ойын сауық отауы
Дұмрұл батыр мен жаналғыш періште
23.01.2023 213 0 Admin

Дұмрұл батыр мен жаналғыш періште

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Дұмрұл батыр мен жаналғыш періште
Баяғыда Дұмрұл есімді батыр өмір сүріпті. Ол алып күштің иесі болыпты. Сол күшінің арқасында тіпті Әзірейілдің өзіне қарсы тұрыпты.
Бірде Дұмрұл батыр көпір арқылы өзеннен өтіп, сол төңіректе отырған бір ауылға кез болады. Ауыл ішіне кірсе, ел, сірә, аяулы азаматынан айырылған болу керек, күңіреніп жылап жатыр екен. Сонда батыр: «Неге жылайсыңдар, азаматтарыңды кім өлтірді?» - деп сұрайды.
Ауыл тұрғындары: «Оның жанын алдашы деген жаналғыш қызыл қанат періште алып кетті», - дейді.
Дұмрұл батыр әлгі азаматтың жанын арашалап алып қалу үшін Әзірейілмен, Алдашының өзімен шайқаса кетеді.
Сол кезде Алдашы: «Сен оның жанын қайтарып аламын десең, орнына басқа бір жан тауып әкел», - дейді.
Мұны естіп, батыр жігіттің әке - шешесіне жағдайды түсіндіреді. Алайда қартайып отырса да, баласы үшін жанын бергісі келмейді. Сонда: «Күйеуімнен қалып көрер күнімнің қызығы жоқ, Құдай қосқан жарымнан жаным артық емес. Менің жанымды алсын», - дейді оның келіншегі.
Келіншектің жүректен шыққан сөздеріне разы - хош болған Алдашы жігіттің әке - шешесінің жанын алады да, келіншек пен күйеуіне жүз қырық жастан өмір береді. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жаналғыш әзірейіл Жаналғыш әзірейіл
Ерте кезде адам жанын алатын жаналғыш Әзірейіл көзге көрініп келіп, жан алады екен.
Шешендік сөздер: Дүзде батырмыз Шешендік сөздер: Дүзде батырмыз
Тойлыбай деген кісі әрі батыр, әрі шешен болыпты. Ас пен тойда кедеймін деп ығыспай батыр, билерге, бай мырзаларға сөз бермейді екен. Бір жолы тойдан
Жеке батыр - Сәкен Сейфуллин Жеке батыр - Сәкен Сейфуллин
Болыпты баяғыда Жеке батыр.... Тау бағып жатады екен тігіп шатыр. Бір күні қарауылда қалғып кетіп, Сол батыр бүгінгеше ұйықтап жатыр.
Батыр, ер туралы мақал - мәтелдер Батыр, ер туралы мақал - мәтелдер
Батырды бәрекелді өлтіреді
Кім қорқақ, Кім айбатты Кім қорқақ, Кім айбатты
Шығып алып інінен, Ұйқы бермес түнімен, Тышқан түнде жортады, Ол мысықтан қорқады.
Батыр Батыр
Қорқақ екен өзге,- деп, Осыдан да қаншама? Жаңбыр деген сөз бе,- деп, Тығылмады ол тасаға.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×