ойын сауық отауы
Пушкинмен қоштасу
10.05.2016 1 750 0 Дауыл

Пушкинмен қоштасу

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Ал енді қоштасайық, сардар аға.
Мен ертең кетем ұшып сардалама,
Қыранның қырандығы - кең далада,
Қыранның қырандығы - тауда ғана.
Мен ертең кетем ұшып сардалама.
Қош боп тұр, қош есен бол, сардар аға!
Сөкпей де өкпелемей қал балаңа.
... Ақынның ақындығы - атақта емес,
Ақынның ақындығы - арда ғана.
Айтатын арызым бар, аға, саған,
Көңіл - кермек, бой - күйез тамашадан.
Ақымақпын, кей - кейде арыма мен,
Өз қолымен күйені жаға салам.
Сен болған шақ бұлыңғыр, тұнжыр маған.
Әйтсе де аямапты құрғыр заман.
Болат Пушкин тіріліп кете ме деп,
Тұғырыңды болатпен шынжырлаған.
Қарадым сенің қола мүсініңе,
Қоланы да болады түсінуге.
Мені тәңірім жаратқан табынуға,
Сенің мәңгі қақың жоқ кішіруге.
Ортасына сауықшыл түсіп көптің,
Мастандым да, масайрап ісіп кеттім.
Мұң шаға келіп едім - ұш! - дедің сен,
Өзің ұш деп тұрған соң ұшып кеттім.
Ұшып кеттім тауларға бұлт басқан,
Төңкеріліп теңізге тұныпты аспан.
Теңіз бенен аспанның тыныштығын,
Долы дауыл барады жұлып, қашқан.
Хош бол, аға, әлемді тамсандырған,
«Тас мейманға» табиғи жан салдырған.
... Меніменен сайрандар жел жоқ, бірақ,
Алатауым күтіп тұр қарсы алдымнан...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Бала туралы өлеңдер Бала туралы өлеңдер
Сені қашан көрем деп, Үйге асығып жетем. Үлбір беттен өбем деп, Ұшып - ұшып кетем.
Долы дауыл өзінше күш қылады. Бек Ноғайбайұлы шығармашылығынан. Долы дауыл өзінше күш қылады. Бек Ноғайбайұлы
Долы дауыл өзінше күш қылады, Ақ қайыңды мұңайтты құстың әні. Көкте Құдай қол бұлғап шақырды ма? Абыр – сабыр аспанға ұшты бәрі.
Көгалды алаң Көгалды алаң
Көгалды алаң. Сүт сәуле қырды басқан, біз отырмыз жанардан арман ұшып. Еленбейтін бұрынғы жұлдыз, аспан - бәріне таңданысып.
Мен таулықпын! Мен таулықпын!
Tay дейтін алып жүрек Ана туған Мен таулықпын! Таудан мен жаратылғам. Киіктің сүтін емін ержеткенмін Қуат алып қыранның қанатынан
Ақынның ауылы Ақынның ауылы
Сол маңға соға алмадым көптен бері, Күз бе еді?! Есімде жоқ, көктем бе еді?! Есімде тек - даланың өкпек желі, Есімді алып, құшақтап, өпкен мені, Сол
Айтатын саған сырым бұл Айтатын саған сырым бұл
Айтатын саған сырым бұл, Ертеңім менің бұлыңғыр. Әлсіреп, дымым құрып жүр. Адасып менен кеткен бе?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×