ойын сауық отауы
Уақытыңды басқар: Намаз уақыттарының сыры
12.02.2022 558 0 Admin

Уақытыңды басқар: Намаз уақыттарының сыры

Әңгімелер
Уақытыңды басқар: Намаз уақыттарының сыры
Бесін уақыты болса, күндіздің толықсып кемелденіп, енді бір сәтке біртіндеп күннің екінші жартысына ауа бастаған кез. Оған қоса, күндік толассыз, қыруар шаруаның ең бір қым - қуыт сапырылыс шағында, жұмыстың барлық қысым - ауыртпалығынан бір сәтке арылып, уақытша болса да сәл - пәл тынығатын кез. Әрі өткінші фәни дүниенің ауыр жұмыстарынан бір бас алмаудан пайда болған бейғамдық пен сіресуден бой мен сананы бірдей арылтып, рухтың тыныс алуына жол ашатын кез. Иләһи нығметтердің бой көрсетер тұсы. Адам жаны әлгіндей қысым, ауырпалық, бейғамдықтан, мән - мағынасыз, фәни тірліктен арылып, ешкімге мұқтаж емес әрі мәңгілік қасиеттерге ие нығмет - несібелердің шынайы егесі Алла Тағаланың алдында құлшылық жасауға ниет етіп қол байлап, өзіне нәсіп етілген бүкіл ризық - несібе атаулыға шүкір етіп Жаратушыға мақтау айтады. Оның ұлылығының алдында иіліп тағзым етеді, рукуғқа барады. Оның теңдессіз кемелдігі мен жамалына таңырқап, әсемдігін дәріптеп сәждеге бас қояды. Өз сүйіспеншілігі мен таңданысын бесін намазын оқу арқылы білдірудің қаншалықты ұнамды, қаншалықты орынды, қаншалықты керекті екенін ұғына алмау, сірә, адамдыққа жатпаса керек?! (жалғасы бар) 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Уақытыңды басқар: Бірсарындылықтан арылу Уақытыңды басқар: Бірсарындылықтан арылу
«Жылдың айларға, айдың апталарға, күннің парыз намаз уақыттарына бөлінуі адам санасында «уақыт түсінігінің» қалыптасуы үшін жеткілікті ме?» деген
Күндіз бен оның кезеңдері Күндіз бен оның кезеңдері
Күннің жартысы саналған «күндіз» (нәһәр) сөзі 57, екінші жартысы болған «түн» (ләйл) сөзі 92 рет айтылады.
Бір күндік уақытты кезеңдерге бөлу Бір күндік уақытты кезеңдерге бөлу
«Күн» мағынасына келетін «йәум» сөзі ең көп қайталанған. Бұл сөз әр алуан түрлерінде (жекеше, екілік, көпше, белгілі, белгісіз) 475 рет кездеседі.
Намаз уақыттарының сыры Намаз уақыттарының сыры
Құптан уақытында аспан көкжиегінде қалып қойған күндіздің белгілері сол күйі жым - жылас өшіп, жер бетінде түннің тас - түне қараңғылығы орнайды.
Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны
Жоғарыда атап өтілген түсіндірмеден төмендегідей қорытынды шығаруға болады: парыз намаздардың асыл мұраттарының бірі – мұсылман баласына күнделікті
Ораза және намаз уақыттарының кестесі Ораза және намаз уақыттарының кестесі
Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы назарларыңызға 2017 жылғы Қазақстан қалаларының Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×