Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бағасы. Құны. Теңге

08 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Тақырып: Бағасы. Құны. Теңге

Мақсаты: 1. Оқушылардың құн, баға және ақша бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру
2. Оқушылардың логикалық ойлауын, жылдам есептеу дағдыларын дамыту
3. Ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға және еңбексүйгішікке, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Теңгелер, түрлі заттар, парақшалар, топтық жұмыс қажетті ақ беттер

Әдісі: ойын, түсіндіру, топтастыру, сұрақ - жауап,
Түрі: Жаңа білімді меңгерту
Барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. Оқу - құралдарын түгендету. Сабаққа назарын аударту.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
4 - есеп:
1. Есепті оқыту.
2. Не белгілі? Не белісіз? Сұраққа жауап беру үшін есептің шешуін қандай амалмен шығардыңдар? Есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын оқыту.
2. Сыйымдылық, литр туралы не білдік? Мөлшері литрмен өлшенетін қандай тағам түрлерін білесіңдер?

3. Тірек білімдерін жетілдіру.
Топтастыру стратегиясы бойынша топтық жұмыс.
1 - топ: 13 санының құрамын топтастыру
2 - топ: 12 санының құрамын топтастыру
3 - топ: 15 санының құрамын топтастыру
/топта орындайды, бір оқушы қорғайды/

2. Есептеу машинасы ойыны. Ойын шарты: тапсырма оқылады, ал оқушылар өрнектерді шешіп парақшаның көмегімен жауабын айтады.
8+2 - 9+6 - 4+3 - 2+5 - 7=/2/
10 - 7+5+2 - 3 - 4+7 - 5+2=/7/
5+4 - 9+7 - 6+2+4 - 3+6=/10/
12 - 4+3 - 10+5+7 - 3+10 - 0 - 10+5 - 7=/8/
10+5 - 6+4 - 7+10 - 7 - 6+3 - 0 - 2+4=/8/

4. Жаңа сабақ
1. Ақша туралы түсінік /ақша суреті/
Ол не үшін қажет, бір нәрсе сатып алу үшін өз беттерінше дүкенге барған кездері болды ма т. б. туралы күнделікті тұрмыстағы түсініктерін анықтау.
Теңгенің шығу тарихы туралы түсінік беру/1993жылы15қарашада ұлттық валютамыз айналысқа енді/

2. Дүкен ойыны
Тауарларды сөрелерге қойып, бағаларын іледі. Дүкенде тауарлар сатылатын хабарлау. Оқушылар сатып алушылар, мұғалім сатушы болады. Ойын барысында практикалық есептер құрастырылады және шығарылады. Оқушылар назарын 1 заттың қанша тұратынына аударады да, бұл заттың бағасы екенін, ал барлық сатып затқа төленген ақшаның заттың құны екенін айту.
Заттардың аттарын, бағасын іліп қою.
Практикалық есеп құрастыру. Мысалы: 1 дәптер 10 теңге, 2 дәптер алса 20тг.
Оны табу үшін 2 дәптердің бағасын қосады. 10+10=20тг/бұл заттың құны/

3. Оқулықпен жұмыс
1. Нені көріп тұрсыңдар? Теңге, заттар, бағалары.
Есеп құрастыру:- Марат дүкеннен 50 теңгеге блокнот, 20 теңгеге сызғыш сатып алды. Марат сатып алған заттарына қанша ақша төледі?
50+20=70тг 50. 20 - заттың бағалары. 70 - заттардың құны. /ережені оқыту/

Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа, Оңға бір қарады,
Келе жатыр жұмысқа. Солға бір қарады,
Алды допты қолына Биік тау деп ойлады.
Қойды допты жанына,

2. Есепті оқыту, не белгілі, не белгісіз, сұраққа жауап беру үшін қандай амалды таңдасыңдар?
Болды - 15 тг. Шешуі: 15 - 5=10тг
Қалды - 5тг Жауабы: Тәтті тоқаш 10теңге тұрады.
Тоқаш - 7тг

5. Тақтамен жұмыс: Кім шапшаң ойыны
Әр топтан 3оқушы шығып орындайды. /оқылып тексеріледі/
6. Еске түсір:- қосу амалдарының компоненттерін ата. - қосылғыштардың ерекшелігіне назар аударту/ өрнектен құралған қосылғыштар, саннан құралған қосылғыштар/
/7+2/+9 т. с. с.
Азайту амалының компоненттерін еске түсірту /азайғыш пен азайтқыштың құрылуына назар аударту/ Есептерді 3топ оқушыларына бөліп шығарту/

3. а/ 1 - топ есепті оқиды.
2 - топ не белгілі, не белгісіз екенін талдайды.
3 - топ есептің шешуін айтады. 1 - оқушы тақтада орындайды.
Болды - 100тг
Қалды - 40тг Ш: 100тг - 40тг=60тг
Қойын дәптер -? тг. Жауабы: Қойын дәптер 60 теңге тұрады.
ә/ кері есеп құрастыру/

5. Қорытындылау
Логикалық тапсырмалар
1. Өрісте10 қой жайылып жүр. 3 қойды қораға айдап кіргізді. Өрісте неше қалды?
2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір - бірден алды. Сонда 1асық дорбада қалды. Бұл қалай?
33. Аулада 3 қаз, 2 тауық жүр. Барлығының аяқтары нешеу?
4. Атам, әжем, ағам.
Әкем, інім және мен.
Анам және енесі
Енесінің бөлесі
Отыр едік шәй ішіп.
Жеңгем кірді майысып,
Арқасында кіші інім.
Саны қанша айта ғой
Үйдегі бар кісінің?/10/

5. Дұрыс /бұрыс ойыны
- 11санын 2 - ге кеміткенде 9 шықты /дұрыс/
- 11 санын 9 - ға кеміткенде 2шықты
- 13 пен 7 сандарының айырмасы 5 - ке тең
- 7 санының 12 санынан5 - еуі кем
- 12 санының 6 санынан 6 - уы артық
- 9 санының 17 санынан 8 - і кем
9 бен 5 сандарын 7 - ге кеміткенде, 8 саны шықты
- 10 мен 2 сандарын 4 - ке кеміткенде, 8 саны шықты

Шығармашылық тапсырма: фигуралардан пішіндер құрастыру
6. Үйге тапсырма
4 - тасырма 60 - бет
7. Бағалау.
22 272
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару. Зат сатып аламын
Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару. Зат сатып аламын
3 санының және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару.
Екі амалмен шығарылатын есеп
Екі амалмен шығарылатын есеп
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қосбатырова Айтгүл
Бағасы. Саны. Құны
Бағасы. Саны. Құны
БҚО, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мурзалиева Акмарал Муратовна
Баға. Құн. Теңге
Баға. Құн. Теңге
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Балтагереева СалтанатНурлановна
Есеп
Есеп
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебініңбастауыш сынып мұғалімі Медеуова Шалқы Бақытжанқызы
9 санының құрамы
9 санының құрамы
Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы. Сабақтың мақсаты: 1. 9 санының құрамын білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×