Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Cабақ және оның қызметі

07 сәуір 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сабақ.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғым беру
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сабақ және оның қызметі туралы ұғымдарын қалыптастыру, сабақтың түрлерімен таныстыру
2. Оқушылардың білімге деген белсенділігін арттыру, мәтінмен жұмыс істеуге, жорамал жасай білуге үйрету
3. Табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Жұмыс түрі: жұппен жұмыс, талдау - жинақтау, әңгімелесу, бақылау.
Қажетті құралдар: 1 литрлік 3 шыны ыдыс, 3 гүл, 3 түсті бояу, су, қайшы.
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, ана тілі, бейнелеу
Проблемалық сұрақ: Өсімдікке сабақ неге керек?

Сабақтың барысы: І. Психологиялық дайындық
- Кәне, балалар бәріміз ортаға шығайық. Енді бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Бұл шаттық шеңбер. Шаттық шеңбер бойына тек бір - біріне жақсы тілек тілейтін адамдар ғана жиналады.
Жұмсақ ойыншық жүректі алып:- Әрқайсымыздың осындай жұмсақ жүрегіміз бар. Әр адамның жүрегінің үлкендігі қолын жұмғандағы жұдырықтай. – Кәне, жүрегіміздің қандай екенін көрейікші! Егер қуансақ жүрегімізде қуанып, күлімдеп тұрады. Ал ренжісек жүрегіміз жабырқап қалады екен. Бар жақсылық, қуаныш біздің жүрегімізден таралады. «Сүйіспеншілік - жүректен» деген халық даналығы осыдан шықса керек.
• «Күн мен гүл» тренинг. Күн - Жердегі ең басты табиғи жылу көзі.

ІІ. Ойланып көрейік, жауабын берейік.
«Өсімдік тіршілігі» тарауы бойынша алған білімдерін, ой - пікірлерін ортаға салу.
1. Өсімдікті неге тірі организм дейміз? (Өсімдіктің тірі организм екенін дәлелдеу) Нұрбергенқызы Дилара

Өйткені:
1. Тірі организм өседі, дамиды, өледі. Өсімдіктер тұқымнан өседі, өскен сайын өзгеріп отырады.
2. Тірі организмдер күн көзінің жарығын, жылуын пайдаланады. Өсімдікте күн сәулесін пайдаланып қоректік зат алады.
Қоректік зат – өмір сүріп, өсіп - өнуіне қажет азық.

3. Тірі организм көбейеді. Өсімдіктерде көбейіп отырады.

4. Тірі организмдер жасушалардан тұрады. Оны микроскоппен көруге болады Микроскоп жай көзге көрінбейтін заттарды үлкейтіп көрсететін құрал. Жасушаларда организмнің тіршілігіне қажетті барлық заттар болады.
Тіршілік үшін қажетті зат: ауа, жылу, жарық, су, азық.

5. Тірі организм қоршаған жағдайда бейімделеді. Мысалы: өсімдіктер күзде қурайды, ал ағаштар күзде жапырағын түсіреді.
Міне, өсімдіктердің тірі - организм екенін осылай дәлелдейміз және мынадай сызба құрастыра аламыз
2. Қандай өсімдік топтарын білеміз? (Мысалдар келтіру, Арша - ағаштың анасы) Ерболатқызы Назина

* «Біліміңді сына» жұптық жұмыс. Ағаштарды қызыл, бұталарды көк, шөптектес өсімдіктерді жасыл карандашпен айналдырып сыз.

3. Тұқымнан өсімдік қалай өседі? (Тәжірибе қорытындысы, бақылау нәтижесі) Әбділла Ершат, Мырзанов Төрехан
Өсімдік тұқымнан өседі. Бірінші тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, сосын жеміс пайда болатынын суреттер бойынша түсіндіру. Гүл сабақта жетіледі. Өсімдік жетіліп өсе келе гүлдің түбі түйінделеді. Бұл “гүл түйіні” деп аталады. Гүл түйіні үлкейіп өскен сайын гүлдің күлтелері солып, түсіп қалады. Сол түйіннен жеміс жетіледі. Жемістің ішінде тұқым болады. Бидай, арпа, жүгері, сұлы егістіктің дақылдарының тұқымын “дән” дейді. Бау - бақша өсімдіктерінің тұқымы жеміс пен жидектердің ішінде болады. Көп өсімдіктердің жемісі екі - үш айда піседі.
4. Өсімдікке тамыр не үшін қажет? (Тамырдың өсімдік үшін маңызын ұғындыру) Қабижанова Ғазиза

ІІІ. Сергіту сәті: «Ғажайыпстанға саяхат»
ІV. Жаңа материалды оқу
1. Қызығушылығын ояту: «Құрастыру ойыны».
- Өсімдіктің жер асты бөлігі?
- Өсімдіктің тамырға бекіген жер бетіндегі бөлігі?
- Сабаққа өсімдіктің қандай бөлігі орналасады?

2. Мағынаны тану: Сабақ - өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі. Сабақта өсімдіктің басқа бөліктері: бұтақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым орналасқан.
Сабақтың түрлері: таңқурай, қарақат - сабағы тік, құлпынай - жерге төселіп өседі, ағаштар - сабағы қатты, тік, дің деп аталады, кейбір сабақ қатты болса, енді бірі жұмсақ иілгіш келеді. Кейбір сабақтар белгілі бір жағдайға бейімделіп өседі.
• Сен білесің бе? Сабақтың белгілі бір бөлігінде буындар болады. Жапырақ, бүршік, бұталар осы буында пайда болады. Ал олардың арасын кеңістік буын, буынаралық деп атайды екен.

3. Тәжірибе жұмысы. Сабақ қандай қызмет атқарады?
Қажетті заттар: 3шөлмек ыдыс, 3ақ гүл, 3 түрлі бояу, су, қайшы.
1. Шөлмек ыдыстарды суға толтыр.
2. Әр шөлмекке бояу салып араластыр.
3. Гүлдің сабақтарын тегістеп қи.
4. Гүлдерді әр шөлмекке сал.
Қорытындысы қандай болады деп ойлайсыңдар? (Қоректік заттар тамырдан сабақ арқылы өсімдіктің басқа бөліктеріне барады).

V. Жұптық жұмыс. Құмырадағы гүлдерді бояу, қорытынды жасау.
Білімді бекіту. Мақал - мәтелдермен жұмыс.
1. Ағаш... -...,
Адам көркі - жапырақ.
2. Жаңбыр бір жауады,
Ағаш.......
3. Жас ағашқа сүйеніп,...... күнелтер.
4. Ағаш тамырынан... ішер.
5. Сабағы жаман жемістің, дәні де....
6. Тікен өскен жерге тікенек шығады,
Гүл өскен жерге....
VІ. Сабақты қорыту: Рефлексия
1. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
2. Сабақта не қызықтырды?
3. Сұрағың бар ма?

«Өсімдіктер әлемі» деректі фильм. Өсімдіктер әлемі – таусылмайтын қазына.
Нулы, сулы болмаса қоныс әсем болар ма?
Орман, тауы болмаса жердің көркі болар ма?
Тоғайы қалың болмаса өзеннің көркі болар ма?
Жайқалмаса жапырақ талдың көркі болар ма?
Көк шалғыны болмаса өлкенің көркі болар ма?
Тобылғылы болмаса сайдың көркі болар ма?
Бұл табиғаттың таңғажайып көркі – өсімдік екендігін айқындай түседі. Туған жердің табиғатын аялы алақанмен аялау, оған деген қамқорлығын аямау халықтық өнеге, әрі өшпес мұра.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Кемерши ауылы, Қ Жазықов атындағы орта мектеп
Бастауыш мұғалімі: Сейт Нұргүл Мырзанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 021
3
23 дауыс
Оқи отырыңыз
Астанаға ақ бата. Дихан Әбілов
Астанаға ақ бата. Дихан Әбілов
Халқымыздың асыл сөзі – бата туралы білетіндерін дамыту. Бата сөздерінің мағынасын, идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Бата сөздерді жинақтауға, асыл сөздерді түсінуге, мәнерлі айтуға жаттығу.
М. Дулатов Наурызкөже
М. Дулатов Наурызкөже
Наурыз айы - жаңалық бастауы екені, наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Оқушыларды топ ішінде бірлесіп әрекет етуге, бірін - бірі тыңдауға, шығармашылық тұрғыда қарым - қатынас жасауға үйрету
Гимнастика. Баспен тұру.
Гимнастика. Баспен тұру.
Акробатикалық және ағаш аттан секіру жаттығуларын жетілдіру. Күштілік, ептілік, икемдік қасиеттерін қалыптастыру. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, әріптестеріне дер кезінде көмекке келу қасиеттерін тәрбиелеу.
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы және оны әріп таңбасымен таныстыру; Дауысты және дауыссыз дыбыстар жөнідегі түсініктерін пысықтау;
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Пікірлер (3)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Kuralai
Kuralai Қонақ 5 мам 2016 13:08
0
Сізге сәттілік, жеңіс. тек қана АЛҒА!
Kuralai
Kuralai Қонақ 5 мам 2016 13:11
0
Тек қана Алға! Сізге сәттілік!
Kuralai
Kuralai Қонақ 5 мам 2016 13:17
0
Сіз "үздік ұстаз" болуңа лайықты жансыз!