ойын сауық отауы
Ишараның игілігі
02.12.2021 373 0 Admin

Ишараның игілігі

Әңгімелер
Бабалар ізімен
Ишараның игілігі
Бірде Ескелді би мен Балпық би өзара өкпелесіп қалыпты. Мұны естіген Дарабоз ана Қарабейбіт биді шақырып алып:
«Бір - біріне сездірмей, екеуін де осы жиын үстінде біздің үйге түсір», - дейді.
Ол екеулері келген кезінде Дарабоз ана дереу дастархан жайып жіберіп, алдарына жалғыз қасықпен ас қояды. Алдымен дәм татқан Есекең қасығын шалқайтып қояды. Оның артынша Бапекең дәм татады да, қасықты төңкеріп тастайды. Содан соң - ақ екеуі бұрынғысынша әңгімелесіп кетеді.
Ескелдінің қасықты шалқасынан қойғаны «Кектенбесең кет демеймін, құшағым қашан да ашық» дегені, ал Балпықтың қасықты төңкеріп қойғаны «О не дегеніңіз, қайта сабасаңыз жотамды тосамын ғой» дегені екен.
Өкпе жайында бір ауыз сөз айтылмаса да, олар осылайша бір - бірлерін ишарамен - ақ түсінісіпті.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Халық емі: Лямблиоз деген құрт бар Халық емі: Лямблиоз деген құрт бар
Ішекке түскен соң адамның бар қорегін жеп, өзін әлсіз ететін бұл паразитті бірден анықтау да оңай емес.
Туыстық атаулар сыры: Абысын Туыстық атаулар сыры: Абысын
Абысын (әйел) – ағайынды жігіттердің әйелдері бір - біріне «абысын» болады. Абысындарөзара жақын, сырлас, мұңдас болады, бірігіп ынтымақты жұмыс
Туыстық атаулар сыры: Бажа Туыстық атаулар сыры: Бажа
Бажа (ер) – апалы - сіңілілі қыздардың күйеулері бір - біріне бажа болады.
Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар
Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде
Ыдыстарға қатысты тыйымдар мен ырымдар Ыдыстарға қатысты тыйымдар мен ырымдар
Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын - шайтан жалап кетеді деп санайды. Су құйылған немесе тағам
Дарабоз ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Дарабоз ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Дарабоз ана – шешен әрі би. Қазіргі Алматы облысы Ескелді ауданының төңірегінде дүниеге келген. Ұлы жүз құрамындағы Жалайыр тайпасынан шыққан. Шын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×