
Туыстық атаулар сыры: Абысын
Салт-дәстүр
Туыстық атаулар сыры: Абысын (әйел) – ағайынды жігіттердің әйелдері бір - біріне «абысын» болады. Абысындар өзара жақын, сырлас, мұңдас болады, бірігіп ынтымақты жұмыс істейді. Бір - бірінің өкпе, назын, әзіл - қалжыңын сыйласыммен көтереді. Қазақта «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» деген сөздің философиялық мағынасы осындайдан шыққан. Абысындардың үлкені «шешей», кішісі «келін» деп аталады.
Халықтық тағылымдарда «абысын асы» деген дәстүр бар. Ері жолға шыққанда олар абысындарын шақырып, дастарқан жайып, әңгіме - дүкен құрады. Бұл дәстүр олардың сыйластық, татулық, бірлік - ынтымағының белгісі әрі ұлттық тәрбиенің бір түрі.
Абысын тату болса – ас көп,
Ағайын тату болса – ат көп.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Халықтық тағылымдарда «абысын асы» деген дәстүр бар. Ері жолға шыққанда олар абысындарын шақырып, дастарқан жайып, әңгіме - дүкен құрады. Бұл дәстүр олардың сыйластық, татулық, бірлік - ынтымағының белгісі әрі ұлттық тәрбиенің бір түрі.
Абысын тату болса – ас көп,
Ағайын тату болса – ат көп.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бай (ер) – күйеуі, ері деген сөздің орнына қолданылатын ежелгі атау. Қазір замандас, құрдас әйелдер бір - біріне әзіл ретінде «сенің байың», «менің

Қайынбике (әйел) – әйелінің апалары күйеуге қайынбике болады. Ол да күйеу баламен ойнап, әзілдеседі. Алайда ол балдыздардай емес, көбінесе әдеп

Құдаша (әйел) – егделігіне немесе жастығына қарамастан бір рудың қыздары құда жағына «құдаша» болып саналады.

Ағаеке (аға - әке), (ер) – келін өзін әкелуге (көбінесе бас құда) құда болып барған адамды «ағаекем» деп қабылдайды және солай таниды.

Қайын ене (әйел) – әйелге күйеуінің шешесі, күйеуге әйелінің шешесі «қайын ене» деп аталады. Бұлар күйеу бала мен келіннің екінші ата - анасы.

Бір ата - анадан туған ұл, қыздар, ағалы - інілілер мен апалы - сіңілілілерді бір сөзбен ағайындылар дейді. Ағалы - інілілердің балалары да бір -