ойын сауық отауы
С. Адамбеков / Атылған қыз туралы аңыз
05.02.2024 227 0 Admin

С. Адамбеков / Атылған қыз туралы аңыз

Әдебиет
Ұлы Даланың рухани жауһары
С. Адамбеков / Атылған қыз туралы аңыз
С. Адамбековтің «Атылған қыз туралы аңыз» сатиралық тұңғыш романы 1969 жылы жарық көріп, көпшілік көңілінен шыққан шығармалар қатарына жатады.
Жазушының бұл сатиралық романы қоғамдағы жағымсыз болмыс - құбылыстарды, адам бойындағы ұнамсыз мінез - құлықтарды, әдеп - тәртіптерді әшкерелеп, күлкіге жығу, келемеж ету ниетімен жазылатыны жөнінде әдебиет зерттеушілерінің пікірлері бір арнаға саяды. Осы орайда орыс сатириктерінің мұрасы қазақ жазушылары үшін үлкен мектеп, нысана болғаны да даусыз.
С. Адамбековтің «Атылған қыз туралы аңыз» романының басты кейіпкерлері Сыбан молда, парторг Шынтас, оның шопыры Майлыбас, Жаманқара, әйелі – Кәкеш, Айбалта, әйелі – Аня, атасы – Сайрамбай, Тасбике, Кәрім, Орман қарт, оның қызы – Айнаш, тергеуші – Тәнкей, т. б.
Романның қысқаша мазмұны мынадай: Сыбан молда үйінде Тасбикені емдеп жатқанда үстінен Майлыбас түседі. Молданың тізесіне жағатын спиртін, бір коньягін бөліп ішіп, Жаманқараның түрмеде асылып өлгенін естиді. Бәрі бірігіп қайғырады. Ауыл ақсақалы Сайрамбайдың үйіне барып Жаманқараның өлімін естіртеді. Жаманқараның туысқаны Сайрамбайдың баласы Айбалта бір ай бұрын хат алып, аман - есендігін білген.
Жаманқара Жабағин – соғыс басталғанда жүн - жұрқа жинап байыған. Жаманқараның қолқанаты болған Майлыбас пен Кәрім жүн - жұрқа, темір - терсек жинасып, бірге істеседі. Алғашқыда Жаманқараның үйінде колхоз бастықтары, ауылсовет төрағасы қонақ болса, кейіннен облыстық тұтынушылар одағы, облыстық атқару комитетінен қонақтар келетін жағдайға жеткен.
Жаманқара 1957 жылы колхоздар совхоздарға біріктірілгенде жұмыссыз қалады. Кейіннен ферма меңгерушісі болып тағайындалады. Жәкеңнің жағдайы жақсарғаннан кейін Ереван, Тбилиси, Ташкент жақтан шеберлер шақыртып, бұрынғы үйін қайта әшекейлейді.
Жаманқара басына бұлт төнген күн облыстан бастықтардың қонаққа келгенінен басталады. Вертолетпен келген қонақтар ойына келгенін істейді. Қонақтармен бірге келген ақ келіншек жоғалып, тыныш ұйқыдағы «Көкөзек» селосы бүйі тигендей дүрлігеді. Ол келіншек Кәріммен бірге кеткен болып шығады. Көктен түскен үлкен қонақ, қойнындағы келіншектен айырылып, қайта ұшып кеткен соң, көк қақпалы кең аула бос қалады. Бір жеті өтпей - ақ «Охота на вертолете» фельетоны шығып, обком бюросында бұл жағдайды қарап, Жаманқараға қатаң сөгіс беріледі. Кейінірек Жаманқараның былықтары шығып, түрмеге жабылады.
Сыбан молда Орман қарттың домбырашы қызы Айнашты көріп, көңілінде желік пайда болады. Орманның әйелінің жақын сіңлісі Тасбикені айналдыруы қызға қарай көпір салудың жолы деп санайды. Бұл молда алпыстан асса да, жас қызды алуды көксеп, әйелін төркініне апарып тастайды.
Аня Айбалтаның әйелі, ұлының аты - Шоқан. Аняны Владивостоктан алып келген, мамандығы - дәрігер. Ел - жұрт жиналып, ақылдаса келе, Жаманқараға мола соғып, ескі - жаңа киімдерін қоса көмуді ұйғарады. Мола соққан екі өзбектің ұстасы аңқау халықты алдап, айла - амалдарымен ақша жинап алады.
Жаманқараның киімдерін көміп жаназа шығарғалы жатқанда, мазар сыртындағы қалың жыңғыл ішінен, көк жиделердің арасынан Жаманқараны қолтықтаған Майлыбас шыға келеді. Екеуі де мас, ел аң - таң болып қалады. Жаманқара жаназасына жиналған малды бағып жүрген «Мылқау дуана» өзі болып шығады. Молданың ұйғарымымен жаназаға түскен мал қайтып иелеріне қайтарылмайды. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қазақ әдебиеті әлемінен: Алдаркөсе, Аллегория Қазақ әдебиеті әлемінен: Алдаркөсе, Аллегория
Алдаркөсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Аңыз әңгімелерде Алдар көсе өзінің асқан айлакерлігі
Б. Қыдырбекұлы / Алатау Б. Қыдырбекұлы / Алатау
Б. Қыдырбекұлының «Алатау» романының негізінде жатқан идеяны – гуманизм идеясы деп белгілеуге болады. Романның бірінші бетінен ең соңына дейін
Күй аңызы: Бозінген Күй аңызы: Бозінген
Қазақта бозінген туралы аңыздар көп. Сыбызғышылар арасында мынадай аңыз көп тараған: ... Баяғыда Бағланбай деген бай болыпты, малының құты Бозінген
Адам туралы мақал - мәтелдер Адам туралы мақал - мәтелдер
Адам адаммен, жер сумен.
Тау халқында бір аңыз бар мынадай... Тау халқында бір аңыз бар мынадай...
Орныменен таба білсең қолданыс, Жылуың мен мейірімің - ол да күш. Дәл осындай отырғанын ұмытпа Әр еркектің ішінде бір жолбарыс...
Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер
Есенбике - XVIII ғасырда өмір сүрген Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың шешесі. Есенбике кішкентайынан Айдабол бидің бәйбішесінен туған кенже
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×