Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні

14 наурыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні»
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Міндеті: Ата - баба салтымен Наурыз мерекесін қастерлей білуі.
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, шарлар, слайд

І. Кіріспе бөлім
1 слайд
Жүргізуші:
- Сәлеметсізбе, құрметті ата - аналар, балалар, ұстаздар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
- Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.
Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын!
- Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
- Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады. (Слайд бойынша балалар тақпақтарын айтады)

ІІ. Негізгі бөлім
2 слайд
1 бала.
Армысыңдар халайық
Бармысыңдар халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық

3 слайд –
2 бала
Әнім де саған, биімде,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде Наурыз, күлімде

4 - слайд - Жүргізуші
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21 - 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген
ұғымды білдіреді.

3 бала
Күн менен түн теңеледі,
Жер шуаққа кенеледі,
Соны тойлар ел енді
5 слайд. Жүргізуші
Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй жинап, ыдыстарын сүтке, айранға, таза суға толтырып қояды. Бұл адамдардың үйлері құт - берекеге толы болсын дегенді білдіреді екен
Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй жинап, ыдыстарын сүтке, айранға, таза суға толтырып қояды. Бұл адамдардың үйлері құт - берекеге толы болсын дегенді білдіреді екен

6 слайд – Жүргізуші
Мереке таңертең ерте адамдардың бір - бірімен амандасуларынан басталады. Олар екі қолымен амандық - саулық сұрап бір - біріне Наурызға байланысты құттықтау сөздер айтады.
“Наурыз құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс оң болсын!”

5 бала
Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын

7 слайд Жүргізуші

Барлық адамдар жаңа Күнді қарсы алып, жаңа шыққан Күнге тағзым етеді.
6 бала
Наурызым тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін,
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін.

8 слайд Жүргізуші
Адамдар аулаларын, бастаудың басын тазалап, бұлақтың көзін ашады. “Бұлақ көрсең - көзін аш” деген сөз осындай әдеттен қалған

7 бала
Нәзік үнмен сылдырлап,
Бұйра бұлақ еркелеп,
Арнасымен ағады,
Жерге нәрін берем деп.

9 слайд Жүргізуші
Бұлақтың жанына жас көшеттер отырғызып, түбіне сүт себеді.
“Бір ағаш кессең, онын отырғыз” деген сөз бар екен.

8 - бала
Наурыз тойы - салтымыз,
«Көгерсін» - деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз

10 слайд - Жүргізушісі
Наурыз көже пісіріліп, әр үйде мерекелік дастархан жайылады. Наурыз көжені әбден тойып ішеді.
“Келер жылға дейін тоқшылықта болайық” дегенді білдіреді.
Үйдегі үлкен адам Наурызға байланысты бата береді. Бата - ол жақсы тілектер
9 - бала
Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз

11 слайд Жүргізуші
Осы күні мерекелік қойылымдар болады. Оның бірі - айтыс. Айтыста Наурыз мерекесіне байланысты жылулық пен суықты, жамандық пен жақсылықты, қыс пен жазды салыстырып сөзбен жарысады.
10 - бала
Наурыз тойы береке,
Наурыз тойы жыр аңыз.
Қызық думан мереке,
Қызық думан құрамыз.

12 слайд - Жүргізуші
Бұл күні ұлттық ойындар ойналады. Жастар, балалар жиналып, “Алтыбақан” тебеді және басқа да ойындар ойнайды.
11 - бала
Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасын.

III Қорытынды бөлім
13 слайд - Жүргізуші
Ата - аналарды екі топқа бөлу
Сұрақтар:
14 слайд - 1. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)
15 слайд - 2. Наурыз көже қалай жасалады?
(7 немесе 9 тағам түрі)
16 слайд - 3. Наурызша деген қандай мағына береді?
(Наруыз айында жұп - жұқа қиықша қырбық жауған қар)
17 слайд - 4. Ұлттық тағамдарды ата?
(бесбармақ, бауырсақ, қазы - қарта, жал - жая, құрт, ірімшік, сүзбе, айран, қатық, қаймақ, май т. б)
18 слайд - 5. Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады?(наурызкөк)
19 слайд - 6. Көктемнің алғашқы гүлдері қандай? ( бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ).
20 слайд - 7. Қазақтың қандай дәстүрлері бар?(Тұсау кесер, шілдехана, бесік тойы, сырға салу, құда түсу)
21 слайд - 8. Киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге)
22 слайд - 9. Қандай тыйым сөздер бар? (Босағаны керме, есікті теппе, табалдырықты баспа, нан қоқымын шашпа, малды теппе)
23 слайд - 10. Қандай ұлттық ойындар бар? (алтыбақан, арқан тартыс, аударыспақ, қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ)

Балалармен ойын ойнау:
Ұлттық ойындар:
Ойын: «Арқан тартыс», «Теңге алу», «Қол күрес»

Қане балалар енді қазақтың жыл қайыруы бойынша «Жыл басына таласқан хайуанаттар» туралы ертегімізді қойып берелік.
Экраннан көрсету. Балалар беттеріне маска киіп ертегі желісі бойынша шығады. Балалар биылғы жылдың иесі мешін. Биылғы жылдың иесі мешін шығады. Құттықтау сөзін айтады.
Шашу шашылады. Балалар орындарына отырады.
Сөз ата - аналарға беріледі.

Жүргізуші:
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін!

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Мерекелік дастархан Наурыз көжеге шақыру.

Шығыс Қазақстан облысы,
Күршім ауданының психологиялық - педагогикалық
түзеу кабинетінің педагог - психологы Сакпанова Меруерт Рашкановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 977
0
4 дауыс
Оқи отырыңыз
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - жаңа жыл болып саналған.
Бар ізгілік бір өзіңнен басталған
Бар ізгілік бір өзіңнен басталған
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші.
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Балалар жазушысы Жәнібек Кәрбозиннің Жиырма тиын әңгімесін мазмұндау. Жақсы ондай болса үй тапсырмасын «Ойлан тап» ойыны арқылы тексерейік. Ол үшін тақтадағы ұяшықтарды таңдаймыз сұрағына жауап береміз. Қай топ көп ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
Көктем келді өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру. Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Караулова Гулбарам Нурсултановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.