ойын сауық отауы
Әлеуметтік жантану ғылымы
31.10.2021 524 0 Admin

Әлеуметтік жантану ғылымы

Әңгімелер
Әлеуметтік жантану
Кіріспе орнына
Ертеде бір кісі болыпты. Оның екінші әйелі тәкаппар да өзімшіл жан екен. Әйелмен еріп келген екі қыз да – өркөкірек әрі қарақан басының ғана қамын ойлайтын мейірімсіз болып, шешелерінен аумай қалыпты. Ал әлгі кісінің өз қызы – Күлбикеш болса, қарапайым, мінезі жібектей жан екен. Ол шайпау әпкелерінің айтқанын екі етпей, көрсеткен зәбіріне шыдап, үнсіз жүре береді.
Бірде Күлбикеш перизат «анасының» көмегімен үйден сытылып шығып, король сарайындағы балға қатысады. Сол жерде оған сымбатты ханзаданың көзі түседі. Жүректе тұтанған ғашықтықтың жетегімен Күлбикешті үйіне іздеп барға ханзада сүйіктісін әуелде танымай қалды.
Адам нанғысыз ба? Бірақ осы ертегі бізді жағдаяттың құдіретіне сендіреді. Адуын өгей шешесінің жанында Күлбикеш көнбіс те қарапайым кейіп танытуға мәжбүр болды. Ал король сарайында құлпырып, күлімдеген кеш аруына айналды. Бірінші жағдайда сұлуымыз теперіш көрді. Екінші жағдайда сымбатты жігіттің жүрегін жаулады.
Француз жазушысы, пәлсапашы Жан - Поль сартр (1946) «Күлбикеш эффектісін» оңай түсіндіріп еді. «адам болмысы жағдаятқа байланысты, - деп жазды ол. – Бізді айналамызда қалыптасқан хал - ахуалдан бөліп қарауға болмайды, өйткені жағдай бізді қалыптастырады және мүмкіндіктерімізді анықтайды».
Әлбетте, әлеуметтік жантану – біздің өмірімізге жағдаяттардың әсерін зерттеп, бір - бірімізге қалай қарап, қалай ықпал ететінімізге ерекше назар аударатын ғылым. Нақтырақ айтқанда, бұл – адамдардың бір - бірі туралы не ойлайтыны, бір - біріне қалай әсер ететіні һәм қарым - қатынасқа қалай түсетіні жөніндегі ғылым. Сонымен бірге ол – жантану мен әлеуметтанудың шегінде дамып отыр. Оның топтар мен қоғамдағы адамдарды зерттейтін әлеуметтанудан айырмашылығы – әлеуметтік жантану, негізінен, жекелеген адамдардың болмысын қарастырады һәм экспериментке жиі жүгінеді. Тұлға жантануынан айырмашылығы – әлеуметтік жантану индивидтердің айырмашылығына онша көңіл аудармай, жұрттың, жалпы, бір - біріне қалай қарайтынын және әсер ететінін зерттейді.
Негізінде, әлеуметтік жантану – жас ғылым. Бұл саладағы алғашқы тәжірибелер ғасырдан астам уақыт бұрын жарияланып, ал оқулықтар шамамен 1900 жылдары жарық көрді. Әлеуметтік жантанудың қазіргі пішіні 1930 жылдары ғана қалыптасты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүгінгідей айқын ғылыми - тәжірибелік алаң қалыптаса бастады. Те 1970 жылдардан бастап әлеуметтік жантану қарқынды дамудың жемісін көрді: ол Азияда – алдымен Үндістанда, сосын Гонконг пен Жапонияда, соңғы кездері Қытай мен Тайландта жедел дамып келеді.
Әлеуметтік жантану – адамның ойлауын, өзара ықпалын, қарым - қатынастарын – бәрімізді қызықтыратын сауалдар қоя отырып зерттейді. Айталық:
  • Адамның әлеуметтік мінез - құлқы ол басынан кешіретін объективті жағдаяттарға һәм оны қалай түсінетініне байланысты ма? Қалай түсінетінімізге көп әнрсе байланысты. Әлеуметтік ұстанымымыз жүзеге асатындай болуы тиіс. Айталық, тұрмыста жарасымды жұптар жұбайының кекесінді ескертпесін (киімдеріңді жинап жүруді әйтеуір бір үйренерсің) сыртқы әсерден көруге бейім болады (бүгін қатты шаршап келген - ау, сірә). Ал тұзы жараспаған жұптар бірі - біріне осындай ескертпелерді жаудырып (неткен өзімшіл жан) жүріп, қарсы шабуылға шығуы мүмкін. Тіпті қарсы шабуыл болатынын іштей күтіп, жанжалды әдейі қоздыруы да ықтимал.
  • Бұйрық берсе, адамдар қатыгез болып кете ме? Фашистік Германия 6 миллион еврейді өлтіруді қалайша ойластырды һәм жүзеге асырды? Ұл жантүршігерлік хайуандық мыңдаған адамдардың бұйрыққа бағынышты болуынан жасалды. Олар тұтқындарды лагерьлерге қамап, газбен улады. Адамдар осындай сұмдық әрекетке қалайша барады? Оларды дені сау деп айтуға бола ма? Осы сауалдарға жауап іздеп, мұндай хайуандыққа әкелетн жағдаятты анықтау үшін Стэнли Милгрэм (1974) эскперимент жүргізді. Экспериментшінің бұйрығымен қатысушылар белгілі бір сөздерді нашар есте сақтайтын адамдарды электр тогының қуатын арттыра отырып, жазалау керек болатын.
  • Біреуге көмектесу керек пе? Әлде тек өзіңнің қарақан басыңды ойлауың керек пе? Күздің бір күні Огайо штатындағы Колумб қаласында инкассатор көлігінен қап - қап ақша түсіп қалып, 2 миллион доллар жолға шашылды. Біраз жүргізушілер көмектесу үшін тоқтап, 100000 долларды жинап берді. Ал қалған 1900000 доллардың жоғалуы – олардың көпшілігінің өз пайдасының құлы болғанын көрсетеді (Ал сіз қайтер едіңіз?). бірнеше айдан соң Сан - Франциско мен Торонтода осыған ұқсас оқиғалар болды, нәтижесі дәл сондай: қасынан өтіп бара жатқандар ақшаның көп бөлігін иеленіп кеткен. Көмектесуге дайын тұруға немесе, керісінше, ашкөздікке адамдарды қандай жағдаяттар мәжбүрлейді? Адамдардың көмектесуге дайын тұруы әлеуметтік контесктерге байланысты ма? Мәселен, ауылдар мен шағын қала тұрғындарының жауапкершілігі төмендеу, бірақ олар өзгеге көмектесуге дайын тұрады деген пікір рас па?
Бұл сұрақтардың барлығы – адамдар бірін - бірі қалай қабылдайды және бір - біріне қалай ықпал етеді деген мәселе төңірегінде шоғырланған. Әлеуметтік жантану осындай сауалдарға жауап беруге тырысады. Әлеуметтік психологтер қарым - қатынас пен сенімді, ымырашылдық пен тәуелсіздікті, жақсы көру мен жек көруді зерттейді. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: Өгей әке (ер), өгей шеше Туыстық атаулар сыры: Өгей әке (ер), өгей шеше
Өгей әке (ер), өгей шеше (әйел) – тағдырдың жазуымен кейде ер адам екінші рет үйленіп, әйелге екінші біреуге тұрмысқа шыққанда оның балаларына екінші
Аналарымыз аман болсын! Аналарымыз аман болсын!
- Апа, не істеп жатсыз? - дейді үлкені күлімсіреп. - Осы жерде жатсаңдар, қазір поезд келеді соны көресіңдер, қозғалмаңдар, жарай ма?- дейді өгей ана
Алланың пендесін жарылқауы Алланың пендесін жарылқауы
Ілгеріде бір патша үлкен кеселге шалыныпты. Тәуіп, балгер, емшілер ешқандай ем таппапты. Патшаның жүрегін бір тышқан кеміргендей ауырып тұратын
Екі тақуа (монах) Екі тақуа (монах)
Екі тақуа ағысы қатты, долы өзенді кешіп өтті.Олардың жанында өте әдемі қыз тұрды, ол да өзеннен өткісі келді бірақ қорқып тұрды.
Бағалай білсең бәрі бақ Бағалай білсең бәрі бақ
Баяғыда біреудің 2 қызы болыпты. Бір қызы көркем мінезді, шебер екен, ал екіншісі мінезі сондай дөрекі, әдепсіздеу екен. Бір күні көрші ауылдан
Жұрт мені қатал дейді Жұрт мені қатал дейді
Жұрт мені қатал дейді найзағайдай мінезі шатырлаған, біреулері айтады ақыл маған: өркөкірек, тәкаппар, менменсіген...
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×