ойын сауық отауы
Аман бол, шешем, аман бол... ертең кетем
12.10.2020 1 126 0 Admin

Аман бол, шешем, аман бол... ертең кетем

Әңгімелер
Күй аңызы
Аман бол, шешем, аман бол... ертең кетем
... Көпшілік тараған соң, Алқа баласына өзінің көптен ойлап жүрген бір ойын оңашалап айтады. Ол Құрманғазының жасы болса келе жатқанын, енді Әубәкірдің әбден жауласып алғанын, күйшінің бұл арадан тағы біраз уақыт тасалана тұрмаса болмайтынын айта келіп, өткен жазда төркініне бара жатқанда Есенқұл беріш игіліктің үйіне түсіп, қызы Әуесті Құрманғазыға атастыру жөнінде игілікпен сөйлескенін, малдан жарлы болса да, баласының өнері бар екенін, халық аузында тек жақсылық сөздерімен ғана айтылатынын, әкімдердің «ұры», «қарақшы» деп жүргенінің шын сырының неде екенін айтқанын баласына баяндайды. Әзірше қолда бар үш - төрт қарасын беріп, Құдай қосқан құда болатынын тұжырыңқырап айтып та салды. Әкесі Сағырбайдың жасы келіп қалғанын, енді өзінің де немере көретін кезінің жеткенін қосып қояды. Ардақтап, ақ сүтін беріп өсірген анасының сөзіне Құрманғазы «үндемеген – ризалықтың белгісі» дегендей пішін көрсетеді. Іштей бәрін түсінген Алқа жаз шыққандай жадырап табанда Сағырбайға айтты. Қарт әке де қуанып қалды. Бірақ баласының тағы да жиһан кезіп кететіні әсіресе анасының дегбірін қашырды. Соңғы бірнеше түн алқа ұйықтай алмайды. Торы атты ерттеп жолға жиналған Құрманғазы үйден шығар алдында домбырасын қолына алып, қадірлі анасына қоштасып, бір күй тартады. Шығарып салуға жиналған достары күйдің атын сұрамай - ақ білді. Өйткені бұл күйдің басындағы бірінші бастамасының өзі «аман бол, шешем, аман бол» деп қақсап тұр еді.
Күйде жабығу кейпі атымен жоқ болатын. Құрманғазының бұл күйі жайбарақат басталып, тіпті қайнына аттанып бара жатқан күйеудің шабытындай көтеріңкілік жағдайда еді. Тек кейбір жерлерінде күйші аздап кідіріп алып, дыбыстарды нақтағанда ата - анасын, алтын босағасын қимағандық кейпіндегі дыбыстар ғана шығып, көп ұзамай баяғы «аман - есен оралармын, еш нәрсе ойламаңдар» деген сияқты болашағына сенім бар еді. Айтушылар Құрманғазы осы жүрер алдында «Ертең кетем» деген күй шығарған екен. «Ертең кетем» күйінде домбыра кәдімгідей «ертең кетем» деп сөйлем тұрғандай дейтін.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Жалтаң қарға, емен толқыны, Ақбай Күй аңызы: Жалтаң қарға, емен толқыны, Ақбай
Ертеректе Қара Ертісте мұз қатысымен, ел өтіп аржағына қыстайды екен. Бабақан би бастаған бір зәңгі ел, ежелгі әдеті бойынша көшіп, мұздан өтпек
Бақытың өз қолыңда Бақытың өз қолыңда
Жанар бір үйдің жалғыз қызы. Әке шешесінің төрт ағасының еркесі. Әбден еркелігі соншама өзінің айтқанын болдырмай қоймайтын. Жағдайлары да жоғары
Күйеуінің айыбын жасырған әйел туралы хикая Күйеуінің айыбын жасырған әйел туралы хикая
Ертерек заманда Құдайға құлшылық қылған, тақуа бір жігіт өмір сүріпті. Жігіт ер жеткенде әкесі үйлену туралы сөз көтерсе, ол қашқалақтай береді екен.
Қыз Данай (ХІХ ғасыр) Қазақ тарихындағы әйелдер Қыз Данай (ХІХ ғасыр) Қазақ тарихындағы әйелдер
Қыз Данай – Кіші жүздің қызы, Таз руының Келдібай атасының Жәлімбет деген бұтағынан екен. Сүймеген адамына айттырып, қоспақшы болған соң, Төремұрат
Пушкинмен қоштасу Пушкинмен қоштасу
Ал енді қоштасайық, сардар аға. Мен ертең кетем ұшып сардалама, Қыранның қырандығы - кең далада, Қыранның қырандығы - тауда ғана.
Қасқыр мен мысық Қасқыр мен мысық
Орманнан Қасқыр келді елге қашып, Алақтап, не қыларын білмей сасып. Соңынан бір топ аңшы қиқу салып, Ит қосып келе жатыр шапқыласып.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×