Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімдіге - биіктен орын

05 наурыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Математика
«Білімдіге - биіктен орын»
1 – жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, тәрбиешілер және қымбатты білім сүйгіш жас достар! Бүгінгі 6 - класс оқушылары арасында өтетін «Білімдіге - биіктен орын» атты математикалық интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші:
Орыс ғалымы М. Ломоносов « Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек,»- деген. Олай болса, бүгін сендер математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар.
Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі
екендігіне көз жеткізесіңдер.

1 - жүргізуші:
Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.

2 - жүргізуші:
Ендеше сайысымызды саралап отыратын, қатысушыларымыздың ойынына әділ баға беретін әділ - қазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1 - жүргізуші: Есептен сайысады қос команда
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.
Сонымен, 6 «А» классының намысын қорғайтын «__________» командасы!
6 «Ә» класс атынан «__________» командасы!
6 «Б» класс атынан «__________» командасы!

2 - жүргізуші: Ал енді, ойыншылар ойынымыздың өту барысына қысқаша шолу жасап өтейік. Біздің ойынымыз І - тур: «Бәйге». Осы турда ойыншылар өздерінің ізденімпаздығы мен алғырлығын көрсетеді. Және ол екі бөлімнен тұрады: 1 - бөлім: « Тарихқа саяхат»; 2 - бөлім: «Мақалдың ізін тап»;

ІІ – тур: «Жорға», ол да екі бөлімнен тұрады: 1 - бөлім «Викториналық сұрақтар», 2 - бөлім: «Шапшаң оқы»
ІІІ - тур: Үй жұмысы
ІV - тур: «Қара жәшік»
V – тур: « Мәреге жету»

1 - жүргізуші: Кездейсоқ емес, әсіресе адамның ойлау күшімен болған, тамаша жаңалықтардың нақты шығу тарихын білу, өте пайдалы. Ол, тек жаңалық ашу өнерінің даму тәсілдерін көрнекті мысалдарға сүйене отырып, танығандарға ғана пайда әкеледі. Г.Лейбниц

Ендеше, І турымызды бастаймыз. Оның І бөлімі «Тарихқа саяхат» деп аталады. Яғни қазір әрбір топтан бір - бір ойыншыдан шығып, өздеріне берілген белгілі бір математикалық ұғымның шығу тарихын залда отырған көрермендерге ұғынықты, ұтымды және тақырыптан ауытқымай түсіндіріп береді. Айтылған ой неғұрлым түсінікті әрі нақты болса, әділ - қазы мүшелерінің қояр бағасы да соншалықты жоғары болады. Сонымен «Бәйге»!

2 - жүргізуші:
Тамаша! Осы қысқа да нұсқа, бірақ қажет информация біздің залда отырған көреремендерімізге артық етпесі анық. Енді, ІІ бөлімге назар аударайық. Ол «Мақалдың ізін тап» деп аталады. Яғни, сіздердің алдарыңыздағы карточкада мақалдардың бірінші бөлігі берілген. Сендер соның екінші жартысын табуларыңыз керек.
Енді осы бөлімге әділ - қазылардың қояр бағасын білейік.

1 - жүргізуші:
ІІ тур «Жорға» деп аталады. Оның бірінші бөлімі команда капитандарының білімдерін сынауға арналған. Бұл бөлімде ойыншыларымыз 1 мин уақыт ишинде қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады. Әрбір дұрыс жауап 10 балдық ұпаймен есептелінеді. Барлық мүмкін ұпай саны 100, яғни 10 сұрақ. Егер команда капитандары дайын болса, оларды сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз. Бірінші «__________» командасының капитаны _________. Сонымен дайынсыз ба?
1. Қарама – қарсы сандар қосындысы неге тең (0)
2. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
3. Ең кіші жай сан (2)
4. Тіктөртбұрыштың бір бұрышынан кесіп түскенде қандай фигура шығады? (Бесбұрыш)
5. 5 ке қарама – қарсы сан (- 5)
6. Алымы бөлімінен үлкен сан (бұрыс)
7. Кері сандар көбейтіндісі неге тең? (оң сан)
8. Дөңгелек салатын құрал (циркуль)
9. Солдаттың «кругом» дегендегі бұрылатын бұрышы (180 градус)
10. Көпбұрыштың қабырғаларының қосындысы (периметр)
Сізге ____ сұрақ қойылған болатын, сіз соның ____ жауап бердіңіз.

2 - жүргізуші: Келесі кезекте «Радиус» командасының капитаны Жандос, көп созбай ойынымызды бастайық. Жандос, дайынсыз ба?
1. Бөлудің нәтижесі. (бөлінді)
2. Шеңбер радиусы 6см, диаметрі қанша? (12 )
3. Бес таяқтың 10 шеті бар? Бес жарым таяқтың неше шеті бар?(12)
4. Түзудің бір нүктемен бөлінген бөлігі не? (сәуле)
5. Ең кіші натурал сан (1)
6. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)
7. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан (оң сан)
8. Жарты теңгенің жартысы (25)
9. - 5 ке кері сан? (- 1/5)
10. 0 ден үлкен сандардың таңбасы? (оң)
Сізге ____ сұрақ қойылған болатын, сіз соның ____ жауап бердіңіз.

1 - жүргізуші: Ендігі кезекте «__________» командасының капитаны _________. _________ дайынсыз ба?
1. Шеңбердің диаметрі 20 см, радиусы қанша? (10см)
2. Парлап жегілген атта 30 км шапты. Әр ат қанша км шапты?(30)
3. Қосу нәтижесі не? (қосынды)
4. Архимедтің ваннадан шығып, айқайлаған сөзі. (еврика)
5. 69ға кері сан (1/69)
6. Тәуліктің 24 тен бір бөлігі (сағат)
7. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
8. Пифагор теоремасын ойлап тапқан кім? (Пифагор)
9. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
10. 3 қосу 2 көбейту 4 нешеге тең? (11)
Сізге ____ сұрақ қойылған болатын, сіз соның ____ жауап бердіңіз.
Сонымен І бөлімнің нәтижелерімен таныс болайық. «__________» командасы өзінің тапқыр капитанының арқасында ____ ұпай санына ие болып отыр, ал «__________» командасы ____ ұпайды қанжығасына байласа, «__________» командасы ____ ұпайды еншіленеді.

2 - жүргізуші: І бөлімнің қорытындыларымен таныс болсақ, екінші бөлімді бастауға рұқсат етіңіз. Ол «Шапшаң оқы» деп аталады. Яғни қазір әр командадан бір - бір ойыншыдан шығып алдарыңыздағы экранда берілген сиқырлы сөйлемдерді тез әрі дұрыс оқуларыңыз қажет. Әрбір қатесіз және шапшаң оқылған сөйлемге 10 балдық ұпай беріледі. Әр командадан ойыншыларымыз дайын отырса ойынымызды бастаймыз. Сонымен «__________» командасының ойыншысы ________ экранға назар аударыңыз.________
____ сөйлемді дұрыс оқыды.

1 - жүргізуші: Келесі кезек «__________» командасының ойыншысы _________ өзіңізде, ендеше экранға назар аударыңыз. _______ ____ сөйлемді дұрыс оқыды.

2 - жүргізуші: Ендігі кезекте «_______» командасының ойыншысы ________ сізде, экранға назар аударыңыз. _______ ____ сөйлемді дұрыс оқыды.
ІІ бөлімнің нәтижелері бойынша «__________» командасы ___ ұпайға ие болады, ал «__________» командасы ____ қанжығаласа,«__________» командасы ____ ұпайға қолы жетті.

1 - жүргізуші: Сонау - сонау алысқа жүзсең десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа ұшсын денелер,
Жасау үшін бәрін де математика –
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
Ендігі кезекті үй жұмысына берсек дұрыс шығар деп ойлаймыз. Сонымен, әр команда өздерінің салған суреттерін төрешілерге және оқушыларға түсіндіріп өтсін.

2 - жүргізуші: Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі ойын жеңімпазы болады.
Бұл тур «Қара жәшік» деп аталады. Бұл сайыс дұрыстап ойланып жауап беруді талап етеді. Сондықтан әрбір команданың ойыншылары бірігіп ойланып, жауабын сол команданың бір мүшесі айтады. Бұл турда да әр дұрыс шешілген сұрақ 10 балмен есептеледі. Бұрын болған команда ойынды тоқтатуын сұрайды, олардың берген жауабы дұрыс емес жағдайда келесі командаға мүмкіндік туады.

1. Кімді немесе нені ұлы математик Платон «Мылқау ұстаз» деп атады? (кітап)
2. Қағаз бетіне шеңбер сызып, қара жәшіктің ішінде не бар екен тауып көр. (жәшік бос, себебі нөл латын тілінде бос деген ұғымды білдіреді)
3. Бұл құралдардың қоладан жасалған түрлерін археологтар ежелгі Помпей қаласынан көптеп тапқан. Ал Ресейде бұл құралдарды Новгород қаласындағы қазба жұмыстары кезінде тапқан. Ежелгі Грекияда осы құралды игере білу асқан шеберлік деп танылса, ал оның көмегімен есептерді шығара білген адамды үлкен ақыл иесі деп санаған. Бұл құралдың архитектура мен құрылыста орны ерекше. Жүздеген жылдар бойына оның құрылымы өзгермеген. Ал қазіргі кезде оны әрбір оқушы қолдана біледі. Сонымен қара жәшікте жатқан қандай құрал? (циркуль)

1 - жүргізуші: Ал команда ойыншылары ойланып, толғанып, пікір таластырып жатқанда біз залдағы көрермендермен ойын ұйымдастырғымыз келіп отыр. Ойын «Кім жүйрік?» деп аталады.(Көрермендермен жұмыс)

2 - жүргізуші: Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз - ау
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек

1. Сағат 22. 00 - де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(жоқ)
2. Әсем поездың басынан есептегенде 7 - вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7 - вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)
3. Сәуледе 6 сақина бар, оның 5 - еуінің массасы бірдей, 1 - еуі жеңіл. Таразыға екі рет қана өлшеп, жеңіл сақинаны қалай анықтауға болады?

1 - жүргізуші: осымен біз өзіміздің сайысымыздың да соңына келіп жеттік. Ендігі сөз кезегі төрешілер өздеріңізде.

2 - жүргізуші: Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренерміз аман болсақ!

1 - жүргізуші: Бүгінгі ойынымыз баршаңыздың көңілдерңізден шықты деген үмітпен, қатысып отырған ұстаздар мен тәрбиешілерге алғысымызды айтып, сайысымызды жабық деп жариялаймыз. Назарларыңызға рақмет!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 538
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты математика
Қызықты математика
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Пшанова Гульнур Абубакировна
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Білімдіге биіктен орын
Білімдіге биіктен орын
Қызылорда қаласы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Ермекбаев Қайсар Қамбарбекұлы
Ең кішкентай математик
Ең кішкентай математик
БҚО, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, әлеуметтік педагогы Мурзалиева Акмарал Муратовна
Бақытты сәт (информатика және физика апталығы)
Бақытты сәт (информатика және физика апталығы)
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Көбенова Қарылғаш Жанұзаққызы
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×