1150 жыл: Әбу Насыр әл - Фараби
1150 жыл: Әбу Насыр әл - Фараби
Әбу Насыр әл - Фараби – әлемге әйгілі ұлы ойшыл, ғұлама ғалым, философ, математика, физика, астрономия, астрология, лингвистика және тағы да басқа көптеген ғылым салаларын зерттеуші, «Шығыстың Аристотелі» атанған жалпы адамзат тарихындағы ең бір көрнекті, дана, дара тұлғалардың бірі.
Орталық Азия мен бүкіл Шығыс халықтарына ортақ дана ғалым 870 жылы Фараб (қазіргі Отырар) қаласында дүниеге келген. Ойшылдың өмір сүрген заманы атақты «Ұлы Жібек жолының» қызу сауда үстіндегі уақытымен, оның бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің жан - жақты дамып, қаланың барынша гүлденген кезіне тура келеді. Әл - Фараби ең алғашқы білімді Отырар медресесінде алып, сауатын өз ана тілінде ашады. Ұлы ғұлама бала кезінен зерек, ғылым - білімге құштар, жаңалық ашуға жаны жақын болып өседі. Сондықтан болашақ ғалым сол кездегі Орталық Азиядағы ең танымал әрі үлкен кітапханалардың бірі Отырар кітапханасының кітаптарын оқып, білімін жетілдіріп отырады.
Жоғарыда айтқанымыздай, Фараби өзінің зеректігі мен білімге деген құштарлығының арқасында туған жерінің, халқының тарихын, ғылым - білімін жан - жақты зерттеп, оқып - біледі. Енді ғұлама басқа елдердің, басқа жұрттардың тарихымен, мәдениетімен, өзге халықтардың ғылым салаларымен танысып, білімін одан әрі шыңдағысы келеді.
Осы мақсатпен ол жасөспірім шағында елге келген керуенмен ілесіп, Бағдат қаласына келеді. Мұнда ол араб тілін жетік меңгеріп, ілім - білім үйренуді одан әрі жалғастырады. Фараби Бағдатта жүріп, тек араб тілін ғана меңгеріп қоймай, грек тілін де оқып, грек халқының мәдениетімен, тарихымен, ғылымымен таныс болады. Ғұлама Таяу Шығыста жүрген кезінде Бағдат қаласымен қатар Мерф, Харран, Рей, Каир, Алеппа, Шам, Дамаск секілді қалаларда да болып, өзі білетін араб, қыпшақ, түркі тілдеріне қоса парсы, қытай, латын, санскрит секілді тағы басқа да бірнеше тілдерді үйренеді. Ғылыми дереккөздерге қарағанда әл - Фараби жалпы саны 70 - ке жуық тілде еркін сөйлей білген.
Фараби философия, әлемтану ғылымдарын тереңінен зерттеу арқылы аталған ғылым салалары тарихында өзінің өшпес ізін қалдыра білді. Ғұлама адамзат, дүние, ғалам жайлы жазылған Аристотельдің еңбектерін зерделей отырып, өзі де «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Кемеңгерлік меруерті», «Бақытқа жету», «Ақындықтың мәні туралы», «Азаматтық саясат» секілді т. б. философиялық туындылар жазған. Ғұлама «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында ізгі мемлекеттің болуы, ондағы халықтың бақытты, бай да алаңсыз өмір сүруі мемлекет басшысының ақыл - ойына байланысты дейді. Қоғамдағы озбырлықтар мен қаталдықтар адамгершілік ережелердің өрескел бұрмалануынан екенін айтып, қоғамды басқарудың дұрыс шарттарын ұсынады. Әділетсіздікті, біреудің елі мен жерін жаулап алушылықты әшкерелеп көрсетеді.
Дана ғалым музыка саласын да оқып - зерттеп, ғылымның бұл саласына да өзіндік үлесін қосып кеткен болатын. Көптеген музыкалық аспаптарда шебер ойнаған ойшыл өзі де бірқатар аспаптарды жетілдірген. Әйгілі Қорқыттың күйлерін тартып, өзі де «Шұбар айғыр» деген күй шығарады. Музыка ілімінде «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка ғылымы туралы пікірлер» т. б. іргелі еңбектер жазып қалдырды.
Әл - Фараби бүкіл әлемге өзін тамаша математик ретінде де таныта білді. Ғылымның бұл саласында «Ғылымдар тізбегі», «Ғылымдардың шығуы» секілді трактаттар жазып қалдырды. Ол - алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі.
Ұлы данышпан 950 жылы Шам қаласында дүниеден озады. Әл - Фараби өз артында: «Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу.... Білімді адам көп нәрсені біледі, қабілеті, дарыны арқылы белгісіз нәрселерді ашады...» деген ұлағатты сөз қалдырған болатын. Бұдан бөлек ғұлама араб, латын, иврит тілдерінде философия, логика, математика, астрономия, астрология секілді т. б. өзі оқып - зерттеген ғылым салалары жайлы 160 - қа жуық трактаттар жазып қалдырды. Бүкіл әлем тарихында өзіндік өшпес ізін қалдырып кеткен ұлы ғалым есімі бүгінгі халық есінен ұмытылмақ емес.
Биыл ұлы ойшылдың туғанына 1150 жыл толып отыр. Айтулы мереке ЮНЕСКО - ның көлемінде айрықша аталып өтуде. Ал біздің елімізде ғұлама ғалымның мерейтойын атап өту туралы шешім 2019 жылы президентіміз Қ. К. Тоқаевтың басшылығымен қабылданған болатын.
Осыған орай ғұлама ғалым атымен аталатын әл - Фараби атындағы ҚазҰУ және оның ректоры Ғ. Мұтановтың басшылығымен мерейтойға орай ауқымды іс - шаралар қолға алынып, университет көлемінде түрлі жұмыстар атқарылуда. Соңғы күндердің өзінде, қазан айының 15 күні сағат 16: 00 - 18: 00 аралығында «Әл - Фараби – өркениеттер философы» тақырыбы аясында кезекті үшінші «Science Talks» форматында онлайн конференция өтті. Бұл жолғы кездесу «Отырар – сан түрлі мәдениеттердің өзара тоғысып және біте қайнасқан орталығы» тақырыбы аясында жүргізілді.
16 қазанда ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев университетке арнайы келіп, әл - Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының кейбір қорытындыларын шығарса, қазақстандық фарабитанушы ғалымдар мен ғылыми қауымдастықтар ұлы ғалымның мұрасын ел ішінде және бүкіл әлемде кеңінен насихаттап, дәріптеу үшін мол жұмыстар атқарғанын айтты. Кездесуді қорытындылаған ҚР мемлекеттік хатшы Қ. Көшербаев ұлы ғұламаның мол мұрасын әрі қарай зерттеу мен насихаттау баршаға парыз екенін айтты. Әл - Фараби тұлғасын дәріптеу ғалымдардың ізденіске деген құлшынысын оятып, сол арқылы Отандық тарих ғылымының дамуына да қосатын үлесі зор болмақ.
Болат САЙЛАН, Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің профессоры, т. ғ. д.
Рүстем ТҰРДАЛЫ, 1 - курс студенті

Жаңалықтар
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы Конспект 10 ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастады. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Шығыстың көрнекті ғалымы Әбу Наср әл - Фараби де шығармаларын араб тілінде жазған.
Әбу Насыр әл - Фараби туралы аңыздар. Сағыныш сазы
Мухамедрахимова Гульжанар Жаскайратовна - бастауыш сынып мұғалімі
Орта ғасырда ғылым мен білімнің дамуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Бисенбаева Анар
Орта ғасырлық Қазақстан қалалары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы Алтаева Гүлжазира Бейсенбаевна
Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы
Білімділік: Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл - Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан - жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.