Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Сарыарқа – ұлы дала

25 наурыз 2016, Жұма
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы 7 - сынып.
Тақырыбы: Сарыарқа – ұлы дала
Мақсаты: Орталық Қазақстан аймағының Сарыарқа деп аталу себебін, орналасқан аймағын картадан көрсету, тарихи - мәдени ескерткіштерін түсіндіре отырып аймақтың шаруашылық, мекендеген тайпалары жөнінде тарихи түсінік қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пайдалана отырып, сұрақ қою, жаңа сабақпен байланыстыра қарау арқылы оқушылардың ойлау, шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Кең байтақ қазақ жерінің тарихи орындары, тайпалар қалдырған тарихи мұралар арқылы туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз беттерімен білім алуға дағдыланады. Жаңа білімді игереді. Орталық Қазақстан жөнінде толық ақпарат алып, оны қажетті жерінде қолдана білуге үйренеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегиялары, өзара оқыту, карта, түрлі - түсті суреттермен жұмыс.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, схема - суреттер.

1. Мағынаны тану.
(Б. Самединованың орындауындағы «Сарыарқа» әні, Орталық Қазақстанның табиғат суреттері көрсетіліп тұрады.)
Олай болса біздің бүгінгі сабағымыз Сарыарқа - ұлы дала.
Жоспары:
1. Сарыарқа – ұлы дала.
2. Сарыарқаның тұрғындары.
3. Шаруашылығы.
4. Ерте темір дәуірі ескерткіштері, Тасмола мәдениеті.

Қызығушылығын ояту.(Географиялық орнын айту).
Сарыарқа - Орталық Қазақстанның көпшілік жерін алып жатыр. Батыста Торғай үстіртімен, Шығыста Сауыр - Тарбағатай тау жүйесімен, Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан жазығымен, Оңтүстік батысында Тұран ойпатымен шектеледі. Батыстан Шығысқа дейінгі ұзындығы 1200 км, ені шығыс бөлігінде 400 км, батыс бөлігінде 900 км шамасында.
Сарыарқа деген ұғым Қазақтың сары даласын Шығыстан батысқа қарай бөліп жатқан аласа таулар желісін білдіреді. Қола дәуірінен бастап бұл аймақта кен өндіру, ал ерте темір дәуірінде мыс, алтын және басқа да металдар өндіру жақсы өркендеген.
Сарыарқаның мыңдаған жылдар бойы жел, су әсерімен үгілген, мүжілген аласа тауларымен олардың баурайындағы көлдерде неше түрлі пішіндегі тас мүсіндер; Көкшетаудағы шөккен бура, жеке батыр бейнелері, жұмбақ тас, Оқжетпес. Олар осы өлкенің сұлу табиғатына қосылып таңқалдырады. Бұларға қатысты аңыз әңгімелер көп.
(Ауыз әңгімелерді айту).
Біздер осы уақытқа дейін қандай тайпалар жөнінде оқыған едік?
Сол сияқты Сарыарқа өңірін де мекендеген өзіндік тайпалары болған екен.
Тарихтың атасы кім еді? (Герадот)
Сол Герадоттың айтуы бойынша Сарыарқа өңірін аргиппейлер мен исседондар жайлаған. Ал қазіргі ғалымдардың айтуынша, анықтауынша ежелгі заманда Сарыарқаның солтүстік батысында аргиппейлер, орталығында исседондар, шығысында аримаспылар тұрған.
(Карта үлестіру. Оған белгілеп отыру.)
Енді осы халықтар өмір сүру үшін, өздерін түрлі қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін шаруашылық салаларымен айналысады.
1. Осыған дейінгі оқыған тайпаларымыз шаруашылықтың қандай түрімен айналысып еді? (балалардан сұрау)
2. Неге көшпелі мал шаруашылығына көштік?
Себебі: 1. Табиғатта құрғашылық бел алып жауын шашын азайды.
Егіншілікпен шұғылдану қиындады.
2. Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді.
3. Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.

Олай болса енді мен сіздерге жұмбақ жасырайын.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)

2. Мүйізі айдай иірген,
Мұрнын көкке шүйірген
Ірімшік пен құрт, майы,
Жегенде тілді үйірген. (сиыр)

3. Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар. (түйе)

Неге бұл жұмбақтарды қойып жатырмыз?
Себебі Орталық Қазақстанда мекендеген тайпалар осы малдарды өсірумен айналысқан екен.
Енді бұл малдардың адамдар өмірінде қандай роль атқарғанын анықтауымыз үшін малдарымызды жарнамалап сатамыз. Сол кезде сатайын деп тұрған малымыздың қасиеттерін айтамыз.

Көшпенділер нені білуге тиіс еді?
Малшылар өздері тұрған және өздерін қоршаған табиғатты түсіне білуге тиіс болды. Ауа - райының қалай болатынын болжап алуы тиіс еді.
Халық арасында ауа - райын болжаудың мынадай деректері сақталған.
1. Қозылар қойдың алдын орай жайылса, қыс қолайлы болады.
2. Қыстан қорадан шықпай шегіншектеп, маңырап шуласа ауа - райы бұзылады.
3. Жыл құстары топ - тобымен бір мезгілде ұшып келсе, көктем тез шығады.
4. Қарлығаш биік ұшса ауа - райы жақсы болады, төмен ұшса ауа - райы бұзылады.
5. Жазда қоян көп болса, алдағы қыс суық болады.
6. Құмырсқа күзде де көрінсе қыс жылы болады.
7. Құмырсқа илеуін биіктеу қылып салса, қыс қатты болады.
Осылайша қазақтар өздерінің шаруашылығында көптеген тиімді білімдерге қол жеткізді.

Қазақтардың аспан әлемі, жұлдыздар жөніндегі түсініктері де өте бай болды. Олар бағытын, уақыттың мезгілін жұлдыздар арқылы анықтаған.
Жол жүргендегі басты бағдары болған жұлдыз - Солтүстікте орналасқан -«Темірқазық» жұлдызы. Темірқазықты айналып жүретін жеті жұлдызды «Жетіқарақшы» дейді.
Жұлдыздарға қарап жыл мезгілінде анықтаған.
Үркер жұлдызының жерге жақындауы көктемнің жақындап қалуының белгісі. Жаз шыға бастағанда Үркер жерге тіпті жақындап келіп, соңында жерге түскендей болып көрінбей кетеді.
Үркердің жерге түсуінен жаз айы - шілде басталады. (40 күн шілде)
Үркер қайта көріне бастаса күздің жақындағаны.
Таң ата туатын жазғы жұлдызды Шолпан деп атаған. Алысқа аттанатын жолаушы таң Шолпаны көрінісімен жолға шығатын болған.
Қыста малды кешкі Шолпан жұлдызына қарап, қораға кіргізген.
Қазақша ай аттарының да табиғатпен тығыз байланысы бар.
1. Наурыз - парсыша «жаңа күн».
2. Көкек (сәуір) – көкектің алғаш шақыра бастайтын кезі.
3. Мамыр – семірген дала қазының мамырлап ұша алмай қалатын кезі.
4. Маусым немесе Отамалы – жер отайып, мал көкке қарық болады деген сөз.
5. Шілде – парсының «Шіллә» қырық деген сөзінен шыққан.
6. Тамыз – қазақтар Сарша тамыз деп атаған. Сарша – шөптің сарғая бастауы.
7. Қыркүйек – күйек салу науқаны.
8. Қазан – нақты түсінік жоқ. Зерттеушілер бұл айда күздік соғым сойылып, қазан көбірек асыла бастайды, осымен байланысты дейді.
9. Қараша – жер тақырланып қарайып қалады. Содан шықты деген болжам бар.
10. Желтоқсан (тоқсан) – жылдың ақырғы ширесі. Наурызға дейін 90 күн қыс бар дегеннен шыққан.
11. Қаңтар – күннің «қаңтарылып» байланатын, одан әрі қысқара алмайтын айы.
12. Ақпан – малдың жұтауы, суық желден ығатын кезі «ақ - ықпа» деген сөздің бірігуінен шыққан дейді.

Әрбір өмір сүрген халық өзінің мекендеген жерінде өз іздерін қалдырып отырған. Яғни олар мекендеген жерде жерленген орындар, еңбек құралдарынан қалдықтар т. б. қалған. Сарыарқа өңіріндегі осындай ескерткіштерді исседон тайпалары қалдырған. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіштері Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірінен табылған. Сондықтан Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері Тасмола мәдениеті деген атпен белгілі.
Бұдан бұрын біз қандай тайпалардан қалған қандай мәдениетті білетін едік?
(Қола дәуірі кезіндегі андрон тайпаларынан қалған Андронова мәдениетін)
Қола дәуірі кезіндегі Орталық Қазақстандағы мәдениет – Беғазы - Дәндібай мәдениеті деп аталған.

Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің ескерткіштері негізінен обалы қорымдар түрінде сақталған.
Оба - қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік. Обалардың жеке тұрған және топтасқан түрлері болады. Топтасқан түрлері «қорым» деп аталады.
Орталық Қазақстанның, яғни Сарыарқа даласының ерте темір дәуіріне тән ескерткіштерін «мұртты» обалар деп атайды. Кейбір ғалымдардың пікірінше «мұртты қорғандар бағдаршам» ролін атқарған.
Қазақстанда 300 - ден астам «мұртты» обаларға жататын ескерткіштер бар. Оның 80 % астамы Орталық және Солтүстік Қазақстанға тиесілі.
Мұртты обалардың 4 түрі кездеседі.
1. Үлкендеу қорғанның шығыс жағынан салынған кішілеу қорған обалар. Кіші қорғанның шығыс жағынан «мұрт» сияқты тас тізбек кетеді.
2. Екі қорған оңтүстіктен солтүстікке қарай қатар салынады. Екі қорғанның Оңтүстік және Солтүстік шегінен шығысқа қарай мұрт «доға» сияқты тас құрылыс жүргізіледі.
3. Алдымен бір үлкендеу қорған салынады, соның үстінен тағы бір кішілеу қорған тұрғызылады. Үлкен қорғанның шығыс жағынан тас «мұрт» жасалады.
4. Үшіншіге ұқсас. Яғни бірінің үстіне бірі салынған екі қорғаннан тұрады. Бұл Обалардағы астыңғы қорған мен үстіңгі қорғанның ара жігін қазба барысында ғана анықтауға болады.
Обалар неге екеу? Себебі біреуіне адамды екіншісіне мініс атын жерлеген.

ВЕЕН диаграммасы.
Беғазы - Дәндібай
1. Қола дәуірінікі
2. Құрылыстары ірі.

Тасмола мәдениеті
1. Ерте темір дәуірінікі
2. Адаммен бірге жылқыны қоса жерлеген.
Ортақ қасиет
1. Оба түрінде
2. Орталық Қазақстанда

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Сыңғырлау ауылы, "Сыңғырлау мектеп - балабақша кешені"КММ - нің
тарих және құқық пәні мұғалімі Шариғатова Гүлжамал

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 093
1
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен оқушыларды жан - жақты таныстыра отырып, шығармалардың тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;
Ерліктің арқауы, Елдіктің бастауы – қазақ хандығы
Ерліктің арқауы, Елдіктің бастауы – қазақ хандығы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Аудандық Оқушылар Үйі «Өлкетану» үйірмесінің жетекшісі Алишева Жанаркуль Журсиналиевна
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Бейнелеу өнері 5 түрге бөлінеді. Олар графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері. Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын бір түсті сурет. Живопись - қағаз, картон, кенеп бетіне әр түрлі
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі. Олар: парсы патшаларының тастағы сына жазбалары және грек - рим авторларының шығармалары.
Музыка және қолданбалы өнер
Музыка және қолданбалы өнер
Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән - күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
марал
марал Қонақ 3 сәуір 2016 17:32
0
Сарыарқа-ұлы дала тақырыбы 6 сыныпта емеспе? Неге 7 сынып деп тур. алде сиздерде 7 сыныпта оқима?Қандай оқулықпен оқисыздар№