Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ән айту дағдылары 2/4 өлшемі

14 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Музыка
Ән айту дағдылары 2/4 өлшемі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың музыкалық сауатын ашу, ой өрісін дамыту.
Білімділігі: Әндерді нотамен сольфеджио оқуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың жан - жақты ойлауын, ізденуін дамыту, музыкалық сауатын тереңдету, шапшаңдыққа тәрбиелеу, ой өрісін кеңейту.
Тәрбиелілігі: Музыкалық шығармаларды тыңдау немесе орындау кезінде алған әсерлену арқылы тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу әдісі: Баяндау, ой түйіндеу, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнектілігі: Нота сауаты көрнекілік плакаттар, көшпелі экранда дайындалған слайд, ән кітаптары, таспалар.

Сабақтың өтілу мақсаты: Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
2. Өткен сабақтарға қайталау, үй тапсырмасын сұрау;
3. Үй тапсырмасына қорытынды, дауыс жаттығуларын жасату;
4. «Қазақстан» әнін жатқа орындау;
5. Жаңа сабаққа зейіндерін аудару;

Ән айту дағдылары. (а, о, и, у, е дауысты дыбыстардың дұрыс орындалуы) 2/4 өлшемі.

Ән айту дағдылары төрт мақсатта орындалады.

1. Ән айту барысында дауысты тәрбиелеудің әр түрлі аралас түрлері пайдаланылады,
Біреуінде ішпен, екіншісінде кеуде клеткасымен, ал үшіншісінде төменгі қабырға ұлғаяды. Қазіргі ән айту тәжірибесінде ішпен демалудың кең түрі тараған. Ән айту дағдыларын меңгеру барысында 3 ережені түсіні керек.
1 - ереже демді тез және елеусіз алу керек (иықты көтермей)
2 - ереже ішке алған демді музыкалық бір сөйлем біткенше жеткізе білу.
3 - ереже дем шығаруды біртіндеп және біртегіс шығару (жағылған жарыққа үрлеген тәрізді)
Дем алу ән айту комплексінің бір бөлігі.
Дауысты дыбыстардың вокалдық жұмысы барысында көбірек қолданылатын «а» дыбысы болып табылады. Бұл дыбысты айту кезінде жақ төмен түсіріліп, ауыз қуысы кең ашылады, жұтқыншақ қысаң боп тұрады.
«О» дауысты дыбысы «а» дыбысының қасиеттерін меңгереді, ал бірақ тембрі бойынша күңгірттеу болады.
«И» дауысты дыбысы бір жағынан жоғары позицияны табуға мүмкіндік беретін дыбысталуы өткір дыбыс. Барлық дауысты дыбыстардың ішіндегі «у» дыбысы терең немесе айғайламай шығаратын дыбыстардың бірі.

2. Мақсаты. Дауыссыз дыбыстар ұяң және қатаң болып бөлінеді. Ұяң дауыссыздарды айту барысында дауыс шымылдығы қосылады. Ол дыбыстар б, в, г, д, з, л, м, р. Ал қатаң дауыссыздар да дауыс шымылдығының көмегінсіз жасалады. Ол дыбыстар к, п, е, т, ф, х, ц, я, ш, щ.
Ұяң дауыссыздар арасында вокалдық дыбысталу элементтерін құрайтын мұрын жолды үнді дыбыстары (сонорные) деп те бөлінеді. Оларға л, м, н, р, ң дыбыстары жатады. Ән айтуда бұл дыбыстардың да маңызды рөлі бар.

3. Мақсаты. Дауыстылардың ширақтылығын тәрбиелеу.
Дауыстардың ширақтылығы анық дикцияның және байланыстыра айта білудің бұрын меңгерген дағдылары негізінде алынады. Дикция дегеніміз - сөйлегенде, өлең, тақпақ айтқанда сөздің және буынның ашық, айқын айтылуы. Мұндай дағдылар болмаса динамикалық және шапшаңдық нюанстарымен берілген шығармаларды орындау дыбыстық және дикциялық жағынан сапасыз болады. Дауыстың икемділігі немесе жылдамдығы өте кең ұғым.

4. Мақсаты. Көп дауыстылықты айтудың қарапайым дағдыларын меңгерту. Көп дауыстылықты әдемі айту негізі болып, дауысты дыбысқа құрылған әнді дұрыс айту негізінде жасалатын интонациялық таза унисон (унисон – бір дауысқа айтылатын дыбыс үндестігі).

2/4 өлшемі
1 и 2 и
2/4 өлшемі нота кілтімен қатар нота сызығына жазылады, бұл әннің өлшемі 2 ге тең екенін көрсетеді. Мысалы, “Біздің ән”

Сергіту сәті
Адасқан әріптер
Н Б А Р Б Д З И
О Ж Е Қ Я Т І Г
Т Ф М П Е Ы Ш Л
А К Ь Р Д И О Н

Сабақты қорытындылау: Сұрақ - жауаптар арқылы
1. Әнші болу үшін ең алдымен не керек?
2. Ән айту дағдылары неше мақсатта орындалады?
3. 1 - 2 ші мақсаты қандай?
4. 3 - 4 ші мақсаты қандай?
5. Үш ережені ата?
6. 2/4 өлшемін жасап көрсету?

Үйге тапсырма:
Ән айту дағдыларының мақсаттары мен ережелерін жатқа айту.
2/4 өлшемінде жаттығулар жасау.

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
Аудандық оқушылар үйі
«Жеке ән» үйірме жетекшісі:
Н. Қарымсақова
7 659
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді дыбыстар
Көңілді дыбыстар
Музыка әлемінде көңілді дыбыстар көп кездеседі. Көңілді дыбыстар бізге шаттыққа толы көңіл күй сыйлайды. Көңілді әуен тыңдағанда көтеріңкі көңілде боламыз. Шалқып ән салып, би билегіміз келеді. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың
Көңілді ноталар
Көңілді ноталар
Музыкалық ойындар арқылы балалардың денсаулығын, шығармашылығын нығайту. Музыканы мұқият тыңдай отырып ести білуге, ырғақтарды айыра білуге үйрету. Музыкаға әсерлену, дыбыс жоғарылығын ажырату қабілетін дамыту.
Хор өнері
Хор өнері
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Батракова Гулайым Шарипбековна
Нүктелі нота
Нүктелі нота
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қожбанбет би атындағы орта мектептің музыка пәні мұғалімі Абидоллаева Мерует Әшімқызы
Ән - хор айту дағдылары
Ән - хор айту дағдылары
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылы № 109 қазақ орта мектебі ән - әуез пәнінің мұғалімі Қожаева Ақтолқын Сабытбекқызы
Музыкалық дыбыстар
Музыкалық дыбыстар
ШҚО, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы Васильковка негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі Абильмажинов Нариман Талгатович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×