Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Киелі төр

04 наурыз 2016, Жұма
Категориясы: Бала бақша
Киелі төр
Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық
Бөлімі: Тіл дамыту
Сабақтың мақсаты: Бүлдіршіндердің өз ұлтына, еліне сүйіспеншілігін арттыру, сөйлеу тіл мәдениетінің, қияли ойлау дамыта отырып, ойындар арқылы қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту. Халықтың салт - дәстүрді біліп өсуге, талғам мәдениетін дамыта отырып, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, суреттер, жұлдызша, қоржын, асықтар, ұлттық бұйымдар, проектор.

Шаттық шеңбері
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын елге ашқан
Тілегіміз тыныштық
Ашық болсын кең аспан
Мықты болсын іргеміз
Бәріміз де біргеміз.
Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Киелі төр» деп аталады. Бұл тақырыптың мақсаты сендерді қазақ халқының салт - дәстүріне, әдет - ғұрпын біліп өсуге тәрбиелеп, іскерлікке баулу. Ал, балалар осы.

1) Төр дегеніміз не?
2) Төрге кімдер шығарылады?
Балалардың жауабы (толықтырылады)
Төр сыйлы қонақтардың орны. Киіз үйге енген әрбір адам, мейлі хан болсын, мейлі кәрі болсын, мейлі бес жастағы бала болсын үй иесі ілтипат көрсетіп төрге шығарады. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал амандасар» деген сөз осыдан қалған. Төрдегі адам төрелік айтады. Төрге ақ пен қара түсті сырмақ төселеді. Мәнісі, төр - ақ пен қараның ара жігін ажырата алатын адамның орны. Қазақта: «Еділ үйдің - есігі, Жайық үйдің - жапсары, Түркістан - ұлы төріміз» деген сөз бар. Бабалардан қалған бір сөз - «Қыз бала - төр иесі, ұл бала - үй иесі».

Сондай - ақ төрге отбасының заттары - киіз - кілем, сырт киім, көрпе - жастық сондай - ақ т. б заттар ретімен қойылады. Ата - бабамыздың ежелден келе жатқан салт - дәстүрлерінің бірі қонақжайлылық екен. Қандай жағдайда да «Құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен шамасы келгенше сый құрметін көрсетіп, өзінің киелі төріне отырғызған.
Қадыр Мырзалінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» әні орындалады.
Жайлауың болар жеріміз,
Төсегің болар төріміз
Білгіңіз келсе қазақты
Қонағы болып көріңіз
Әуелден жомарт серіміз
Асылын жырдың теріңіз
Білгіңіз келсе қазақты
Әнін тыңдап көріңіз
Ән орындалғаннан кейін балаларға сұрақ қойылады.
1) Балалар әнде кімдер туралы айтылған
2) Қазақ халқы қандай халық екен
Иә, қазақ халқы - қонақжайлылық, батырлық, ақындық, шешендік сияқты қасиеттерді бойына жинаған халық екен.
Ал, балалар ендеше киелі төрімізге төрлетіңіздер. Төріміз дайын. Осы кезде төрде ілулі тұрған қоржынға тіл бітеді.
Қоржын: Балалар мен сендерді «Киелі төрге» бірден шығара алмаймын. Киелі төрге «Ең білгір», «Ең ақылды» адам отырады. Менің қоржыным толы сұрақтар, тапсырмалар. Сол сұрақтарымның бәріне жауап беріп, сынымнан мүдірмей өтсеңдер, киелі төрдің иесі боласыңдар.
Тәрбиеші: Қанекей ендеше, сиқырлы қоржынның сұрақтарына жауап беріп көрелік (деп қоржыннан асық алады) Қоржынымыз бізге асық арқылы мынадай тапсырма беріп отыр екен. Кім тапсырмасын дұрыс орындаса, онда мына асық сол кісіге беріледі. Ал, бір асық бос ұпай болып саналады.

1 тапсырма: Отан туралы қандай тақпақтар, мақал - мәтелдер білесіңдер?
Тақпақтар
Отан - менің ата - анам
Отан - досым, бауырым
Отан - өлкем, астанам
Отан - туған ауылым.

Қазақстан - туған өлкем,
Жер көппе сендей көркем
Көрсін деп күллі әлемге,
Көк туымды мақтан етем.

Мақал - мәтелдер
1. Отан - елдің анасы

2. Ел - ердің анасы

3. Отан – оттан да ыстық

4. Отан отбасынан басталады

5. Жат елдің жақсысы болғанша
Өз еліңнің сақшысы бол

2 - тапсырма
Қазақтың қандай мерекелерін білесіңдер?
Жауабы: Тұсаукесер, Алтыбақан, Шілдехана

Тапсырма 3
Қазақтың қандай ұлттың ойындарын білесіңдер?
Жауабы: Арқан тарту, Қыз қуу, Көкпар

Сергіту сәті:
Көтеріліп шаңырақ
Керегелер керілер
Уықтары шаншылып
Өрлей, өрлей
Бәріміз жүрсек айналып
Киіз үй боп көрінер
Енді, балалар қоржынның тапсырмасы: Қазақтың ұлттық бұйымдарын өз қолдарымен жасау.
Балалар екі топқа бөлінеді

І топ
Құрақ көрпе жапсыру (қыздар)
ІІ топ
Қамшы өру (ұлдар)

Ал енді ойынымыздың шешуші кезеңіне жеттік. Киелі төрдің иесі кім болады екен. Ол үшін қолымыздағы асықтарымызды санап, ұпай санын шығарайық. Жеңімпазымыз болса, төрге шақырайық. Төр иесін құрметтеп, қоржынның сыйлығы үлестіріледі.
Жеңімпаз төр иесінен «Қонақ кәде» сұрайды.

Ұтылған балалар өз өнерлерін көрсетеді. (өлең айтып, би билеу)
«Шілдехана бесік той, тұсау кесер сүндет той» әні орындалады.

Тәрбиеші: Осымен «Киелі төр» атты сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы ҚМҚК «Айгерім» ясли бақшасының тәрбиешісі
Құбышева Светлана Қайнеденовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 384
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Сандар әлеміне саяхат
Сандар әлеміне саяхат
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Аққайың" ясли бақшасы тәрбиешісі Сарманова Гүлім Амантайқызы
Жаяу жүргінші және жүргізуші
Жаяу жүргінші және жүргізуші
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Жауқазын" ясли бақшасы тәрбиешісі Аманова Марал Жанахметқызы
Жомарт күз
Жомарт күз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша тәрбиешісі Қондыбаева Гүлсім Жаңабайқызы
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша әдіскері Талапкер Асылай Мұхамбетқызы
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс
Ойын ережесі Ойынды бастамас бұрын банктен 25 пайыздық жылдық үстемемен 2000 теңгеден несие аласыңдар. Жыл соңында, яғни сабақ аяқталарда банкке несиелеріңізді үстемесімен қайтаруларың керек.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.