Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Жылу құбылыстары тарауын қайталау

12 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Физика
физика пәні мұғалімі Молдир Алжанбаева

Біле бер, қанша білсең – тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле, біле

Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстары тарауын қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты: Жылу құбылыстары тарауында нені білді, қандай шамалармен және қандай физикалық құбылыстармен танысты, осы алған білімдерін есте сақтау мақсатында, оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, алған білімдерін практикада пайдалана білуге үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақты міндеті:
Оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне – өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету.
Оқушыларды тез ойлауға, есептеуге, жинақылыққа тәрбиелеу.
Халық педагогикасымен физика пәнін байланыстыра отырып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: Саяхат және сайыс сабағы.

Сабақтың әдісі:
Репродуктивті әдіс. Білім – білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту
Зерттеу әдісі. Мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушылардың өз беттерімен шешіп, мәтінмен есептер шығару, үлестірмелі материалмен жұмыс.

Мақсатты әдіс. Мұғалім белгілі мақсат қойып, оған жету жолын көрсетеді, оқушылар одан әрі әрекетке көшеді.
Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі
Жекелік үлгі – танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.
Жан – жақтылы - барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланады
Топтық – жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, тәжірибе көрсетуге арналған құрал - жабдықтар.
Пән аралық байланыс: математика, әдебиет, жаратылыстану

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Білімдерін жан - жақты тексеру кезеңі. (Қатесі бар физикалық диктант.)
3. Физика «Алдар көсе» бекетінде.
4. Физика «Есептер» бекетінде.
5. Кім білімді?(Сұрақ - жауап)
6. Физика «Қызықты тәжірибелер» бекетінде.
7. Физика «Мақал - мәтелдер» бекетінде.
8. Кім жылдам? «Жылу мөлшері»
9. Оқушылар білімін бағалау.
10. Рефлексия кезеңі.
11. Қорытынды.
12. Үйге тапсырма:

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Саламатсыздар ма құрметті оқушылар.
Құрметті оқушылар, біз қазір «Жылу құбылыстары» қаласынан шығатын №1 «Физика» жүрдек поездына отырамыз. Бұл поезда екі вагон бар. Сол екі вагонға жайғасу үшін құрметті оқушылар, жолда шай ішуге керек деп өзімізге ұнаған конфеттерді аламыз.
Қолдарыңызға алған конфеттердің түсіне қарай
__________ түсті конфеті бар оқушылар «Молекулалық физика» вагонына
__________ түсті оқушылар «Термодинамика» вагонына отырыңыздар.
Құрметті оқушылар, орнымызға жайғасақ әр вагон өзіне жолсерік сайлап алайық. Ол оқушы сіздердің яғни топ басшыларыңыз болады.
Сайлап алсақ, олай болса топ басшылары сіздерге мынау бағалау парақшасы. Осы парақша бойынша соңында тобыңыздағы оқушыларды бағалайсыздар.
Ал енді балалар, поезд орнын қозғалмас бұрын, сіздердің білімдеріңізді жан - жақты тексеріп алайық. Бұл сіздердің жол жүру билеттеріңіз.
Білімдерін жан - жақты тексеру кезеңі. (Қатесі бар физикалық диктант.)(5минут)
1. Қатесі бар физикалық диктант
Жауап дұрыс болса - 1. Жауап қате болса - 0 қоясыздар. Соңында қандайда бір код саны шығады.

«Молекулалық физика» тобына.
1. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы ішкі энергия
2. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы кинетикалық энергия
3. Сұйықтың қатты затқа айналу процесі Қатаю немесе кристалдану
4. Өз сұйықтығымен динамикалық тепе - теңдікте болатын бу. қанықпаған бу
5. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі: Джоуль бөлінген килограмм
6. Ішкі энергияны өзгерту 3тәсілі бар
7. Заттың 2 күйі бар
8. Судың мұзға айналу кезінде энергия бөлінеді.
9. Q әрпімен жылу мөлшерін белгілейміз
10. λ=Q/m меншікті балқу жылуының формуласы
Жауабы: (1010000111)

«Термодинамика» тобына:
1. Будың суға айналу процессі Конденсация
2. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. Диффузия
3. Сұйықтың буға айналу құбылысы булану
4. Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі қатаю деп аталады.
5. Денені құрайтын ұсақ бөлшектердің үздіксіз қозғалысы механикалық қозғалыс
6. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі конвекция деп аталады.
7. r=Q/m меншікті булану жылуының формуласы
8. Меншікті булану, балқу және жылуының өлшем бірлігі Дж.
9. Мұз ерігенде энергия бөлінеді.
10. q меншікті балқу жылуының белгіленуі.

Жауабы: (1110010000)
Бір қате кетсе 5, 2 - 3 қате кетсе 4, 3 - 4 қате кетсе - 3деген баға қойылады.
«Алдар көсе» бекетінде.
Ал, балалар «Алдар көсе» бекетінде сіздерді тағы да жаңа тапсырмалар күтіп тұр екен.

1 – сұрақ: Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Ол келгенде байдың бәйбішесі сыртта бауырсақ пісіріп жатады. Алдар Көсе әңгіме айтып ұзақ отырып алғаннан соң, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған бауырсақты салып әкеліп, дастарханға қойып былай дейді:
- Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмді, сондықтан бауырсақ суып қалмасын үшін, оны мына темірден өріп жасалған ыдысқа әдейі салып әкелдім. Сонда көп білетін қу Алдар Көсе былай дейді:
- Жоқ, қарындасым, қателесесіз. Оданда бауырсақты ағаштан өріп жасалған ыдысқа салсаңыз болғаны, бауырсағыңыз ұзақ уақыт ыстық қалпында сақталады.
Сұрақ: Алдардың берген кеңесі дұрыс па?
Жауабы: Дұрыс, ағаштан жасалған ыдыста бауырсақ баяу суйды, өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі металдыкінен – темірдікінен аз.

2 – сұрақ: Үйде Алдар Көсе баймен сөйлесіп көп отырып алады. Ал байдың бәйбішесі сырттағы самаурындағы шай қайнаса да, отын бәсеңдетіп, шәйді үйге алып кірмей отыра береді. Біраз уақыттан кейін Алдар:
- Бәйбіше, сырттағы самаурындағы шай қайнап жатыр, - деген екен. Сонда асып – сасқан бәйбіше: - Оны қайдан көріп отырсың, қу Алдар? – деген екен.
Сұрақ: Алдар, шынында да, шайдың қайнағанын қайдан білді?
Жауабы: Шәй қайнағанда, судың ауа көпіршіктері су бетіне көтеріледі де, су бетіне жеткенде жоғарыдағы атмосфералық қысымның әсерінен жарылады, өзіне тән дыбыстар шығарады да ыдыс қақпағын көтеруі де мүмкін.

3 – сұрақ: Алдар шайға қанып алып, орнынан тұрып кетуге ыңғайланады. Үй иесі есікті ашқаны сол еді, үйге бір мысық кіре кетті. Алдардың көзі кірген мысыққа түсті, мысықтың жүні үрпиген, мысыққа қарады да, құлақшынын алып жатып былай деді:
- Құлақшынымды кие шығайын далада суық екен – деді.
Сұрақ: Далада күннің суық екенін Алдар қайдан білді?
Жауабы: Үйге кірген мысықтың жүніне қарап Алдар далада күннің суық екенін білді. Күн суықта барлық жануарлар, соның ішінде мысықта жүнін үрпитіп, торсыйтады да оның арасына көбірек ауа жинайды. Ауа жылуды нашар өткізеді.

4 - сұрақ. Ет қазанның қақпағын ашып қойса тез пісе ме, әлде жауып қойса тез пісе ме? Неге?
Жауабы: Кебу. Конденсация.

5 - сұрақ
Шай қайнағанда шәйнектің бетінде көпіршіктер қайдан пайда болады? Ызыл неге естіледі? Неге көпіршіктер судың бетіне келіп жарылады.
Жауабы: Сыртқа шыққан су буы салқын ауамен араласады да және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады. Олар - судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері. ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері біртіндеп үлкейе береді. көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да, жоғары көтеріледі. Осы кезде, әдетте, су қайнар алдында шығатын ызыл естіледі. көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан жоғары. Сондықтан көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады.

Ал балалар, « Алдар көсе» бекетінен шығып, «Есептер» бекетіне жетіп қалдық.
4. Физика «Есептер» бекетінде.
Әр топқа 3 есептен. Екі есепті тақтаға шығарып көрсетеміз. Қалған оқушылардікі орнында тексеріледі.
«Молекулалық физика» тобына
1. Суды тан дейін қыздыру үшін 13608 кДж жылу мөлшері бөлінеді. Судың массасы неге тең?(,, 54кг
2. 5 кг тас көмір жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? (13, 5*107Дж)
3. Массасы 100кг бензинді толық жаққанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? ( Дж)

«Термодинамика» тобына
Масса 7 кг спирт жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? (63*105Дж)
2кг мұзды суға айналдыру үшін 6, 8*105Дж жылу мөлшері керек. Мұздың меншікті балқу жылуы неге тең?(3, 4*105Дж/кг)
Су буының қысымы 1, 06 кПа, қаныққан бу қысымы1, 84 кПа. Салыстырмалы ылғалдылығын табыңыз,(57%)

Құрметті, оқушылар есептер бекітінде поездға комиссиялар отырыпты, жолсеріктердің білімін тексеріп көрмекші. Олай болса

5. Кім білімді? екен соны көрейік.(Сұрақ - жауап) Топ басшыларына

Массаның өлшем бірлігі... (килограмм)
Жылу берілудің түрлерін ата (конвекция, сәулешығару, жылуөткізгіштік)
Ауының ылғалдылыған өлшейтін құрал (психрометр)
Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі (Джолуль)
Денелерді құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысын (жылулық)
Судың қайнау температурасы (100ºС)
Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері (жұмыс істеу, жылу берілу)
Жылуды ұзақ сақтайтын құрал (термос)
Заттың сұйық күйден газға айналуы (булану)
Температураны өлшейтін құрал (термометр)
Заттың газ күйінен сұйық күйге өтуі (конденсация)
Булану кезінде энергия (жұтылады)
Күннен жерге энергия қалай беріледі? (сәуле шығару арқылы)
Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, мұз күйінде)
Егер ыдыстағы суды ішіп қойсаң не қалады? (ауа қалады)
Қандай ыдысқа су құюға болмайды? (суы толы ыдысқа)
Термопараметрлерді ата (PVT)
Балқуға кері процесс( Қатаю)
Жақсы сәуле шығаратын және жұтатын беттер: қара беттер
Сұйықтың бетінде жүретін булану процессі (кебу)
Топ басшыларының білімін тексеріп болғанша оқушылар, біз «Қызық тәжірибелер» бекетіне де жетіп қалыптық.
6. Физика «Қызықты тәжірибелер» бекетінде.
«Молекулалық физика» Темір білеушеге ермексазбен шегелер жапсырылған. Білеушенің ұшынан бастап спирт шамына қыздырады. Не байқалады? Жауап түсіндіріледі.
ә) «Термодинамика»: Суды қағаз каробкада қайнатуға бола ма?

Жауабы: Жылу бірден электрплитадан немесе спиртшамның жалынынан суға беріледі. Қағаз қораптың температурасы жану температурасына жетіп үлгермейді.

«Электр құбылыстары» қаласына жетуге аздаған қадамдар қалды. ендігі аялдама «Мақал - мәтелдер» бекетінде.
7. Физика «Мақал - мәтелдер» бекетінде.
Берілген мақал мәтелдердің физикалық мағынасын аш.
1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.
Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына себепші болады.
2. Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды.
Қыста үйге от жаққанда пеш, самауыр жақсы жануы үшін түндікті ашып, салқын ауаның кіріп, ластанған жылы ауаны сыртқа айдатқан. Конвекция құбылысы салқын ауа ауыр болғандықтан төмен түседі де, қызған жеңіл ауаны жоғары айдайды, яғни түтін түзу шықпайды.
3. Нан піскенше күлше күйеді.
Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек.
4. Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен.
Жүннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді.

1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.
2. Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды.
3. Нан піскенше күлше күйеді.
4. Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен.
5. Қол жұмылмай, жылынбайды».
6. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады
Бекіту кезеңі.
Құрметті оқушылар, «Электр құбылыстары»қаласына жақындап қалдық. Олай болса, поездан түсуге дайындық жасап тез - тез «Жылу құбылыстары»қаласының Формулаларын, өлшем бірліктерін, физикалық шамаларын жинақтап алайық.

8. Кім жылдам?
Оқушыларға формулалар, өлшем бірліктер, физикалық шамалардың белгіленуі жазылған үлестірме қағаздар таратылады, соларды тақтада жазылған сұрақтардың жанына дұрысын ілулері керек.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
3 904
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы.
Қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы.
Қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы. № 6 (6. 4) көрсетілім. №7 (7. 1) зертханалық тәжірибе.
Cабақ және оның қызметі
Cабақ және оның қызметі
Тірі организм өседі, дамиды, өледі. Өсімдіктер тұқымнан өседі, өскен сайын өзгеріп отырады. Тірі организмдер күн көзінің жарығын, жылуын пайдаланады. Өсімдікте күн сәулесін пайдаланып қоректік зат алады.
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
Word бөлімін қайталау, оқушылардың сонда алған білімдерін тексеру.
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын бойынша оқушылардың алған білім деңгейін анықтау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың қарым - қатынасын дамытып, нашар үлгеретін оқушыларды ортаға тарту, тілдерін дамыту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.