Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Бар ізгілік бір өзіңнен басталған

02 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Бар ізгілік бір өзіңнен басталған»
Мақсаты: Оқушыларға ата - ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, АКТ - пайдалану

Барысы:
Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті оқушылар, ару қыздар сіздерді келе жатқан 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт зор денсаулық тілеймін.
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналарға, қадірлі апайларға, қызғалдақ қыздарға арнап бүгінгі «Бар ізгілік бір өзіңнен басталған» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
Бүгінгі тәрбие сағатымды өткізудегі негізгі мақсатым адамда не қасиет болса да, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен жаралған Ананы сүюге, ардақтауға тәрбиелеу. Сіздердің жүректеріңізге «Ана» деген сөзді мәңгілік ұялату.

Жүргізуші: Мама – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды. Құрметті оқушылар Ана деген кім? Ананың бойында қандай қасиеттер бар, тақтаға назар аударалықшы.

3 - слайд. Менің анам – мейірімді, қамқор, ақылшым, дос - сырлас, ұстаз, шебер, ұста, сұлу, қайырымды, сүйікті, қымбатты, асыл, ардақты, т. б тағы кім қандай қасиеттер қосады, олай болса балалар ананың құдіретіне еш нәрсе теңесе алмайды, барлық әдемі сөздер анаға лайық.

4, 5, 6 - слайд. Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя! Ана - көрегендігінің теңдесі жоқ! Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады!
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші. Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана.

7 - слайд. Қымбатты оқушылар экранға назар аударалық, мына бейне роликті тамашалайық, сосын осы тақырыпта ой өрбітейікші. «Ана мен бала» бейне ролигі

8 – слайд. Оқушылармен жеке жұмыс, сыни – тұрғысынан ойлау қабілетін анықтау үшін бейне ролик бойынша оқушыларға сұрақтар қою.
1. Бейне ролик не мақсатта түсірілген?
2. Баланың орнына өзіңді қойып көр, сен не істер едің?
3. Қазіргі қоғамда осындай оқиғалар кездесе ме?
4. Кім кінәлі? 5. Қандай көңіл күйде болдыңдар?

9 - слайд. Топпен жұмыс. Сергіту.
1 – топқа: Ана туралы өлең шығару
2 – топқа: Ана туралы кез келген автордың әнін айту
3 - топқа: Ана туралы мақал – мәтелдер мен нақыл сөздерді айту.

10 - слайд. Ендігі кезек, оқушылар ендігі сіздердің ой – пікірлеріңізді білгім келеді, әр топқа тапсырма беремін, яғни постер қорғаймыз. Әр топ біріге отырып тапсырманы өз деңгейлерінше орындайды. Қане, қайсы топ болды? Орындаған топтың пікірін құлақ түріп тыңдалық!
1. Ата – ананың ақысы немен өлшенеді?
2. «Ата - анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?
3. Баласының ата – ана алдындағы парызы мен қарызы.

11 – слайд. Күнің болып күнде оятайын, Аман жүрші тек қана МАМАТАЙЫМ!!! Құрметті оқушылар, барлығымыз анадан тудық, анадан тарадық. Ананың бойынан ізгілікті, мейірімділікті көріп өсіп келеміз. Ешбір ана баласына еш жамандық тілемейді. Тәрбие сағатымыздың келесі кезегі анама хат. Әр қайсымыз өз анамызға сағынышымызды білдіріп, ішкі сырымызды айтып хат жазып көрдіңіздер ме, олай болса бір бет парақ алып хат жазайық. Хат жазбас бұрын мына оқушының анасына жазған хатын оқып берейін. Ал, қалам алып хат жазалық!
(музыка әуенімен оқушылар хат жазуға кіріседі)

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын аналардың баласы бар. Хормен «Ана» әнін айтады.

Жүргізуші: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралған жоқ. Құрметті оқушылар осымен «Бар ізгілік бір өзіңнен басталған» ашық тәрбие сағаты өз мәресіне жетті. Барлық аналар аман болсын, барлық балалар бақытты болсын! Мереке құтты болсын!

Маңғыстау обылысы, Бейнеу селосы
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары
Гүлназ Әжібаева Айтжанқызы
4 714
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Күйді жаттау әдісі
Күйді жаттау әдісі
Күй – қазақ халқының рухани мәдениетінің аса маңызды саласы. Қазақ халқының күйшілік өнері сонау көне заманнан халқымызбен бірге жасасып, біте қайнасып, көзіміздің қарашығындай сақтап келе жатқан асыл қазыналарымыздың бірі.
Біржан сал
Біржан сал
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Сам орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Умит Джаумытбаевна
Жаяу жүргінші және жүргізуші
Жаяу жүргінші және жүргізуші
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Жауқазын" ясли бақшасы тәрбиешісі Аманова Марал Жанахметқызы
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Бекболат ауылы, 1 Май орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джанкенова Анаргуль Куанышевна
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Атырау қаласындағы химия - биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.