ойын сауық отауы
Қазақ әдебиеті әлемінен
27.11.2023 234 0 Admin

Қазақ әдебиеті әлемінен

Әдебиет
Қазақ әдебиеті әлемінен
Жезтырнақ – қазақ фольклорында кездесетін мифтік бейне. Мұндай бейнелер – Мыстан кемпір, Жалғыз көзді дәу, Жеті басты жалмауыз, Айдаһар, Таусоғар, Көлтаусар, Желаяқ, т. б. Жезтырнақ әдетте ертегінің жағымды кейіпкеріне қарсы оның қас дұшпаны ретінде көрінеді. Бірақ ол қаншалықты жауыз, айлакер болса да, халықтан шыққан батырлардан жеңіліп қалып отырады. Жағымсыз бейне барлық халықтардың ертегілерінде (қырғыз, ұйғыр ертегілерінде – эадмауыз, орыстарда – Баба Яга, т. б.) бар. Қазақ фольклорында Жезтырнақ «Құламерген», «Жерден шыққан Желім батыр», «Аламан мен Жоламан» сияқты ертегілерде, «Алпамыс батыр» эпосында, Ж. Жабаевтың «Өтеген батыр» дастанында кездеседі.
Желдірме – жыр, толғау, терме сияқты суырып салма айтуға негізделген, музыкалық - эпикалық дәстүр аясында пайда болған жанр. Мақамдық - музыкалық құрылымы жағынан терме мен желдірме жанрларының айырмашылығы көп емес. Екеуі де тақпақ сазды мақамға құрылады. Осы тұрғыдан желдірмені терменің ерекше көңіл күймен, шапшаң орындалатын бір түрі ретінде қабылдауға да болады. Желдірме үлгілері көп емес. Оған қатысты пікірлер И. Байзақовтан жазылып алынған желдірменің 5 үлгісіне негізделіп жүр. Желдірменің негізгі ерекшелігі – ішкі көтеріңкі көңіл - күй сезімін түйдектете, шұбыртпалы ұйқасқа негіздеп, жылдам мақаммен жеткізуінде. Оның 11 буынды өлшемге ғана құрылуы шарт емес. Кейде 7 - 8 буынды жыр өлшеміне де негізделуі мүмкін. Басты шарты – желдіртіп, түйдектетіп айту. Поэзиялық арқауы, ішкі мазмұны жағынан желдірменің термеден айырмасы да жоқ емес. Термеде бір құбылыстың болмыс - бімі жан - жақты, тәптіштеп жеткізілсе, желдірмеде шаттану, мақтану, марапаттау үстем. Осы сипаты оны қара өлеңге ұқсатса, екінші жағынан, ақыл - кеңес, ғибрат, дидактикаға негізделген термеден де ерекшелейді. Термеге тән иірімдік қайырымдар орнына «ги - ги - гай», «ля - ля - ляй», «а - ри - ри - тай» деп келетін қысқа, бірақ барынша жылдам орындалатын аяқтамалар кездеседі. Мақамдық деңгейдегі толғаныс, әуен - сазды қорытындылау мұнда жоқ. Байзақовтың кейбір желдірмелерінен ән мен термеге тән белгілерді қатар кездестіруге болады. «Кім көрді көктің жерге құлағанын, кім көрді Күннің жарық сұрағанын» деп келетін желдірменің басы ән, аяғы терме. Желдірмеде әнге ұқсас бастама мен қайырма да болады. Мұндағы әуен мен өлеңнің асинхрондық байланысы музыкалық мақамның әріден келе жатқанын байқатады. Желдірменің мазмұны еңбек тақырыбына құрылған, мақамы ұшқыр, әуезді, нағыз желдіртіп орындалатын түрлері де бар. Байзақов желдірмелерінің басым көпшілігі дориялық мақамға құрылған. Олардың музыкалық құрылымы желдірме мен термені жақындастырса, мазмұны, көркемдік жүйесі, мақсаты мен міндеті оларды даралауға қызмет етіп тұр. Осы негізде желдірме музыкалық - эпикалық дәсттүр тудырған жеке жанр ретінде танылған.
Жергілікті колорит – әдеби шығармаларда белгілі бір қоғамның өміріне, сол ортаға, мекенжайға тән ерекшеліктердің көрініс табуы, суреткер жазбаларының жергілікті сипаттағы бояу - реңкі. Айталық, сентименталист жазушыларда жергілікті, әсірсе пейзаждық суреттеулерден айқын аңғарылады. Жазушы - романтиктер болса, басқа бір құрлықтар мен елдер табиғатын жергілікті колорит тұрғысында суреттейді. Мәселен, Еуропа жазушылары үшін Жерорта теңізі аймағы елдері мен Таяу Шығыс көріністері жергілікті колорит рөлін атқаруға себеп болған. Ал орыс романтиктері Кавказ туралы жазған, жырлаған. Әсерлі де әсем табиғат суреттері, өзгеше өмір сүру салты, әдеттегіден бөлек мінез қырлары романтикалық шығармаларды толықтыра, байыта түскен, әр берген. Бұл орайда жергілікті колоритті тек табиғатпен ғана байланыстырып қарау жеткіліксіз, оның әлеуметтік маңызы да бар. Айталық, романтиктер басқа халықтардың ешкімге ұқсамайтын тіршілік әрекетіне, әдет - ғұрпына назар аударған. Сол арқылы жаңадан бір өмір сырларына үңілген, соны жырлауға, ашуға ұмтылған. Лермонтовтың кейбір жырларынан, Толстойдың «Казактар» повесінен жергілікті колорит әсерін көруге болады. Қазақ әдебиетінде де жергілікті колоритпен жазылған шығармалар бар. М. Әуезовтің «Индия очерктері», Қ. Бекхожиннің Тәжікстан туралы жырлары, Ғ. Қайырбековтың Қара теңіз жырлары, т. б.

баспаға әзірлеген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Дұмрұл батыр мен жаналғыш періште Дұмрұл батыр мен жаналғыш періште
Баяғыда Дұмрұл есімді батыр өмір сүріпті. Ол алып күштің иесі болыпты. Сол күшінің арқасында тіпті Әзірейілдің өзіне қарсы тұрыпты. Бірде Дұмрұл
Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Абат батыр» - «Қырымның қырық батыр» топтамасына енетін эпостық жыр. Жыр ел аузында аңыз, әңгіме түрінде сақталған. Асан қайғының ұлы Абат батырдың
Темір адам жайлы миф Темір адам жайлы миф
Көшпелілер темір кенін өте ерте замандарда өндіре бастаған. Бұл олардың дүниені түйсінуіне әсерін тигізді. Топырақты қопарыстырған кезде адам тікелей
Тұлпар - Пегас туралы миф Тұлпар - Пегас туралы миф
Көшпелі халықтар байырғы замандардан бері өздерінің сенімдіәм адал серіктері – аттарды киелі жануар деп есептеп, оларды қисапсыз көп бейнелеген.
Айдаһар Айдаһар
АЙДАҺАР. Қазақ ертегілік - мифтік дәстүріндегі зұлым құбыжық, демон. Оның "аждаһа" түріндегі синонимі де бар. Айдаһар атауы өзімізге кеңінен танымал
Ақтолыс ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Ақтолыс ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Есімі ел аузында сақталған көріпкел және емші. Есім ханның замандасы Жарылқамыс батырдың інісі Жалаңның зайыбы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×