Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті

20 наурыз 2016, Жексенбі
Категориясы: Тарих
САҚТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ
Сабақтың мақсаты:
• Сақтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығының дамуы, кәсібі, бейнелеу өнерінің дамуы туралы түсіндіру. Діни наным - сенімдерді, антропологиялық зерттеулерді атап өту.
• Бәсекеге барынша қабілетті білімді, адамгершілігі жоғары жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:

1. Карта
2. Тірек - сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте.

Үй тапсырмасын сұрау:
• Темір дәуіріне сипаттама беріңдер.
• Сақтар туралы жазба деректер қандай грек, парсы ғалымдары мен философтарын білесіңдер? Олардың қалдырған деректерінен не білуге болады?
• Сақтар туралы қытай деректері қандай мағлұматтар береді?
• Анахарсистің әлем философиясындағы алатын орны қандай?
• Соңғы кезде темір дәуіріне байланысты қандай жаңалықтар болды?
• Қазақстан жеріндегі темір дәуірінің ескерткіштерінің зерттелуі туралы не білесіңдер?

Сабақтың жоспары:
1. Сақтардың қоғамдық құрылысы
2. Сақ тайпаларының шаруашылығы
3. Қолөнер мен зергерліктің дамуы
4. Бейнелеу өнері
5. Діни наным - сенімдер
6. Сақтардың антропологиялық өзгерістері
«Сақтардың шаруашылығы», «Қолөнер мен зергерліктің дамуы» тақырыпшалары негізінде мәтінмен жұмыс жасату. Оқушыларды төрт топқа бөліп, сұрақтар таратылып беріледі. Дайындалуға уақыт беріліп жауап алынады.

І
1. Сақ тайпаларында шаруашылықтың қандай түрлері дамыған?
Көшпелі мал шаруашылығының екі түрін ажыратып көрсетіңдер.
ІІ
1. Шаруашылықтың, өндіргіш күштердің дамуы қоғамдық әлеуметтік жағдайына қалай әсер етті?
2. Малдың қай түрлері көп өсірілді? Оның тиімді жақтарын айтып беріңдер.
ІІІ
1. Сақтарда қолөнердің қандай түрлері дамыған?
2. Сақ шебері жасаған ерекше бұйым деп нені атауға болады?
IV
1. Сақ шеберлері металл бұйымдар жасаудың қандай тәсілдерін білген?
Сақтардың діни наным - сенімдеріне тоқтала отырып, мәтіннің негізгі мазмұнын талдап, дәптерлеріне жазғызу.
• Жерлеу салты;
• Отқа табыну;
• «Көсемдерге сыйыну»,
• Аспан денелеріне сыйыну;
• Анимизм, тотемизм, магия - ежелгі діни ұғымдардың сақталуы.
Сақтардың антропологиялық жағындағы өзгерістеріне тоқталғанда: «Қола дәуіріндегі ру - тайпалар және сақтар алғашқыда еуропеидтік пішінде болып, кейін сақтардың ұрпақтары монғолоидтік пішінге түсе бастауына не себеп болды?»- деген ғалымдардың пікірлерін келтіре отырып, оқушылардың өз ой - пікірлерін де ортаға салып, талдауға мүмкіндік беру.

Сабақты бекіту:
• Сақтардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайлары қандай болған?
• Сақ тайпаларының шаруашылығы туралы археологиялық деректер мен жазба деректерді салыстыра отырып, айтып беріңдер.
• Темір дәуіріндегі қолөнер мен зергерлік туралы не білесіңдер?
• «Аң стилі» дегенді қалай түсінесіңдер?
• Сақтардың діни - нанымдары
• Сақтардың антропологиялық жағынан монғолоидтік пішінге айнала бастауының себебі неде?
Бағалау: өзін өзі
Үйге тапсырма.

Астана қаласы, Академик Ғ. С. Сейтқасымов атындағы
индустриалды - экономикалық колледжі
тарих пәнінің І санатты оқытушысы
Ожаева Бахытнур Бахытбековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 644
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Өсімдіктердің вегетативтік мүшелері арқылы көбею жолдары
Өсімдіктердің вегетативтік мүшелері арқылы көбею жолдары
Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбейту жолдарын түсіну, пиязшық арқылы көбейтетін өсімдіктер туралы түсінік беру. Өсімдіктердің өсімдік мүшелері арқылы көбею ерекшеліктерін түсіну.
Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы тарихи маңызы
Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы тарихи маңызы
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын АКТ арқылы түсіндіре отырып, Жібек жолының сауданы, шаруашылықты, халықаралық қарым – қатынасты дамытудағы тарихи маңызын ашу.
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі мен сақ қолбасшыларының ерлігі туралы білімдерін еске түсіріп, пысықтау.
Күйді жаттау әдісі
Күйді жаттау әдісі
Күй – қазақ халқының рухани мәдениетінің аса маңызды саласы. Қазақ халқының күйшілік өнері сонау көне заманнан халқымызбен бірге жасасып, біте қайнасып, көзіміздің қарашығындай сақтап келе жатқан асыл қазыналарымыздың бірі.
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.