ойын сауық отауы
Уақытыңды басқар: Бірсарындылықтан арылу
20.01.2022 776 0 Admin

Уақытыңды басқар: Бірсарындылықтан арылу

Пайдалы кеңестер
Уақытыңды басқар: Бірсарындылықтан арылу
«Жылдың айларға, айдың апталарға, күннің парыз намаз уақыттарына бөлінуі адам санасында «уақыт түсінігінің» қалыптасуы үшін жеткілікті ме?» деген сұрақ туындауы мүмкін.
Бұл сұраққа сенімді түрде «Иә» деп жауап беру мүмкін болмас. Себебі Абайдың «Пендеде бір іс бар жалығу деген» дегеніндей, адам баласы біршама уақыттан соң бірсарынды өмір салтына үйреніп, тіпті жалығып, ғапылдыққа түсуі ықтимал. Сондықтан басқа да алғышарттар арқылы мұндай жайттың алдын алу қажет болады.
Дініміз мұны алуан түрлі жолдармен жыл, ай мен апта, тіпті күн ішінде белгілеген басқа да ғибадаттар арқылы жүзеге асыруда. Нәпіл ғибадаттардың сан қырларының бірі осыған қатысты. Аптасына бір рет оқылатын жұма намазы, намаздың алдында тыңдалатын құтбалар, жылда екі рет оқылатын айт намаздары, айт құтбалары, үш айлардың ерекшеліктері, бір ай бойы үзбей ұсталатын Рамазан оразасы, әр айдың ортасында, дүйсенбі мен бейсенбі күндері ұсталуы сүннет оразалармен қатар, ай мен күн тұтылғанда, құрғақшылық, жұт және басқа да қолайсыздықтар туындағанда оқылатын намаздар – бәрі - бәрі мүмінге ескерту, оны бірсарындылықтан құтқарып, «уақыт» жайлы түсінігі мен жауапкершілігінің дұрыс болуы үшін жасалған алғышарттар. Тақуа мүмін бұл мүмкіндіктердің әрбірін нәпсісін есепке тартып, иманын шыңдап, бір серпіліп қалу үшін пайдаланады.
Сондықтан да айналамызда көптеген адамдардың қасиетті айлар мен күндердің себебінен ғапылдықтан арылып, тәубесіне келгендігін, иманға, Исламның тура жолына бет бұрып, өмірін өзгерткендігін көре аламыз. Әсіресе, мұнда Рамазан айының орны ерекше.
 
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Уақыт құндылығы: жылдың кейбір айлары мен күндерінің және күннің кейбір уақыттарының ерекшеліктері Уақыт құндылығы: жылдың кейбір айлары мен
Адам баласы өмірін сезіне білуі үшін ғұмырының әр күнін бір сарында өткізбеуі тиіс. Исламда кейбір айлар мен кейбір күндерге тіпті кей сағаттарға
Бір айдың кезеңдерге бөлінуі Бір айдың кезеңдерге бөлінуі
Уақыт түсінігінің қалыптасуы мен өмірлік маңызы бар істерді өз уақытында дұрыс атқара алу үшін жылдың айларға бөлінуі жеткіліксіз болмақ. Олай болса,
Айлардың да құпия сырын білейік Айлардың да құпия сырын білейік
Жылдың төрт мезгіліне сәйкес келетін айлардың ұзақтығын өзіміздің саусақтарымыз арқылы анықтауды да біліп жүргеннің артықшылығы болмас.
Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты
Таң атқан уақытта сол таң намазының сүннетінен басқа ешқандай нәпіл намазы оқылмайды. Хадисте: «Таң намазынан бұрын және таң намазы кірген кезде, таң
Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны
Жоғарыда атап өтілген түсіндірмеден төмендегідей қорытынды шығаруға болады: парыз намаздардың асыл мұраттарының бірі – мұсылман баласына күнделікті
Уақытыңды басқар: Намаздың маңызы Уақытыңды басқар: Намаздың маңызы
Намаз арқылы түн мен күндіз сырлы тәртіпке орнығады. Өмір ғибадатқа негізделген уақыт түсінігіне сәйкес реттеледі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×