ойын сауық отауы
Екі қасқыр
29.12.2016 4 145 0 Дауыл

Екі қасқыр

Бұл қызықты
Екі қасқыр
Баяғыда бір үндіс қарт немересіне өмірлік шындық туралы әңгімелепті. – Әрбір адамның ішінде өмір бойы екі қасқырдың айқасына ұқсас күрес жүріп жатады. Бір қасқыр – қызғаншақ, өзімшіл, менмен, өтірікші, күндестікті білдірсе. Екіншісі – адал, мейірімді, шынайы, кішіпейілділікті білдіреді. Атасының сөздері жүрегін тебіренткен кішкентай балақай біраз ойланып отырып, сұрапты: - Ал, соңында қай қасқыр жеңіске жетеді? Езуіне аз ғана күлкі үйірілген атасы былай деп жауап беріпті: - Қай қасқырды азықтандырса сол жеңіске жетеді - депті.

Ақсақал
Жол бойында аяңдап келе жатқан ақсақалдың алдынан бір топ жігіт шығып, əлгілердің біреуі ғана:
"Ассалаумағалейкүм, ата!" деп амандасқанда, ақсақал:
"Уағалейкүмассалам. Шырағым, неге жалғыз өзің жүрсің" деген екен.

Көршінің кір жайғышы
Бір отбасылық жұп жаңа пәтерге көшіп келіпті. Таңертең, ұйқыдан әрең оянған әйелі терезеден көршінің жуылған киімдер мен төсек жаймаларын жайып қойғанын көріп: - Ойбай ананы қарашы, төсек жаймаларының кірі ашылмаған, - деп күйеуіне айтыпты. Газет оқып отырған күйеуі оған назар аудармапты. Сонда әйелі: - Мүмкін оның кір жуатын ұнтағы немесе сабыны нашар шығар, оған қалай кір жуу керек екенін үйрету керек депті. Әйел көрші кір жуған сайын, «кір ашылмаған, кір жуа алмайды» - дей беріпті. Сөйтіп бір күні таңертең әйел таңданып: - О! Қарашы, бүгін кірлерді тап - таза етіп жуыпты! Кір жуып үйреніпті! Сонда күйеуі: – Өйткені, бүгін ерте тұрып біздің терезені тазалап жуып, сүрткенмін, - деп жауап беріпті.

Дереккөзі: elims.org.ua

Дайындаған: Асыл

Есек пен қасқыр ғибратты әңгіме Есек пен қасқыр ғибратты әңгіме
Бір күні есек пен қасқыр бір шөптің түсіне бола айтысып қалады. Есек шөптің түсін сары десе, қасқыр жасыл дейді. Екеуі біраз пікір таласып ымыраға
Қасқыр менен кісі - Спандияр Көбеев Қасқыр менен кісі - Спандияр Көбеев
Жауызға шамаң келсе етпе рақым, Жейтұғын жиіркенбестен кісі хақын, Ешуақытта жақсылығыңды пайда білмес, Артынан жамандығы тұрар жақын.
Есек пен қасқырдың таласы Есек пен қасқырдың таласы
Бір күні есек пен қасқыр шөптің түсіне бола айтысып қалады. Есек шөптің түсін сары десе, қасқыр жасыл дейді. Екеуі біраз пікір таластырып ымыраға
Жарлы мен Данагөй қарт. Жарлы мен Данагөй қарт.
Жарлы байғұс бірде Данагөй қартқа жолығып қалып мұңын шағып сұрапты: «Мен туғанымнан түкке жарымай келемін, мен неге кедеймін?, - депті. Сонда әлі
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Бір күні Қожанасыр мен әйелі ұрсып қалыпты.
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Қожанасыр және бір сараң бай бір ауылда өмір сүріпті. Қожанасыр байды көпшіліктің алдында үнемі қағытып жүреді екен.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×