Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алдар көсенің Балдырған шаһарына саяхаты

13 мам 2016, Жұма
Категориясы: Музыка
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті,
№7 "Балдырған" балабақшасы
Музыка жетекшісі Марат Роза Маратқызы

Тақырыбы: «Алдар көсенің «Балдырған» шаһарына саяхаты»
1. Ертегіші: - Марат Роза /музыка жетекшісі/
2. Алдар көсе: - Бақыт Ербозова /тәрбиеші/
3. Бәйбіше: - Самал Әміржаева /тәрбиеші/
4. Алаша бай: - Гүлжазира Жаханшаева /тірбиеші/
5. Таусоғар: - Венера Қалыбаева /тәрбиеші/
6. Саққұлақ: - Гүлжанат Таштитова /тәрбиеші көмекшісі/
7. Көлтаусар: - Мирамкүл Жұмаханова /тәрбиеші/
8. Мыстан кемпір: Гүлнұр Төлек /тәрбиеші/
9. Бір көзді Дау: - Айгерім Байсуйеуова /ағылшын, орыс тілі маманы/
10. Желаяқ: - Ләйлә Орынбаева /тәрбиеші/
11. Күнекей қыз: - Әсел Мәмбетова /тәрбиеші/

Ертегіші: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қош келдіңіздер!
- Бүгінгі Күлкі мерекесі құтты болсын! Жүздерің жарқын боп әрдайым бақытқа бөлене беріңдер. Және де биылғы Мешін жылы жегендерің банан болсын, маймылдың талдан - талға секіргеніндей қуаныштан қуанышқа секіріп жүре беріңдер.
- Осындай көңілді сәтте мен сендерді менің сиқырлы айнам арқылы біздің апайларымыздың дайындаған қойылымын тамашалауға шақырамын.
- Сендер Алдар көсені танисыңдар ма?
Балалар: - Иә, танимыз.
Ертегіші: - Олай болса бұрын сендер көрмеген «Алдар көсенің «Балдырған» шаһарына саяхаты» атты қойылымды ұсынамын.
Ерте заманда үлкен де, дәулеті тасқан «Балдырған» шаһарында Алаша атты бай болыпты. Ол өте сараң, ешкімді жақтырмайды екен. Күндердің күнінде Алаша бай бар өнерпаздарды жинап өнерлерін тамашаламақшы боп хабар таратыпты. Ол хабар Алдар көсегеде жетеді. Алдар хабарды естіп жолға шығады.
Алдар келе жатып жолды білмей балалардан жөн сұрайды.
Алдар көсе: - Балалар мына суреттегі шаһарды білесіңдер ме?
Ертегіші: - Балалар Алдар көсеге жол сілтеп көрсетеді. Алдар келе жатса алдынан тау мен тасты бір - біріне соққан Таусоғарға кездеседі:
Алдар көсе: - Ассалаумағалейкум!
Таусоғар: - Алейкумассалам!
Алдар көсе: - Осы сен Таусоғарсың - ау ә?
Таусоғар: - Ия, ия. Мен Таусоғармын тас көтеріп, керек десең тау
көтеретін күшім бар. Сен кімсің?
Алдар көсе: - Мен Алдармын.
Таусоғар: - Е - е, Қайда жол тарттың?
Алдар көсе: - Мен «Балдырған» шаһарына барамын, онда бар өнерпаздарды жинап жатқан көрінеді. Менде өнерімді көрсетпекпін.
Таусоғар: - Сенің қандай өнерім бар алдағаннан басқа, мен болсам дұрыс мықтымын.
Алдар көсе: - А - а - а сен мықтылығыңмен мақтанғың келе ма? Менде көтере аламын.
Ертегіші: - Алдар көсе үрленген шарды көтеріп жоғары лақтырып жібергенде шар әуелеп ұша кетеді. Ал Таусоғар аузы ашылып аңтарылып қалады.
Алдар көсе: - Таусоғар сен мықты болсаң ана тасты түскенде қағап алатын бол.
Ертегіші: - Сөйтіп Алдар Таусоғардың аузын аңқитып кетеді. Келе жатса алдарынан тың тыңдап Саққұлақ кез болады.
Саққұлақ: - Әй, сен кімсің?
Алдар көсе: - Мен Алдармын, өзің білетін сол Алдар.
Саққұлақ: - Қайда жол тартыңыз?
Алдар көсе: - Мен жол тартын «Балдырған» шаһарына барамын. Онда өнерпаздар жиналып жатқан көрінеді.
Саққұлақ: - Мені де өзіңмен ала кетесің бе? Мен алдыңдағы болып жатқандарды тыңдап айтып беріп отырамын.
Алдар көсе: - Тың тыңдағаннан басқа қандай өнерің бар?
Саққұлақ: - Мен жаңылтпаш айта аламын.
Алдар көсе: - Онда кәне, маған айтшы мен көрейін шамам келгенше.
Саққұлақ: - Көк серке көп серкені көп іздейді,
Көп серке көк серкені мүйіз дейді.
Ертегіші: - Алдар жаңылтпашты қайталап айтқанымен дұрыс айта алмай балалардан көмек сұрайды. Балалар жаңылтпашты бірнеше қайталап айтып береді.
Алдар көсе: - Көрдің бе, менің көмекшілерім бар. Ал қане, кеттік шаһарға қарай.
Ертегіші: - Алдар мен Саққұлақ дос болып бірге «Балдырған» шаһарына жол тартады. Саққұлақ тың тыңдап көреді.
Саққұлақ: - Бір судың сылдыры естіледі, алдымызда көл ме әлде өзен ба екен?
Алдар көсе: - Онда жүр жүріңкірейік.
Ертегіші: - Олар келе жатса алдарыңнан көл жиегінде отырған Көлтаусарды көреді. Көлтаусардан жөн сұрасып, өнерлерін ортаға салады.
Көлтаусар: - Неғып жүрген жансыңдар?
Алдар көсе: - Мен Алдармын, ал мынау менің досым Саққұлақ. Біз «Балдырған» шаһарына барамыз, онда өнерпаздар жиналып жатқан көрінеді.
Көлтаусар: - Сендер не өнер көрсетпексіңдер? Мен ғой бір көлді өзім тауысамын. Сен мен сияқты ең болмаса мына шелектегі суды іше аласың ба?
Алдар көсе: - Мен осы шелектің ішінде су қалдырмасам болды ма?
Көлтаусар: - Әрине.
Алдар көсе: - Онда мында қара.
Ертегіші: - Алдар шелекті қолына алып балаларға қарай шашып жібергенде, оның ішінен кәмпиттер шашуы шашылады.
Көлтаусар: - Алдар десе Алдар екенсің, сен менің кішкентай Көлтаусарларымды көр.
Ертегіші: - Көлтаусар балалар ішінен ойынға шығарып
«Кім жылдам» ойынын жүргізеді.
- Олар бірге әрі қарай жолға шығады. Келе жатса алдарынан билеп тұрған үйшікті көреді.
Алдар көсе: - Астапыралла, мынау не болды?
Мыстан кемпір: - Ха - ха - ха - ха, хи - хи - хи - хи. Мен сендерді қорқыттым ба?
- Кімсіңдер өзі а?
Алдар көсе: - Мен Алдармын, ал мыналар менің достарым Саққұлақ пен Көлтаусар.
Мыстан кемпір: - Алдар, сен сонда менен мықтымын дейсің бе? Менен ешкім асқан емес. Мықты болсаң алдап көрші мені?
Ертегіші: - Алдар әрі ойланып, бері ойланып, ренжіген сыңай көрсетіп:
Алдар көсе: - Мен алдаймын деп ойламаппын, әйтпесе үйдегі алдайтын сиқырлы таяғымды ала шығар едім. Сен былай қыл маған сыпырғышыңды бере тұр алып келейін?
Ертегіші: - Алдар Мыстан кемпірдің сыпырғышын алып достарын артына отырғызып қаша жөнеледі. Ал Мыстан кемпір болса сан соғып алданып калады. Алдар достарымен жүре береді, «Балдырған» шаһарына жол әліде алыс еді. Алдарынан екіге айрылған жол шығады. Қараса жолды кесе көлденең жауып бір көзді Дәу жатыр екен.
Алдар көсе: - Мына жолды сұрау үшін Дәуді ояту керек?
Саққұлақ пен Көлтаусар: - Жо - жоқ олай деме. Айта көрме, ол бізді оңдырмайды.
Алдар көсе: - Неде болса көрейік тәуекел.
Ертегіші: - Олар ойлана келе бір көзді Дәуді оятады.
Дәу: - Кім болды мені ұйқымнан оятқан а?
Алдар көсе: - Дәу аға біз сенен жол сұрамақ болдық. Көмектесші бізге?
Дәу: - Сендер алдымен менің шартымды орындаңдар?
Ертегіші: Алдар көсе достарымен бір көзді Дәудің шартын орындамақшы болып келіседі.
Дәу көрермен балалар мен апайларына арналған ойын ойнатады.
Алдар көсе: - Дәуеке біз шартыңды орындадық, сен енді «Балдырған» шаһарына апарар жолды көрсет бізге?
Ертегіші: - Дәу оларға жол сілтейді. Олар келе жатып бір бұрқыраған шаңды көреді.
Саққұлақ: - Апырай бұл не болды а? Құйын десем оған келмейді?
Ертегіші: - Желаяқтың шаңынан көре алмай, Көлтаусар су шашып оны тоқтатып алады.
Алдар көсе: - Ау, өзіңді әрең тоқтаттық қой, кімсің өзің?
Желаяқ: - Мен Желаяқпын.
Көлтаусар: - Желаяқ екеніңді қалай дәлелдейсің?
Алдар көсе: - Өнеріңді көрсетші бізге?
Ертегіші: - Олар осылай жөн сұрасып Желаяқтың ойынын тамашалайды. Балаларға арналған ойын ойналады.
Сөйтіп олар жолға шығады. Келе жатып Саққұлақ алдарынан бір дыбыстың естілетінін айтып хабарлайды.
Алдар көсе: - Бұл кім болды жылаған баланың даусы ма?
Достары: - Ия солай сияқты.
Ертегіші: - Олар тал түбінде жылап отырған Күнекей қызды көреді.
Алдар көсе: - Әй, сұлу қыз, сен неге жылап отырсың а? Мұның не?
Күнекей қыз: - Менің ысқыным жаман, мені Күнекей – деп бекер қоймапты. Мен күнге қатты күйіп кеткенмін.
Алдар көсе: - Қой сен жылама, қарашы достарым қандай әдемі, сұлу қыз. Мен саған сиқырлы айна беремін, сен қарап көрші кәне?
Ертегіші: - Күнекей қыз Алдардың сиқырлы айнасынан өзін көріп, қуанып кетеді. Алдар оған ұнағанын біліп сыйға тартады.
Күнекей қыз: - Алдар аға, сен маған көтеріңкі көңіл - күй сыйладың, енді менде сендерге, кішкентай достарыма көтеріңкі көңіл – күй сыйлағым келеді.
Ертегіші: - Күнекей қыз балаларға арналған өзінің ойынын жүргізіп ойнатады. Олар барлығы дос болып жол сапарды жалғастырады. Жүре, жүре «Балдырған» шаһарына да келеді. Оларды Алаша байдың бәйбішесі көреді.
Бәйбіше: - Мына жақтан көп қонақтар көрінеді, Байеке қарашы?
Ертегіші: - Алдар көсе бәйбішенің жақтырмасын біліп, оны мақтап сұлуларға теңей бастайды.
Алдар көсе: - Неткен сұлу жан едіңіз, көз десе көзі, келбеті қандай десеңші. Ажарына сай мінезі болар ма еді? Жомарт па еді қолыда?
Ертегіші: - Оған қуанған бәйбіше мақтауға масайрап қолындағы үлкен жүзігін Алдарға бере салады.
Алаша бай: - Мынау кім болды, менің бәйбішем сұлу болмағанда кім болар дейсің сірә?
Алдар көсе: - Ассалаумағалейкум, қал – жағдайыңыз қалай Байеке?
Сізді бар өнерпаздарды жинап жатыр деген соң, менде достарыммен келіп қалдым.
Бәйбіше: - Сен осы Алдар болдың ғой, менің ажарымды көрген көзің үшін, жанға жайла сөзің үшін мен қазанға ет салайын?
Алаша бай: - Иә, иә бүгін мына қонақтарға ас берейік. Және біздің ұлттық ойынымыз «Арқан тартысқа» шақырамын.
Ертегіші: - Барлық өнерпаздар, Алаша бай, бір көзді Дәу мен Таусоғар барлығы ойынға жиналады. Олар «Арқан тартыс» ойынын ойнап, Дәу мен Таусоғарды бір жаққа, қалғандары бір жаққа бөлініп арқанды арлы - берлі тартып Дәу мен Таусоғарды жеңіп кетеді. Осылай той жалғасын бимен жалғастырады.
«Алдар көсе» әнімен барлық өнерпаздар ортаға билейді.
- Алаша бай бар өнерпаздарға риза болып алғысын білдіріп, байлығынан таратып береді.
Алдар көсе: - Байеке, мен биыл сізге өзімнің бір еңбегімді ұсынғым келеді. Егін егер уақытта мен бір қап алтын егіп, одан он қап алтын шығарып берсем деймін. Егер сіз қаласаңыз.
Бәйбіше: - Бер, бер байеке, бер бір қап емес, екі – үш қап берейік.
Байеке: - Олай болса рахмет, мен саған екі қап алтын беремін, сен маған жиырма қап етіп шығарып бер.
Ертегіші: - Алданған Байекең Алдарға сенгенінен бір қап емес екі қап алтын беріп жібереді. Оларды алдап соққан Алдар көсе әнін айтып қош айтысып кете береді.
Алдар көсе: - Мен Алдармын, Алдармын,
Сақалым болса талдармын.
Сақал түгіл мұртта жоқ,
Мендей өнер жұртта жоқ.
Ертегіші: - Міне Алдардың «Балдырған» шаһарына саяхаты осылай өтіпті. Енді тойдан базарлық болсын алыңыздар?
/балаларға сыйлықтар мен шар таратып береді де, балаларды ортаға биге алып шығады/.

Ұйымдастырушы / музыка жетекшісі: Марат Роза Маратқызы.
4 350
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл
Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға көңілді әуенмен тәрбиеші кіреді.
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Күлкі - жанның шипасы
Күлкі - жанның шипасы
Мақсаты: а) Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау
Құтты болсын 2019 Жаңа жыл
Құтты болсын 2019 Жаңа жыл
- Асығамын деп жүріп Сыйлықтарды шашып алдым. Бұтаққа мен қабымды Іліп алып, тесіп алдым. Сыйлықтарды жинағанша Сендерге мен немеремді Жіберемін асыға Қорғап сендер Ақшақарды Жүріңдерші өтінемін.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×