ойын сауық отауы
Тау халқында бір аңыз бар мынадай...
14.06.2017 2 998 0 Admin

Тау халқында бір аңыз бар мынадай...

Өлеңдер
Өлеңді жазған: Қайырбек Шағыр
(Фазу Әлиевадан аударма өлең)

Тау халқында бір аңыз бар мынадай.
Анасына қызы келіп шыдамай,
Мұң шағыпты: "Ерім менің тұрақсыз,
Өзге әйелге көп барады, бұл қалай?"

Анасы айтты:,"Уайым емес бұл жаман.
Тауып әкел бір - екі тал қыл маған.
Қыл болғанда, жолбарыстың тірідей,
Мұртын барып өз қолыңмен жұл, балам"

Көздерінің тым үлкейіп шарасы,
"Не деп тұрсыз?" деп шошынды баласы.
Сен әйелсің, келер бәрі қолыңнан
Байқап көр - деп міз бақпады анасы.

Сан ойланып, толғанды қыз неше күн,
Тапқандай боп бұл істің де есебін.
Ну орманға сіңіп кетті бір күні,
Қой етінің қолына алып кесегін.

Таса жерден күткені оның жолбарыс.
Көлбең етті, емес екен ол да алыс.
Атылды кеп ызалана күркіреп,
Етті беріп, аулақ қашты сонда қыз.

Ертеңінде тосты тағы жолынан.
Тағы ұмтылды тісі ақсиған долы аң.
Берген етін жеп жатқанда жолбарыс,
Тұрды қарап, қозғалмастан орнынан.

Үшінші рет көргенде әйел сыйлығын,
Тарғыл неме бұлаңдатып құйрығын
Күтіп тұрды жуасыған пішінде,
Алақаннан ас беретін туды күн.

Төртінші рет кездестірген аң мұны,
Ашу емес, қуаныштан қарғыды.
Қой етіне тойып алып, әйелдің
Тізесіне басын қойып қалғыды.

Ептілікпен осы сәтте қас - қағым
Әйел оның мұртын жұла бастады.
Үш - төрт тал қыл - ерлігінің жемісін,
Анасының алдына әкеп тастады.

Риза болған анасы айтты: "Ал, міне,
Айлалыға алдырмайтын қалды не.
Үйіңе бар, жұбайыңның тілін тап.
Ол соншама жолбарыстан кәрлі ме?!

Орныменен таба білсең қолданыс,
Жылуың мен мейірімің - ол да күш.
Дәл осындай отырғанын ұмытпа
Әр еркектің ішінде бір жолбарыс...

Сүлеймен пайғамбардан қалған дәстүр Сүлеймен пайғамбардан қалған дәстүр
Қазақ халқында үйге қонақ келгенде жас баланың қолына құман беріп, мойнына сүлгі асып, ас ішердің алдында қонақтардың қолына су құйғызатын дәстүр бар.
Ұры мен баласы - Сәбит Дөнентаев Ұры мен баласы - Сәбит Дөнентаев
Көз салмас ұры неге қарны ашқан соң, Аяғын арамдыққа бір басқан соң Жанында бір кішкене баласы бар, Жөнелді бақша жаққа кеш батқан соң.
Қызыл алма Қызыл алма
Кішкентай қыз қолына екі алма ұстап отыр еді. Ар жақтан анасы ақырын ғана күлімсірей келіп, кішкентай ханшайымнан: - Балапан, аламаңның біреуін маған
Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды
Әйеліңіз әдемі болсын десеңіз көңіл бөлуден жалықпаңыз.
Mалдық сана туралы мұң Mалдық сана туралы мұң
Біздер қашан арыламыз дүлей - шампа күдіктен? Ең дұрысы, адамдығы еңкейгеннен қорыққан. Көп жыл бұрын Гималайдың баурайында жүріп мен Бір жолбарыс
Сынық қанат шағалам Сынық қанат шағалам
Теңіздің тіліп айдынын, Кемелер кетіп барады, Желкенді менің қайығым, Жалт беріп бірде қалады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×