ойын сауық отауы
Не тәтті?
22.09.2021 1 135 0 Admin

Не тәтті?

Әңгімелер
Пайдалы кеңес
Не тәтті?
"Байдалы қартайып төсек тартып жатыр" дегенді естіп Мұса мырза іздеп келіпті. Байдалы шешен қараша үйінің ішінде бөстекке оранып жатыр екен. Мұсаның қолын алып, жөнін сұрап амандасыпты да, кәріліктің жайын айта беріпті.
⁃ Ой, кәрілік - ай, сөздің өзі бала, тербетсе оянады, тербетпесе оянбайды, заманым өтті ғой! - дей беріпті.
Мұса қонып, қонақасын жеп, таңертең жүрмек болады.
- Е, шырағым, еліңе не айтып барасың? - депті Байдалы.
- Мен не айтайын, ел ағасы болған Байдалы еді, енді кәрілікпен алысып жатыр екен деймін дағы, - депті Мұса.
- Шырағым, оның рас. Үш ауыз сөз сұрайын, соны шешіп беріп кетші! - дейді қарт.
Мұса «айтыңыз» деп тыңдайды. Байдалы қарт сонда:
- Алыста не алыс? Жақында не жақын? Тәттіде не тәтті? - дейді. Мұса ойланып отырып:
⁃ Жер мен көктің арасы алыс. Кісіге туыс жақын, бала тәтті, - депті. Сонда Байдалы қарт басын көтеріп:
⁃ Балам, ақылың әлі алқымыңнан асқан жоқ екен. Білімді мен білімсіздің арасынан алыс жоқ, жаннан тәтті жоқ. Бала қанша жақсы болса да, жан шығарда адамның өз жанынан тәтті ештеңе жоқ. Жақында ажал жақын... - деген екен.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ел ішінде "Абылай аспас сары бел" деген қанатты сөз бар Ел ішінде "Абылай аспас сары бел" деген қанатты
Ел ішінде "Абылай аспас сары бел" деген қанатты сөз бар. Оның мәнісі былай: "Аралбайдан туған Бөйтелі батыр төре тұқымынан адам өлтіріп, құнды болады.
Нан қиқымының шарапаты Нан қиқымының шарапаты
Діни аңыздарда перғауынның саусақтары тозақ отына күймейді деп айтылады. Мұса пайғамбарға қиянат жасап, оның қауымын азапқа душар қылған перғауын
Ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдіреді Ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді
Үйдегі алтын қазық кім? - депті қарт. - Ата, үйдегі алтын қазық ер жігіт, - депті немересі. Жоқ балам, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса,
Мінезің қара жерден ауыр болсын Мінезің қара жерден ауыр болсын
Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын деп және ақыл сұрайын деп ат, шапан алып барады. Барып қонақ болғаннан кейін Бөкен Сырымнан
Жарлы мен Данагөй қарт. Жарлы мен Данагөй қарт.
Жарлы байғұс бірде Данагөй қартқа жолығып қалып мұңын шағып сұрапты: «Мен туғанымнан түкке жарымай келемін, мен неге кедеймін?, - депті. Сонда әлі
Екі қасқыр Екі қасқыр
Баяғыда бір үндіс қарт немересіне өмірлік шындық туралы әңгімелепті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×