Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

1916 жылғы көтерiлiстiң алғышарттары, себептерi

12 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
1916 жылғы көтерiлiстiң алғышарттары, себептерi

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне

11 сынып
Мақсаты: Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту. Өз ойын жан - жақты толық жеткізе білуге, ізденуге қалыптастырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Күтілетін нәтиже: Сынып оқушыларының ой - өрісі жетіледі. Тақырыптың негізгі жүйлерімен маңыздылығын меңгеріп, ажыратып, тапсырма орындауды және тиімді қолдануға үйренеді. ҰБТ дайындық шындалады.
Жеті модульдің қолданылуы: АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Миға шабуыл, Кесте, сұрақ - жауап әдісі, БҮҮ кестесі, Кім алғыр?
Қолданылатын ресурстар: Оқулық, қосымша мәліметтер, тірек - сызбалар, үлестірмелі материалдар, Флипчарт, маркерлер, портреттер, белсенді тақта, стикерлер,

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сапқа тұрғызып, Қазақ елінің астаналары арқылы топқа бөлу, психологиялық ахуалды жақсарту
Жаңа тақырып
1916 жылғы көтерiлiстiң алғышарттары, себептерi.
Сабақ кезеңі:
1 - кезең: «Бәйге» (сұрақ - жауап)
2 - кезең «Мені түсін» (қосымша деректермен жұмыс жасау)
3 - кезең «Кім тапқыр?» Тарихи және әдеби шығармалар (Сәкестендіру)
4 - кезең «Ойлан – тап» (бірдей түстермен белгіле )
5 - кезең Бұл кім?
6 - кезең «Көкпар»Тест

Білім
Қызығушылықтарын ояту 1916 жылғы көтерiлiстiң алғышарттары, себептерi.
1 - кезең: «Бәйге» (сұрақ - жауап)
2 - кезең «Мені түсін» (қосымша деректермен жұмыс жасау)
1916 жылғы көтерiлiстiң алғышарттары, себептерi.
І. Бейне таспа ұсыну
ІІ. 1 - кезең: «Бәйге»
1. І дүниежүзілік соғысқа қанша мемлекет қатысты?
2. І дүниежүзілік соғыста ресей империясы қандай әскери одаққа кірді?
3. «Қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»- деп жазған кім?
4. Азамат соғысының уақыты?
5. «Қазақ» апталық газетінің редакторы?
6. Алашорда партиясының төрағасы?
7. 1916 25 - маусым жарғысыбойынша неше жастағы азаматтар армияға шақырылды?
8. «Қалың мал» романының авторы?
9. Шертпе күйдің негізін қалаушылардың бірі?
10. Құрманғазының би күйлері?
11. 1916ж Торғайдағы көшбасшылары?
12. 1916ж Жетісуда революциясының ең ірі ошағы болған қала?
13. «Жас арбакештер одағы» қай қалада құрылды?
14. 1917ж Ақпан төңкерісінен кейін Ресейде қандай династия өмір сүруін тоқтатты?

2 - кезең: «Мені түсін»
1. Ол «Тағы соғыс»деген мақаласында соғыстың әділетсіз екендігін, күшті мемлекеттер тарапынан зорлық саясат жүргізіліп отырғанын дәлелді. Ол: «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ол шаруасын бұзып, қанын төгетін - сорлы халық болар. ХХғ Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ?»- деп жазды. Ол кім? (Ә. Бөкейханов).
2. Ол «Төңкеріс және қазақтар» деген мақаласында «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын жариялау қазақтарының ұлт мәселесіне мұқият қарауының басталуы деп санауға болады. Колчак өкіметінен Кеңес өкіметін артық көргенде біз қателескен жоқпыз деп мен шын жүректен айта аламын және өз жолдастарымның көңілін орнына түсіре аламын»- деп жазды? Ол кім? (А. Байтұрсынов).

Түсіну
3 - кезең «Кім тапқыр?» Тарихи және әдеби шығармалар (Сәкестендіру)
3 - кезең:«Кім тапқыр?»Тарихи және әдеби кітаптар авторлары:
1. С. Асфендияров -------- “1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс”,
2. М. Әуезов -----------------“Қилы заман”,
3. С. Мұқанов --------------- “Ботакөз”,
4. Ж. Аймауытов ------------ “Қартқожа”,
5. С. Сейфуллин ------------ “Тар жол, тайғақ кешу”.

Қолдану
4 - кезең «Ойлан – тап» (бірдей түстермен белгіле )
5 - кезең Бұл кім?
1. Оспан Шоңов
2. Амангелді Иманов
3. Ә. Жанбосынов
4. Кейкі батыр
5. Бекболат Әшкеев
6. Нұрлан Қияшов
7. Кротов
8. Әлиби Жангелдин
9. Долматов пен Федотов
10. Демко мен Аркадьев
11. К. Көкімбайұлы
12. Ұ. Монай
13. Тоқаш Бокин

Жинақтау
6 - кезең Шығармашылық тапсырма «Тест» арқылы тақырыпты жинақтау
6 - кезең: «Көкпар»Тест.
1. Қарқара жәрмеңкесін қоршауға қанша көтерілісші қатысты?
а) 10мың;
б) 5мың;
в) 1 мың;
2. Жетісу көтерілісі қашан талқандалды?
а) 1916ж қазан;
б) 1916ж тамыз;
в) 1917ж ақпан;
3. Ұлтаралық қақтығыстар туғызу мақсатында арандату шараларын қолданған кім?
а) Генерал Лаврентьев;
б) Генерал - губернатор Фольбаум;
в) Генерал Кравченко;
4. 1916ж қарашада Торғайдағы көтерілісшілердің
саны қаншаға жетті?
а) 15 мың;
б) 20 мың;
в) 50 мың;
5. Торғай облысының Уақытша үкіметінің комиссары кім болды?
а) Ә. Бөкейханов;
б) М. Шоқай;
в) Т. Рысқұлов;
6. 1917ж 19 - 20 қыркүйекте Түркістанда қандай партия құрылды?
а)«Жас қазақ»;
б)«Солдаттардың орыс - мұсылман ұйымы»;
в) «Иттифак - и - муслимин»;
7. Уақытша үкіметінің «1916ж көтеріліс кезінде қазақтарға күш көрсеткен орыстарға кешірім беру туралы» деген қаулы қашан шықты?
а) 1917ж наурыз;
б) 1917ж мамыр;
в) 1917ж қыркүйек;
8. «Қара жұмысшылар одағы» қай қалада құрылды?
а) Верныйда
б) Ақмолада;
в) Әулиеатада;
9. «Алаш»партиясының төрағасы?
а) Ә. Бөкейханов;
б) М. Тынышбаев;
в) М. Дулатов;
10. Алашорда Уақытша Халық Кеңесінің қанша мүшесі болды?
а) 37; б) 52; в) 25;
11. Ақсүйектердің 9 өкілі хан көтерілген уездер.
а) Ырғыз, Торғай
б) Семей, Нарым
в) Жетісу, Верный;
12. Ә. Жангелдиннің экспедициясы қандай майданға қару - жарақ жеткізді?
а) Шығыс майданына;
б) Орынбор майданына;
в) Ақтөбе майданына;
13. 1916ж. ұлт азаттық көтеріліс кезінде Қарашақ болысында хан жарияланды.
а) А. Иманов
б) О. Шоңов;
в) Ә. Жанбосынов;
14. Қаз. АКСР - і Атқарушы комитетінің төрағасы?
а) В. А: Радус - Зенькович;
б) М. Сералин;
в) С. Мендешев;
15. Қазақ жеріне ерекше қатігездік көрсеткен атамандар:
а) Колчак пен Юденич;
б) Дутов пен Анненков;
в) Колчак пен Алексеев;
16. Қара жұмысқа Түркістан мен Дала өлкесінен қанша адамалу көзделді:
а) 5мың
б) 50мың
в) 500мың;

Бағалау
Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату

Үйге тапсырма
1916 жылғы көтерiлiстiң алғышарттары, себептерi
Рефлексия
Стикерлерді толтыру
Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойын стикерге жазады,
ББҮ кестесін толтыру

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы
№ 6жалпы білім беретін орта мектептің
тарих пәні мұғалімі Амирова Рымгул Ахметбековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 496
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Африканың аймақтарына шолу
Африканың аймақтарына шолу
Африка материгі бойынша өткен тақырыптарды, географиялық орнына, зерттелу тарихына, жер бедері мен климатына және ішкі сулары мен табиғат зоналары, елдері мен халқына сипаттама бере отырып еске түсіру, оның табиғаты үшін маңызын түсіндіру.
Тілдер патшалығына саяхат
Тілдер патшалығына саяхат
Күнделікті қолданылатын тәрбиелік мәні бар сөздерді ойындар ойната отырып үйрету. Ұйқас сөздерді қайталау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын арттыру. Байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Амангелді Иманов - халық батыры
Амангелді Иманов - халық батыры
1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілістің 100 жылдығы туралы хабарлама жасай отырып, ұлт - азаттық көтеріліс кезіндегі батырлар туралы түсінік беру.
Алюминий және оның маңызды табиғи қосылыстары
Алюминий және оның маңызды табиғи қосылыстары
Алюминий элементінің периодтық жүйедегі орны, табиғатта кездесуі, алынуы және оның қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы білім беру.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.