Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақал - мәтелдер - ғасырлар шежіресі

02 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Мақал - мәтелдер - ғасырлар шежіресі
Жоспар
І Кіріспе
Мақал - мәтелдер - ғасырлар шежіресі
ІІ Негізгі бөлім
1. Мақал - мәтелдердің тақырыптық ерекшеліктері
- Отан, атамекен, туған жер
- Достық, жолдастық, әдептілік
- Өнер - білім, еңбек, ерлік, батырлық
2. Мақал - мәтелдің көркемдік ерекшеліктері
ІІІ Қорытынды бөлім:

Мақал – сөздің атасы
Адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбекті ұрпағына үйретіп, адалдыққа баулыған халқымыздың танымдық, тәрбиелік дәстүрлі салт - санасы, тұжырымдарының мәңгі нәр алатын рухани асыл қазынамыз дүниені көркемдік әдіспен бейнелеуде мазмұны терең, мыңдаған ұрпақтардың ми қазанында құрымай шыныққан ой - өрісі биік тәжірибе тезінен сұрыпталып өткен ой маржаны таза мақал - мәтелдердің шоқтығы биік.

Мақал - мәтелдер ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдық тарихы тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің энциклопедиясы. Олар әлеумет өмірінің алуан саласын көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан - ұрпаққа таралып қалың көпшіліктің құдіреті, келісті көркем сөз кестесін қасиетті мұра ретінде жеткізді. «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Жүздің көркі - сақал» сияқты сөз өрнектері әлеуметтік заңға айналып кеткен зерделі сөздер халықтың өз мұрасына деген шынайы сүйіспеншілігінен туған.

Сиқырлы сөз құдіретін, табиғатына терең меңгерген поэтикалық дарынды дала данышпандарының шығармашылық қиялынан туындаған мақал - мәтелдердің ат дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленіп, өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беретін үлкен түйін жасалып, халықтың ғасырлыр бойы тәжірибесі қорытылған. Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлік танытқан.

«Көп сөз көмір, аз сөз алтын» дегендей мақал - мәтелдің ой бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық сөз жоқ, бәрі орнында, екшеленген, сұрыпталған біріккен, ой - өркен ажыратпас туыстық тапқан. Мысалы: «Ер дәулеті – еңбек» мұндағы негізгі ой еңбектің құдіретін, бүкіл игіліктің көзі екенін білдіру түйінделген қазығы еңбек болған соң мақалда «е» дыбысы ерекше естіледі. Мақалға саздылық, үнділік беріп тұрған сол. Дәулет сөзінің мақал бітіміне кіруі де соған байланысты. Оның орнына ырыс, байлық, молшылық сөздерін қоса алмайсыз. Онда мақал поэтикалық қасиеттерінен айрылады. Мақал - мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданған. Кейде, тіпті, сөз тастап кеткен отырған. Бірақ одан мақал - мәтелдің, мәні өзгермеген. «Ақыл жастан - асыл тастан»- өлеңде «шығады» сөзі қалып қойған, бірақ одан ойсырап тұрған жоқ.

Мақал - мәтелдердің тақырыптары әр түрлі және алуан, ол халықтың әлеуметтік шаруашылығы, рухани өмірін түгел қамтиды. Сол арқылы әр түрлі тақырыптар Отан, туған жер, атамекен, адамгершілік пен достық, еңбек туралы болып келеді. Елі мен жерін емірене сүйген халық Отанды шексіз сүюді ұрпағына өсиет етеді. «Ел - елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы», «Туған жердей жер болмас - туған елдей ел болмас», «Ө¬з елің - алтын бесік», «Ер жүрегі – ел үшін туады, ел үшін өледі»,- деп халықтың туған жеріне, еліне деген шынайы сүйіспеншілігі терең түйінделген. Сол арқылы туған жерді алтын бесіктей аялап, бағалау керектігін, ол үшін өміріңді берсең де артық еместігін бейнелейді. Мақал – мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады.

Мысалы: «Өнер алды қызыл тіл», «Елін сүйген ер болар», деген мақалда ешқандай астар, тұспал жоқ болса, «Не ексең соны орасың» дегенде астарлы ой жатыр. Халық бұл арқылы істеген ісінің нәтижесі сол ісіңе орай дегенді, ишара етеді. Мақал - мәтел қосарлана айтылып, бір - біріне туыс болғанымен, екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал - мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да байқалады. Мысалы: Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алса екі жай сөйлемнен тұрады, ой тиянақты. Ал мәтел құрылысы жағынан мақалдан өзгерек. «Әлін білмеген әлек», Көппен көрген ұлы той» деген тұспал мәтелде басым. Алайда екеуі де халықтың ғасырлар бойы жинақталған даналық ойының мәйегі болғандықтан егіз қозыдай сыңарымен мақал - мәтел деп бірге айтылады.

Мақал да, мәтел де - сөз асылы, сап алтыны. «Мақал - сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен, өрнегімен ерекшеленеді. Мақал мәтелдер нақыл сөз есебінде қызмет атқарады. Мақал - мәтелдерде бейнелі ойға жетелейді.

«Түсіне қарасаң күндей, ішіне қарасаң түндей»- деп жүзі күндей жарқырап күлімдеген адамнан да жаны жамандыққа құмар, зұлым адамның шығатынын дәл суретімен өрнектейді.
Сөз қолданысы айтуға жеңіл, өткір ойлы, ұшқыр мақал - мәтел халқымыздың ой шеберлігін, бай тілін дәлелдей түскендей өшпес мұра екені де сондықтан болар.

Халық даналығының бір түрі мақал – мәтелдердегі мағына, мәні терең, аз сөзбен көп мағынаны, үлкен ойды жеткізетін шеберлік ұлттық мақтанышымыз десек те артық емес. Сондықтан ата - бабаларымыздың асыл қазынасы, даналық мәйегі көздің қарашығындай сақтап, бағалау басты парызымыз болу керек.
53 093
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Мақал-мәтелдер. Отан, өнер - білім туралы
Мақал-мәтелдер. Отан, өнер - білім туралы
Қазақ халқының мақал - мәтелдері арқылы білімділікке, адалдыққа, әділдікке, еңбексүйгіштікке, туған жерін құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер жөнінде ұғымдарын қалыптастыру, мақал – мәтелдер өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырған халықтың ақыл өсиеті екенін, мақал – мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Мақал - мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру. Сауатты жазуға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, сөз арасында мақалдарды орынды қолдана білуге үйрету.
Мың бір мақал жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал жүз бір жұмбақ
Мақал – мәтелдер – ғасырлар шежіресі, онда халықтың ақыл – өнегесі көрініс тапқан. Мақал – мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.
Мақал - мәтелдер туралы түсінік
Мақал - мәтелдер туралы түсінік
Мақал - мәтелдер туралы түсінік
Мақал-мәтелдер - даналық көзі
Мақал-мәтелдер - даналық көзі
Мақал - мәтелдердің ғасырлар шежіресі екенін ұғындыра отырып, өзара ерекшеліктерін түсіндіру, мақал - мәтелдердің шығу тарихынан толық мәлімет беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×