — мысық тұқымдасына жататын ең ірі жыртқыш жануар. Орталық Африка мен оңтүстік - батыс Азияның саванна, шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерінде де кездеседі.
Сөз таптары
Сөз таптары
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Жомарт күз
Жомарт күз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша тәрбиешісі Қондыбаева Гүлсім Жаңабайқызы
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр
тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу және олардың мәндерін салыстыру барысын - да машықтандыра түсу.
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Алуа
Алуа Қонақ 3 мам 2016 13:17
0
Сабақ нақты, жүйелі, қазіргі заманауи бағытта жоспарланған. Мұғалімнің көп ізденетіні, шығармашылық пен жұмыс жасайтыны көрініп тұр. Мен осы сабақтан өзіме көп мәлімет алып, сабағымды осы сабақ пен байланыстырып өткіздім, оқушылар өте жақсы қабылдады.Мұғалімге сәттілік тілеймін!!!