Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Интернет. Internet желісінің тағайындалуы, сипаттамасы, құрылымы және құрамы

12 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Информатика
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы -
техникалық колледжі Омарбеков Медет Боранбаевич

Сабақтың тақырыбы: Интернет. Internet желісінің тағайындалуы, сипаттамасы, құрылымы және құрамы.

Сабақтың түрі және типі аралас сабақ
1. Мақсаты Оқушылардың интернет туралы жаңа білімдерін қалыптастыру, интернеттің мүмкіндіктерін және оларды пайдалануды үйрету

2. Міндеттері
а) Білімдіқ Интернет туралы жаңа мағлұмат беру
ә) тәрбиеліқ Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, өз - өзіне сенуге, тиянақтылық пен ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу
б) дамтыушылық Логикалық ойлау қабілетін, өз бетінше жұмыстануын дамыту

ІІ. Күтілетін нәтиже.
а) оқушылар түсінуі тиіс Интернет туралы жалпы түсінік
ә) оқушылар құндылық бағдары болуы Интернетті қолдану дағдыларын қалыптастыру
б) оқушылар жасай біледі Интернетте ақпаратты іздеуді

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, қауіпсіздік ережесін айту, бағалау парағын тарату

II. Қайталау
а) Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу. Әр топқа желілік топология түрлері бойынша сұрақтар беру.
б) Кубизм стратегиясы (сұрақ жазылған шаршы лақтырылады, қандай сұрақ түскен сұраққа топпен жауап беруі керек)
1. Желілік адаптер дегеніміз не?
2. Сервердің қызметі қандай?
3. Желілік хаттама.
4. Желілік құрылғыға не жатады?
5. Корпоративті және аймақтық желілер деген не?
6. Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері?

в) Джигсо стратегиясы (топқа бөлінген оқушыларға 1 сұрақтан беріледі, осы сұраққа барлық топ өз жауаптарын береді)
1 - сұрақ: Компьютерлік желі дегеніміз не?
2 - сұрақ: Модемнің атқаратын қызметі.
3 - сұрақ: Жергілікті желі дегеніміз не?

III. Түсіндіру
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ - та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір - бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ - ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тәжiрибенiң ойдағыдай жүргiзілу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы және Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютерді ғана бiрiктiрдi. Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
1990 - шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.

Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Талғамыңыз бен көңiл - күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын әлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымыңызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз.
Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаңалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жәрдем беруге әзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз. Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi - бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.

Интернеттің негізі АҚШ - да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып, бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
TCP/IP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

Интернеттiң негiзгi қосымшалары
E - mail (Electronic Mail) - электрондық почта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі.
E - mail адрестік құрылымы:
есім@ мекеме. домен
Мысалы:
common@pushkinlibrary. kz
dina_m@mail. kz

FTP (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколы – бұл көбінде үлкен көлемдегі файлдарды жіберу кезінде қолданылатын Интернеттің қосымшасы. FTP көмегімен кез келген файлдарды жіберуге және қабылдауға болады.
Чат (IRC – Internet Real Chat) – Интернеттің тағы да бір қосымшасы, желіде нақтылы уақытта интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір - бірімен өз компьютерлеріндегі клавиатурада сөздерді теріп жібереді және ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен әңгімелесулеріне болады.
World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат
Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.
Web - тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір - бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады.
Егер веб - парақ сізге ағымдағы мазмұнымен ғана қажет болса ақпараттарды сақтаудың мынандай жолдары бар:

1) Веб - парақты толығымен сақтау.
Веб - парқ толығымен жүктелген соң аспаптар тақтасынан «Файл - Файл сохранить как» деген команданы таңдаймыз, пайда болған терезеден «Сохранить веб - страницу» командасында «Тип файла» деген жолда «Веб - страницу полностью» деп көрсетілуін қадағалау керек.

2) Суретті сақтау.
Веб - парақтағы суретті жеке сақтау үшін тышқанды суреттің үстінде ұстап тұрып оң жақ түймесін шертеміз. Пайда болған контекстік менюден «Сохранить рисунок как» деген команданы таңдап аламыз да қажетті папканың ішінде сақтаймыз.

3) Мәтіндік ақпаратты сақтау.
Көптеген Веб - парақтарда бізге қажеттірегі – мәтіндер. Оны айырбастау буфері арқылы сақтау сенімді және ыңғайлы. Алдымен қажетті мәтінді белгілеп аламыз да «Копировать» деген тапсырманы таңдаймыз.

Адрестiк жүйее
Интернет - қосымшаларының адрестiк құрылымы (негiзгi парақ)
қосымша://қосымша. мекеме. домен

Ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домендер атаулары
gov - үкіметтік
org - үкіметтен, коммерциядан тыс
edu - білім
com - коммерциялық
mil - әскери
net - желілік

IV. Сабақты бекіту

Вариант№1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің серверін тауып көрсетіңіз.
2. Қазақстан Республикасының әнұран мәтінін тауып көрсетіңіз.
3. В. Васнецовтың «Богатыри» деген картинасын тауып беріңіз
4. «Джабог» сөзінің түсіндірмесін тауып беріңіз
5. Ч. Абдуллаевтың «Сотвори себе мир» деген шығармасының толық мәтінін тауып беріңіз

Вариант№2
1. Республикалық «Жас алаш» газетінің серверін тауып көрсетіңіз
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «2030 жылға арнауының» толық мәтінін тауып беріңіз
3. Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің суретін тауып көрсетіңіз.
4. «кабошон» сөзінің түсіндірмесін тауып беріңіз
5. Ш. Айтматовтың «Плаха» романының толық мәтінін тауып беріңіз

Вариант№3
1. Қазақстанның «Білім және ғылым» серверін тауып көрсетіңіз
2. Г. Гейненің «Лорелей» өлеңінің толық мәтінін тауып беріңіз
3. В. Суриковтың «Боярыня Морозова» деген картинасын тауып беріңіз
4. «деликт» сөзінің түсіндірмесін тауып беріңіз
5. Г. Флобердің «Госпожп Бовари» деген шығармасының толық мәтінін тауып беріңіз.

Толық нұсқасын жүктеу
5 020
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын бойынша оқушылардың алған білім деңгейін анықтау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың қарым - қатынасын дамытып, нашар үлгеретін оқушыларды ортаға тарту, тілдерін дамыту
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
Компьютерлік графика және оның түрлері
Компьютерлік графика және оның түрлері
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №42 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Сатыбалдиева Индира Калдыбековна
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш пен дәуіт
Дәуіт – шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік. - Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады? - Ұяда қанша балапан бар дейді? - Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді? - Қарлығаш жыланнан қалай құтылады?
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.