Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қоржын тоқу

26 сәуір 2016, Сейсенбі
Категориясы: Технология
Қоржын тоқу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қоржын туралы мәлімет беру.
Дамытушылығы: Теориялық білімдерін практикалық жұмыста пайдалана білу, олардың ой өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: Еңбексүйгіштікке, шеберлікке, кәсіби бағдар беруге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап топтық сарамандық жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: Дайын қоржын, эскиз, суреттер түрлері.
Пәнаралық байланыс: Сызу, бейнелеу, тарих, геометрия.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару.
Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
1. Қоржынға неше кг желі жібі кетеді? (3 - 4 кг мақта жібі)
2. Желі жібі неше тіннен болады? (24 - 28 тіннен болады)
3. Желі жібін қалай дайындаймыз? (ұршықпен ширатамыз)
4. Күзу ағаш деген не? (Негіз жіппен күзуді байланыстыратын бел ағаштың үстіне қойылатын қосымша жіп)

Жаңа сабақ:
Оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз қоржын тоқу. Бұрыннан келе жатқан дәстүрлі өнеріміздің бір түрі ол қоржын тоқу. Қоржын ол өрмек құрып тоқылатын бұйым. Қоржынның көп деген түрлері бар. Олар кілем түрінде түкті етіп тоқылған түрі, алаша түрінде тақыр етіп тоқылған түрі, мал баққанда жолға алып шығатын, жазда суды ысытпайтын, қыста тамақты суытпайтын қалың киізден тігілген түрі. Түйенің өркешіне, аттың екі қапталына асып алуға ыңғайлы болғандықтан қоржынды өз қажеттеріне қарай пайдаланған. Ал қазіргі кезде қоржынның матадан тігілген түрлері көп кездеседі. Аудан, облыстарына қарай түрлері де өзгереді. Олар: той қоржын, қыз қоржын, бесік қоржын, сүндет қоржын тағы басқа түрлері бар. Осы аталған қоржындардың барлығы да екі қалталы атқа түйе өркешіне асып алатын ортасы болады. Қоржынның екі қалтасы біріне бірі тең болу керек.

Той қоржын - аты айтып отырғандай тойға арналған қоржын, оны ұлдары үйленгенде бір қалтасына китін, екінші қалтасына тәтілерін салып апарады.

Қыз қоржын - бұрынғы кезде ата бабаларымыз қыздарының өзіне қажет әшекей бұйымдарын бір қапталына киімдерін салып қыздарына апарған.

Бесік қоржын - осы кезде де нағашылары жаңа туылған жиендеріне апаратын қоржын. Ол қоржынға балаға керек заттарын салып апарады.

Қауіпсіздік ережесі:
Тоқпақты - жұмыс үстінде абайлап қолдануымыз керек. Аяқ, қолды жарақаттап алуларың мүмкін, салмағы 1 кг жуық болғандықтан сақ болайық. Досыңа сап жағынан ұсыну керек.
Ілмек пышақ - ол ұшты, ортасында алмас болғандықтан, қолды кесіп алмау керек, досыңа сабынан ұсыну керек.
Қайшы - жұмыс үстінде ұшын жоғары көтермеу керек. Досыңа сақина жағынан ұсыну керек. Басы ұшты, жұмыс үстінде сақ болу керек.
Дамыту кезеңі:
Қоржынның ұзындығы - 120 см, ені - 50 см болады. Екі қапталындағы қалталары 50x50 см төрт бұрышты ортасындағы асатын бөлігі - 20 см болады. Құрылғыға 52 - 55см етіп желі жүгіреміз. Адарғыны екі желі ортасынан өткіземіз. Күзу жіптері адарғыны жоғары көтеріп, төмен түсіргенде шатыс түсіру үшін керек. Шатыс бізге арқау өткізу үшін керек.
Қоржын тоқу үшін бізге тоқпақ, қайшы, ілмек, пышақ, түрлі түсті жіптер, тебен ине.
Тоқпақ әр қатарды тоқып болғанан кейін арқауды нығыздап ұру үшін керек.
Қайшы артық жіпті тегістеп қию үшін.
Ілмек пышақ желі жібін тегістеп қию.
Тебен ине ол бізге бұйымды бірімен бірін біріктіру үшін. Қоржынды тоқымас бұрын 5 қатар ақ арқау өткіземіз. Екі шетіне күржі жібін ораймыз. Күржі жібімен түстес жіппен екі қатар тоқимыз. Тоқуды жалғастырамыз.

Бекіту:
• Қоржын неше бөліктен тұрады?
• Қоржын қандай бұйым?
• Қоржынның қандай түрлері бар?
• Қоржын не үшін керек?

Қорытындылау: Қорыта келе қазақ халқының қолөнер ұрпаққа өшпес мұра, сарқылмас байлық екеніне көзіміз жетеді. Ата баба мұраға қалдырған қолөнер түрлерінен қол үзіп қалмай ілгері қарай дамыта түсу асыл парыз.
Үйге тапсырма:
Үйден қолөнер, қоржын, кілем туралы оқып келулерін тапсырамын.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
«Оқушылар сарайы» ММ «Шебер қолөнер» үйірмесінің жетекшісі
Каналина Бағдагүл Сүйейқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 267
0
9 дауыс
Оқи отырыңыз
Дәнекерлер, дәнекерлердің құрамы және оларды қолдану
Дәнекерлер, дәнекерлердің құрамы және оларды қолдану
Қызылорда облысы, Қазалы аудандық Оқушылар Үйінің «Радиотехника» үйірмесінің жетекшісі Алматова Ұлбосын Қуанышбайқызы
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Бейнелеу өнері 5 түрге бөлінеді. Олар графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері. Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын бір түсті сурет. Живопись - қағаз, картон, кенеп бетіне әр түрлі
Киелі төр
Киелі төр
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы ҚМҚК «Айгерім» ясли бақшасының тәрбиешісі Құбышева Светлана Қайнеденовна
Ағаштан күрек жасау
Ағаштан күрек жасау
Бүгінгі күннің қажеттілігі – кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету.
Ағаш бетін көркемдеп күйдіру арқылы әртүрлі сурет бейнесін бейнелеу
Ағаш бетін көркемдеп күйдіру арқылы әртүрлі сурет бейнесін бейнелеу
Технология пәнін бейнелеу өнері және сызу пәнімен тығыз байланысты екенін іс жүзінде көрсету. Ағашты көркемдеп күйдіру технологиясын, әдістерін үйрету
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.