Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Желтоқсан - тәуелсіздіктің ұлы рухы

12 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Желтоқсан - тәуелсіздіктің ұлы рухы» (5 сыныптарға)

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне

Тәрбие сағатының мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
Мақсаты: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дамытушылығы:
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.
«Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы суреттер және слайд. Қанатты сөздер.

1 - жүргізуші: Ақжол
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: Гаухар
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Оқушылар тұрып ән ұран орындалады.

1 - жүргізуші: Ақжол
Қанша жыл өтсе де қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар қатарынан орын алған желтоқсан оқиғасы мәңгі жүрегімізде!
Ұмытылмайтыны - оның тағдырымызбен байланыстылығында. 1986 жылы желтоқсан көтерілісі де ауыл үйдің жәй ғана әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап, ғалам тарихи оқиғаларының бірі.
2 - ж Гаухар
Желтоқсанның желі аязы ызғарлы,
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға,
Азап шекті қайсар қазақ қыздары мен ұлдары.

1 - Әлішер
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

2 - Айша
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.

3 - Досымжан
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

4 - Бегім
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

1 - ж Ақжол:
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі
бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ
халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің
бірі.

4 - Ақниет:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

5 - Жантемір:
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

6 - Дәулет
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

2 - ж: Гаухар
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі
1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10. 00
да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып
келген Д. А. Қонаев түсіріліп, орнына Г. Колбин ешкімнің
пікірінсіз - ақ ұсынылған еді.
1 - ж Ақжол:
Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс.
Көрініс
- Қыздар, мен газет әкелдім.
- Не жаңалық шығыпты?
- КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д. Қонаевты алып, орнына
В. Колбинді тағайындапты.
- Колбин деген кім екен?
- Қайдан келіпті?
- Колбин Ульяновтан келіпті.
- Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
- Біз демократияны талап етеміз.
- Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!

8 - Алихан:
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

2 - жүргізуші:
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

1 - жүргізуші:
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.
Соның бірі «Менің тағдырым».

9 - Арман:
Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен - ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласам да болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.

2 - жүргізуші:
Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып жанын елі үшін құрбан еткенін еске түсіруге болады.

Атырау қаласы,
И. Тайманов атындағы №27орта білім беретін мектеп
Кеңесова Гүлнара Қайырғалиқызы

Толық нұсқасын жүктеу
4 089
1
3 дауыс
Оқи отырыңыз
Тәуелсіздік көкбайрағы
Тәуелсіздік көкбайрағы
Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Елтаңба, ту, әнұран жайлы түсініктерін бекіту, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ұлт рухының, ұлы жолы» атты әдеби – музыкалық композиция
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ұлт рухының, ұлы жолы» атты әдеби – музыкалық композиция
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ұлт рухының, ұлы жолы» атты әдеби – музыкалық композиция Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін, Қажеті не өзгенің өлшемінің, Айбарлы елдің ұлымын ай таңбалы, Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін, Қажеті не басқаның
Ыбырайтану әлеміне саяхат
Ыбырайтану әлеміне саяхат
Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен Ы. Алтынсариннің 175 жылдығы қатар келіп отыр, соған байланысты топқа бөлуді, жалпы бүгінгі сабағымызды осы қос мерекемен байланыстырамыз.
Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау
Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау
Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау. Өтілген материалдар бойынша оқушының білімдерін пысықтау, ой - өрісін кеңейту, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттері мен логикалық ойлауын дамыту.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
қырмызы
қырмызы Қонақ 19 қаңтар 2017 19:09
0
өте жақсы. менде кезінде атырауда оқып едім, танымасамда дауысымды бердім.