ойын сауық отауы
Әлеуметтік ықпал мінез - құлықты қалыптастырады
18.12.2021 507 0 Admin

Әлеуметтік ықпал мінез - құлықты қалыптастырады

Әңгімелер
Әлеуметтік жантану
Әлеуметтік ықпал мінез - құлықты қалыптастырады
Біз – Аристотель айтқандай, әлеуметтік мақұлықтармыз. Біз басқа адамдардан үйренген сөздерді пайдаланып, соларша ойлап, сөйлейміз. Біз басқалармен қарым - қатынас жасауға, олардың жақыны болуға және құрметті болуға талпынамыз. Бірде Мэл Маттиас және Джеймс Пеннебакер (2005) Техас университетінің студенттеріне таспаға жазатын құрал - жабдық алып жүрулерін өтініп, олардың әлеуметтік мінез - құлқын бақылайды. Жабдық студент сергек күйде болған кезде әрбір 12 минут сайын, байқатпай 30 секунд жазады. Нәтижесінде бақылау тек жұмыс күндерін (сабақ уақытын қоса) қамтыса да, студенттердің уақытының 30 пайызы әңгімелесумен өткенін білді. Бұл – қарым - қатынастың адам өміріндегі маңызы ерекше екенін көрсетеді.
Әлеуметтік тіршілік иесі ретінде біз қоршаған ортамызға сай әрекет етеміз. Кейде әлеуметтік жағдаяттың қуаты біздерді ұстанымымзға қарсы әрекет етуге мәжбүрлейді. Шын мәнінде, ерекше негативті жағдаяттар адамдардың ізгілігінен басым түсіп, қатыгездікпен келісу немесе өтірікті қабылдау сезімдерін оятады. Фашизмнің әсерінен көптеген тамаша адамдар Холоксттың қолшоқпарына айналды. Басқа бір жағдаяттар болғанда адамдар жомарт жандардың рахымына бөленеді. Айталық, 2013 жылы Филиппинде болған дауыл апатынан зардап шеккен мемлекеттер қайырымдылық пен көмек жөніндегі ұсыныстардың астында қалды.
Жағдаяттың күші сонымен бірге біржынысты қатынастарға байланысты айқын көрінеді. Сіз Африка немесе Таяу Шығыста (ондағы адамдардың басым көпшілігі мұндай қатынасқа қарсы), немесе Батыс Еуропа, Канада, Австралия, немесе Жаңа Зеландияда ма – қайда тұратыңызды айтсаңыз, біз сіздің ұстанымыңызды болжап білеміз. Ал білім деңгейіңізді, достарыңыздың жас шамасын, қай БАҚ - ты қарайтыңызды білсек, онда тіпті дәлірек болжап бере аламыз. Жағдаяттар үлкен маңызға ие.
Біздің мәдениетіміз жағдаяттарымызды анықтауға көмектеседі. Айталық, біздің жылдам әрекет етуіміз, киім киісіміз, өзгелермен ашық қатынасымыз – өзіміз өмір сүретін ортаның мәдениетіне байланысты:
  • Сіздің дене бітімнің арық - толықтығын ұнатуыңыз – қашан және қайда өмір сүруіңізге байланысты.
  • Сіздің әлеуметтік шындықты теңдік (барлық адам тумысынан тең) немесе әділдік ретінде (көбірек еңбектенетіндер көбірек ақша алуы тиіс) қабылдауыңыз – сіздің көзқарасыңыздың социалистік немесе капиталистік елде қалыптасуына байланысты.
  • Сіздің ашық - жарқын немесе тұйық, қарапайым немесе рәсімшіл, ресми болуға бейімдігіңіз көбіне сіздің мәдени ортаңыз бен ұлтыңызға байланысты.
  • Бар игілікті бірінші кезекте өз қажеттіліктерңізді қанағаттандыруға, өз арман - мақсаттарыңызға жетуге немесе отбасыңызға, туыстарыңызға әлде қауымға қарай тартуыңыз – сіздің қазіргі заманғы батыстық оқшауланудың әсеріне қаншалықты ұшырағаныңызға байланысты.
Әлеуметтік психолог Хейзел Маркус (2005): «... жалпы алғанда, адамдар көнбіс» деп тұжырымдайды. Басқаша айтқанда, біз өзімізді қоршаған әлеуметтік ортамызға бейімделеміз. Біздің ұстанымымыз бен мінез - құлқымыз сыртқы әлеуметтік ықпалдардың әсерімен қалыптасады.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Біз әлеуметтік болмысты қалыптастырамыз Біз әлеуметтік болмысты қалыптастырамыз
Адамдар кез келген мінезді түсіндіруге, оның себебін анықтауға бейім, өйткені сонда ғана ол мінез ретке келгендей, болжауға болатындай және бақылауға
Әлеуметтік жантану ғылымы Әлеуметтік жантану ғылымы
Ертеде бір кісі болыпты. Оның екінші әйелі тәкаппар да өзімшіл жан екен. Әйелмен еріп келген екі қыз да – өркөкірек әрі қарақан басының ғана қамын
73 - қадам: заманауи білімдер (копирайтинг, таргетинг, smm, сату қабілеті) 73 - қадам: заманауи білімдер (копирайтинг,
Заман дамыған сайын кейбір ғылымдар жарамсыз болып қалуда. Оның бірден - юір себебі заман даму үстінде, жаңа технологиялар, ақпарат құралдарының жаңа
МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ЖК осы айда табыс болғанына немесе болмағанына қарамастан, өзі үшін МӘМС 2975 теңге мөлшерінде төлеуге
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жәрдемақы қаншаға өсетінін айтты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2018 жылы азаматтарға берілетін атаулы
Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады
ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісі өзіне өзі қол салуға бейім адамдарды жасанды ақыл - ой арқылы анықтайтын болады, деп хабарлайды Риа Новости
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×