Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Амангелді Иманов - халық батыры

20 сәуір 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Амангелді Иманов - халық батыры
Сабақтың мақсаты: 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілістің 100 жылдығы туралы хабарлама жасай отырып, ұлт - азаттық көтеріліс кезіндегі батырлар туралы түсінік беру. Амангелді Имановтың ерліктерін баяндап, халқымыздың тарихынан тағылым бере отырып, оқушылардың ойын, қабілеттерін жетілдіру. Ойын ашық жеткізуге, шығармашылыққа баулу. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ерлікке, елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу. Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға баулу. Тәуелсіздігімізді баянды етуге үлес қостыру
Көрнекілігі: Карта, слайдтар
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту.
Әдісі: Баяндау, сұрақ, жауап
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарихы, өнер

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпты 3 топқа геометриялық фигуралар арқылы бөлдім
2. Жаңа сабақ жоспары:
1. 1916жылғы ұлт - азаттық көтеріліс
2. Амангелді Иманов - халық батыры
Жаңа сабақты түсіндіру: Тақырыпты бастамас бұрын оқушыларға жалпы
көтеріліс ұғымын қалай түсінесіңдер? Қазақ даласында бұрын - соңды көтеріліс болды ма? Батырлардан кімдерді білесіңдер? Көтеріліс неліктен болады деп ойлайсыңдар? - деген сұрақтарға жауап алдым

1. 1916жылғы ұлт - азаттық көтеріліс - 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс туралы түсіндіру үшін оқушыларға картаға және көтеріліс туралы суреттерге назар аударуларын сұраймын.
(Слайд №1, 2)
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 1 тамызда басталды.
1916жылғы ұлт - азаттық көтерілістің шығу себебі: әлеуметтік - экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни, отарлық езгінің
І дүниежүзілік соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және тағы басқалар. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және Сібірдің 19 - дан 43 - жасқа дейінгі ер - азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
16 жылында 25 маусымда
Даланы қара түн басты
Найзағай ойнап от шашты
Жым - жырт жатқан сахара
Басқандай болды албасты,- деп ақын жырлағандай ел дүрбелең күйге түсті.
Көтерілістің 2 ірі ошағы болды: Бірі - Жетісу өлкесі. Екіншісі - Торғай өңірі

2. Амангелді Иманов кім? (слайд № 3)
Амангелді Иманов

1873– 1919жж
Торғай уезінде дүниеге келген
Иман батырдың немересі
1916ж. көтерілісті ұйымдастырушы
батыр
Торғай ошағындағы көтеріліс жетекшісі
А. Ү. Иманов туралы топтастыру арқылы түсіндіру.
Амангелді батырдың ұйымдастырушылық қабілеті туралы, өз әскерін ондыққа, жүздікке, мыңдықтарға бөліп, дұрыс соғыс тактикасын қоя білуі, қатаң әскери тәртіп орнатуы, ерлігі туралы айтылады.

Өздік жұмыс: №1. Тапсырма орындау(шығармашылық қабілеттерін дамыту)
1 - топқа - Батыр туралы мақал - мәтелдер
2 - топқа - Өлең не шағын әңгіме құрастыру
3 - топқа - Сурет салдыру

1 - топ - Батырлық, ерлік туралы мақал - мәтелдер айтылды.
2 - топ - Өлең құрастырған:
1. Амангелді - батыр атам
Елін, халқын қолдаған
Қандай қиын кез болса да
Ел намысын қорғаған.

2. Ақ білектің күшімен
Ақ найзаның ұшымен
Бабаларым қорғаған
Ешқашанда олардың
Есімін мен ұмытпан.

3 - топ - А3 форматына сурет салды
№2 тапсырма: Амангелді Имановтай батырымызға елімізде қандай құрмет көрсетілді (слайд № 4, 5) (Ізденіс жұмысы - оқушылар материалдар алып келеді)

1 - топқа - Амангелдіге арналған қандай шығармалар бар?
Топтың жауабы: 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілісі туралы – Омар Шипиннің «Амангелді батыр» дастаны. Ақынның басты мақсаты Амангелді Имановты және ол бастаған көтерілісші сарбаздардың ерлігін жырлау болған. Ақын о баста «Амангелдің айбаты», «Губернатор келгенде» және Амангелдің әр ұрысы туралы жеке - жеке өлең, толғаулар шығарған. Амангелдінің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын - жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болған.
Ж. Жабаевтың "Амангелді" поэмасы бар.
Бақыт Имановтың «Амангелді» романы бар.
Жазушы Ғабит Мүсірепов "Аманкелді" пьесасында халық батырының көркем бейнесін жасады.
Нұрпейіс Байғанин "Амангелді батырым" өлеңін жазды. Өлеңді мәнерлеп оқып берді.(Топтағы оқушылар кезек - кезек сөйлеп отырды)
2 - топқа: Өздеріңіз көрген бейнебаян туралы не айтар едіңіздер? (Амангелді киносынан үзінді)

2 - топтың жауабы: 1938 жылы Ленин орденді "Ленфильм" киностудиясы толықметражды "Амангелді" дыбысты фильмін жасап шығарды. Киносценарийді қазақ драматургі Ғабит Мүсірепов пен жазушы Всеволод Иванов бірігіп жазды. Картина режиссері Мойсей Левин болды. Бұл көркемөнер туындысы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болды. Басты рөлді, яғни Амангелді бейнесін театр актеры Елубай Өмірзақов сомдады.

3 - топқа: Қандай картиналар бар?
3 - топтың әзірлеген материалдары
Халық суретшілері Әбілхан Қастеевтің - "Амангелді" портреті, "Амангелді шабуылы", "Торғай жорығы" картиналары бар.
Қ. Телжанов - "Амангелді", "Амангелді қызыл атты әскері", Амангелді образы тартымды бейнелеген.

Мұғалім: Жалпы еліміз, халқымыз батырларын дәріптей білген ел. Аманкелді Имановтың туған ауданы және республиканың көптеген колхоз, совхоздары батырдың есімімен аталады. Алматы қаласында және көптеген аудан, облыс орталықтарында батырдың ескерткіш мүсіні орнатылған. Біздің Атырауда А. Иманов атындағы көше, Балықшы ауданында ауыл болса, Құрманғазы ауданында да мектеп пен көшеге батыр есімі берілген.

Бекіту сұрақтары:
1. Амангелді Иманов кім?
2. Амангелді Иманов қай кезеңдегі көтеріліске жетекшілік етті?
3. 1916ж. көтерілістің шығу себептері?
4. Тағы басқа қандай батырларды білесіздер?

4. Қорытынды: 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліске биыл 100 жыл толғалы отыр. Бұл көтерілісте А. Иманов атамыздан басқа да батырлар қол бастап отаршылдық саясатқа қарсы шықты.
Бұл жұмыр жерде Париж баррикадасында көтерілген Қызыл ту, "Аврора крейсерінде" көтерілген Қызыл ту, одан кейін Торғай даласында Аманкелді Имановтың сарбаздары көтерген Қызыл туды адамзат тарихы ешуақытта ұмытпақ емес!
"Қазақтың Ленинграды" атанған Торғай даласындағы халық батыры Амангелді Иманов есімі келер ұрпақ есінде мәңгі сақталары сөзсіз.
Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елімізді, жерімізді қорғаған батыр бабаларымыз аңсаған Тәуелсіз ел болғанымызға да 25 жыл толып отыр.
Елбасымыз ұсынған "Мәңгілік ел" саясаты да Тәуелсіз Қазақ елінің жарқын болашағын айқын көрсетіп тұрған жоқ па?! Ендеше, ата - бабаларымыз армандаған тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Үйге тапсырма: "Батыр - ел үшін туады" деген тақырыпқа шағын әңгіме жазып келу
Бағалау.

Атырау облысы, Мақат ауданы,
Доссор кенті, Абай атындағы орта мектептің
тарих және құқық пәнінің мұғалімі
Есеева Ағис Адамбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 617
3
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
«Семей қаласының №37 гимназиясы»КММ қазақ тіл мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрғамысова Шолпан Махмұтқызы
Отан сүйер ұланбыз
Отан сүйер ұланбыз
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши селосы, Қ. Жазықов атындағы орта мектеп бастауыш класс мұғалімі Құлманова Злиха Санаққызы
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі мен сақ қолбасшыларының ерлігі туралы білімдерін еске түсіріп, пысықтау.
М. Хакімжанова «Бала Мәншүк»
М. Хакімжанова «Бала Мәншүк»
Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен таныстырып, оның ерлігі туралы түсініктерін тереңдету.
Есімшенің жасалу жолдары
Есімшенің жасалу жолдары
Есімше – етістіктің ерекше түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде ешқандай қосымшасыз тұрып, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін, ал кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп,
Пікірлер (3)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бақытгүл  Утепова
Бақытгүл Утепова Қонақ 7 мам 2016 00:34
0
Сабақтың құрылымы маған ұнады. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне өте жақсы деген баға берем.
Сауле
Сауле Қонақ 9 мам 2016 11:02
0
Сіздің сабағыңыз өте жақсы құрылған.Тың тақырып.Сіз жүлделі орынға лайықсыз деп білем.Бірақ дауыс бере алмай отырым.
Зарқын Тайшыбай, профессор
Зарқын Тайшыбай, профессор Қонақ 5 маусым 2016 11:40
0
Ағис па Ағыс па, қалқам! Балаларды шатьстырма! Тәуелсіздікке 25 жыл толып отырғанда, мынадай сабақ деген не сөз? Қазір бәрі өзгерген. Омар Шипиннің «Амангелді батыр» дастаны. Ақынның басты мақсаты Амангелді Имановты және ол бастаған көтерілісші сарбаздардың ерлігін жырлау болған. Ақын о баста «Амангелдің айбаты», «Губернатор келгенде» және Амангелдің әр ұрысы туралы жеке - жеке өлең, толғаулар шығарған. Амангелдінің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын - жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болған, дейсің,
Ж. Жабаевтың "Амангелді" поэмасы бар.
Бақыт Имановтың «Амангелді» романы бар, дейсің. Ал, Мұстафа Шоқай не дейді. Тауып алып оқы. Әлихан Бөкейхан не дейді, тауып алып оқыңыз. Сорлы бала мақұлық Министерствоның бағдарламасымен бүлдіріпсің.
Жазушы Ғабит Мүсірепов "Аманкелді" пьесасын Бейімбет Майлинмен бірге жазған. Фильм сценариі де сондай. Всеволод Иванов дейсің, сорлы бала. Олардың бәрі "тап күресі" деген сандырақпен Компартияның заказы бойынша ақша үшін жазғандар. Шындығы басқа екенін басқа авторлар жазып жатыр. Оларды оқымапсың. Қараңғы мұғалім екенсің дейін десем, аузым бармайды. Оқымаған, Білмейтін шаруаңа жолама! білмеген болсаң, класс сабағын өткізбе. Былықтырып өткізнгеніңді интернетке салма. Алаш көсемдері қайда?