Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау
Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау.
Сабақтың мақсаты: Өтілген материалдар бойынша оқушының білімдерін пысықтау, ой - өрісін кеңейту, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттері мен логикалық ойлауын дамыту.
Ұйымшылдыққа, бірлікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, ұтқыр ойға ұтымды жауап беруге баулу.
Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, өз бетінше жұмыс.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану
Көрнекілігі: ребус, жұмбақтар, сандықша
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
- Бүгін бізде тағы бір ерекше сабақ.
Әрине, бұл сабақ - сендердің білімдеріңмен ерекше! Ел тарихын тани отырып, математикалық есептер шығаруда білімділерді байқаймыз.
- Ендеше, бүгін оқушылар қалай болуы керек деп ойлайсыңдар?
- Ізденгіш, ойшыл, талапты, тапқыр.
ІІ. Психологиялық дайындық
1. Қызығушылықты ояту
Ребустың шешімін тап.
ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Білімді тиянақтау»
1. Бүгінгі күн.
Көркем жазу
1986, 1991, 1992, 1993, 1994, 1995, 1996, 1997, 2016
2. «Математикалық сандықша»-«Сандар сөйлейді»
Тапсырма: Осы жылдары болған оқиғаларды білесің бе?
1986 жыл - 1986 жылы қазақ жастары өз Отанын, жерін, ар - намысын қорғай алатындығын көрсетіп, бейбіт шеруге шықты. Алғы сапта болған Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, Е. Сыпатаев, С. Мұхамеджанова сияқты ұл - қыздарымыз өздерінің жас өмірін сарп етті. Олар Қазақстанның тәуелсіз ел болғанын қалады.
«Тез есепте»№1
51*4
24006: 6
10000: 250
12130*4
2) 1991 жыл 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.
«Өрнектердің мәнін тап»№3
2597*32+280448: 56
2700+20124: 387 - 509
700+(11267+1522): 203
8045*8
Тақтаға шығып есептер шығарып, оқушылар бір - бірлерін тексереді.
3. Мұғалім: Міне, балалар еліміздің басынан қаншама қилы - қилы кезеңдер өтті. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғанына 25 жыл толғалы отыр. Осы тәуелсіздіктің ұраны келешек ұрпақ үшін:
«Тәуелсіздіктің Туы - білімді ұрпақ қолында!»
Тәуелсіздіктің қырандары 4 сыныпта кімдер екен?
(Оқушылар сөйлейді)
1992 жыл - Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1993 жыл15 қараша Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық теңгесі айналымға енді.
1994 жыл. Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусым ұшқыш Талғат Мұсабаев аспан көгіне көтерілді. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қосылды.
Олай болса тақтаға есептер шығарайық
№4
а) Екі айлақтан бір мезгілде бір - біріне қарама - қарсы бағытта теплоход пен моторлы қайық шықты. Теплоход 33км\ сағ жылдамдықпен, моторлы қайық 25км\ сағ жылдамдықпен қозғала отырып, олар 3 сағаттан кейін кездесті. Екі айлақтың арақашықтығы нешеге тең?
«Кім жылдам?»
№6 Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
8т2ц=? кг
60000кг=? ц
6км90м=? м
5сағ8мин=? мин
8м254дм2=? см2
72сағ=? тәул.
4. Сергіту «Ойлы болсаң озып көр»
Жұмбақтар
1. Бұл қаланың басталды жыры жаңа,
Қазақстан төрінен мұны қара.
Бірінші буынында тамақ аты,
Екінші буынында ірі қара.
(Астана)
2. Жанқияр патриотқа тән қылығы,
Бұл жас жігіт өлмейді мәңгі тірі.
Оны ойласам келеді құлағыма,
Әйгілі желтоқсанның жаңғырығы.
(Қайрат Рысқұлбеков)
«Жалғасын тап»
1. Отан үшін отқа түс.........................
2. Отан - оттан да...................................
3. Отан - отбасынан...............................
5. Мұғалім:
- Ал, балалар біраз сергіп алған болсақ сабағымызды жалғастырайық
Оқушылар:
1995 жыл 30 тамыз. Референдумда ұсынылған жаңа Ата Заң бір ауыздан қабылданды.
1996 жыл. Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.
1997жыл. Тіл туралы заң қабылданды.
6. Блиц - турнир
а) 1т=? кг (1000кг)
ә) 7күн -? апта (1апта)
б) 24сағат -? тәул.(1тәулік)
в) көлемнің өлшем бірлігі -?(куб)
д) уақыт бірлігі -? (сағат)
е) 1ғасыр -?(100жыл)
ж) тіктөртбұрыштың периметрін қалай табады? (Р=а+в)*2
з) 900бұрыш қандай бұрыш? (тік бұрыш)
7. Мұғалім: Соңғы санымыз 2016 саны. Бұл сан туралы не айтуға болады?
Оқушы: 2016 жыл 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл. Біздің бүгінгі сабағымыз 25 жылдықтың құрметіне орай ұйымдастырылған.
8. Сабақты бекіту. Егемендіктің көк Туы кімнің қолында екен?
9. Бағалау.
10. Үйге тапсыр
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы,
Ақсуат жалпы білім беретін негізгі орта мектебінің
бастауыш пәні мұғалімі Абакова Салтанат Мирамбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Оқи отырыңыз
Көбейтудің терімділік қасиеті
Көбейтудің терімділік қасиетімен таныстыру. Осы қасиеттерді есеп шығаруда қолдануды үйрету. Білімге деген қызығушылығын арттыру.
Жас математик
қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Сан аралықтары
теңсіздіктер шешімін сан аралығы арқылы жаза білуге, сан аралықтарының атын білуге және координаталық түзуде сан аралықтарын кескіндей білуге үйрету.
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр
тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу және олардың мәндерін салыстыру барысын - да машықтандыра түсу.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары

Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.