ойын сауық отауы
Тілдік топтар қалай қалыптасты?
22.05.2021 2 494 0 Admin

Тілдік топтар қалай қалыптасты?

Аңыздар
Тіл тарихы
Тілдік топтар қалай қалыптасты?
Үндіеуропа және банту тілдері туралы аз айтылмады. Екі жағдайда да бірнеше мың жыл бұрын әлемнің едәуір бөлігінде бір тіл тобы үстемдік құрды. Тілдердің осындай диффузиясы адамзат тарихындағы қандай да бір ерекше кезеңмен байланысты ма? Ол идеяның пайдасына байланысты дейтіндер көп. Егіншілік пен мал бағуға байланысты өмір сүру дағдысында болған негізгі өзгерістері аталды бұған дейін. Технологиядағы өзгерістер де әсерін тигізсе керек. Австронезиялық тілдер телегей теңіздерді асып тарапты. Мысалы, Мадагаскардың тілі – малагасий Борнеоның мааньян тілімен тығыз байланысты. Ал ол елдердің қашықтығы – алты мың шақырым. Әлбетте, бұл адамдар сенімді кемеге мініп, теңізде жақсы жүзе алғанда ғана болуы мүмкін.
Бүгінгі тіл топтары көші - қон нәтижесі немесе өмір сүру дағдысындағы өзгерістерден пайда болған мәдени диффузиялардың нәтижесі екенін көрдік. Соңғы бес, он мыңжылдықтарда бұл өзгерістер өте қарқынды жүрді, бүгінгі күнгі тіл топтарының тарауына осынша уақыт кетті деп болжауымыздың бір себебі – осы. Бірақ олай есептеуімізге тағы бір өте жақсы себеп бар.
Тілдегі өзгерістердің табиғаты осындай. Әртүрлі тілдердің ортақ тарихы болды ма? Тілдік топтарды анықтау жолдарын табу үшін тарихшы - лингвистер салмақты әдістер қолданады. Бірақ бұл әдістер бізді қаншалықты алысқа алып кететініне қатысты шектеу бар.
Бүгінгі күнгі тілдерге қарап, екі - үш мың жыл бұрынғы тілдік жағдайдың маңызды аспектілерін біле аламыз. Жазбаша дереккөздер болса, сол дереккөздерді жазылған кезден бастап, қайта қалпына келтіруге болады. Одан ертерек кезеңдерден сенімді деректер аз, тілдер арасындағы байланысты зерттеуде он мың жылдан әріге кететіндерден (ондай адамдар бар) дұрыс мәлімет күтпеу керек, өйткені оны білудің еш мүмкіндігі жоқ. Мұндай ұзақ уақыт ішінде тілдегі сөздердің барлығы дерлік басқа сөздермен алмастырылады немесе танымастай өзгереді.
Бірақ тілдердің ертеректе кеңінен таралмағанын қалай білген? Жауабы оңай: оны ешкім білмеген. Дұрысы, тілдер ондай мәлімет бермейді.
Тілдер ежелде үлкен кеңістікке жайылды ма, жоқ па – белгісіз. Бұл Африкадан бар болғаны жүз мың жыл ғана бұрын шыққан адамзат баласына қатысты болуы әбден мүмкін, өйткені оның өсіп - таралуы өте ауқымды жерге жайылып кеткен. Өзіміз білетін тілдердің ізімен сол кездегі тілдер туралы айтуға тырысқандар болған. Грамматика мен дыбыстық жүйенің кейбір ерекшеліктері белгілі бір дәрежеде жалпы есептегі тілдерге ұқсас. Бірақ бұл тілдердің ұзақ уақыт бойы бір - біріне әсер етуінің салдары ма, әлде жалпы алыста қалған ортақ шығу тегінің көрінісі ме – оны білу мүмкін емес.
Тарихшы - лингвистердің бәрі болмаса да, көпшілігі бұл пікірмен келіседі. Кейбіреулер үндіеуропа, орал, афроазиат тіл топтарына прототіл болған деп есептелетін ностратик тәрізді өте ежелгі тілді табуға болады деп есептейді. Кейбіреулер тіпті жер бетіндегі барлық тілдің туыстығын қалпына келтіріп, барлық тілге қайнаркөз болған прототілдегі сөздерді табуға болады деп санайды. Әрине, бұл – жаңсақ пікір. Бастапқы тіл болса болған шығар, бірақ оның сөздерін қазіргі тілдер арқылы қалпына келтіру мүмкін емес.
Бір кездері үлкен тіл топтары мен үлкен тілдер болған шығар, олар қазір жоғалып кетті, өйткені олардың кезіндегі қоғам тіл формасын өзгерткені сонша, еш ортақ белгісі қалған жоқ. Бұл – теңіз суының үлкен жартасты уатып, сансыз майда шағыл тастарға айналдырып жіберетініне ұқсас процесс.
Банту тіліне қатысты жағдайда бұл процесс тіпті алысқа ұзап кетті. Үш мың жыл уақыттан кейін бірнеше жүз тіл қалыптасты, ол тілдерде сөйлеушілер онша көп емес. Десек те бұл тілдерде сөйлеушілер сан халқы және өзге де терімшілер мен аңшылардың тілдерінен анағұрлым көп. Әдетте фермерлер бір - біріне жақын тұрады және күрделірек қоғамда өмір сүреді, сондықтан олар терімшіліре мен аңшылардан гөрі адамдармен көбірек араласып, сөйлеседі. Көптеген тілдің бірнеше мыңға дейін сөйлеуші бар. Жаңа Гвинея тәрізді адамдардың көбі тау мен ит тұмсығы батпас орман қоршаған шағын ғана құнарлы жер телімінде тұратын аймақтарда тек фермерлер сөйлейтін көптеген өте ұсақ тіл бар.
Қорыта айтқанда, тарихтан бұрынғы көптеген мыңжылдықтар бойы сөйлеушілер саны бірнеше жүз, әрі кеткенде бірнеше мыңға дейін ғана жететін тілдер болған. Бірнеше мың жыл бұрын ауыл шаруашылығы және өзге де технологиялық жетістік адам өмірін өзгертіп жібергенде, кейбір тіл тез тарап, елді мекендердің көбінде бәрі бір тілде сөйледі. «Неге олай болды?» дегенге келсек, бұл ауыл шаруашылығының және өзге де технологиялық инновациялардың енуіне байланысты. Үлкен тілдер бөлшектеніп, қазір біз сөйлеп жүрген туысқан тілдердің үлкен топтары пайда болды. Бұл тілдерде сөйлеушілер терімшілер мен аңшылар тілінде сөйлеушілерден әлі де көп.
Күрделі жағдайлар да бар. Кей тілдер мұндай қатты бөлшектенуге ұрынған жоқ. Мысалы, үндіеуропа тобындағы тілдер саны банту тобындағы тілдерден аз. Ол анту тобынан көп ерте қалыптасқан. Бұл топтағы кей тілдердің сөйлеушілері өте көп. Миллиондаған немесе бірнеше миллиондаған сөйлеушісі бар тілдер соңғы бірнеше мыңжылдықта пайда болды, бұл тек үндіеуропа тобына ғана тән емес. Бұған қытай, жапон, тамил және басқа да тілдер жақсы мысал бола алады.

Әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі


Өмір сүру пәлсапасы Өмір сүру пәлсапасы
Ағылшын Richard Wilkins “Mentai Tonic” атты кітабында өмір сүру пәлсапасының негіздерін тізіп жазады. Солардан бірнешеуі: Нағыз өзгеру – ескі
Үндіеуропа тобындағы тілдер Үндіеуропа тобындағы тілдер
Алдыңғы тақырыпта талқыланған үш тіл тобы бір - біріне жақын емес. Кей тұстары бір - біріне ұқсайтындай болып көрінгенімен, топ ішіндегі тілдердей
Тіл тарихы: Үндіеуропа тобындағы тілдер Тіл тарихы: Үндіеуропа тобындағы тілдер
Бұл тілдер қалай тарады? Бүкіл үндіеуропа тілдеріне тұтастай қарасақ, бұл сұрақ күрделеніп кетеді. Герман және славян тілдерінің осыншама кең аймаққа
Герман, славян және роман тілдері Герман, славян және роман тілдері
Ағылшын тіліндегі bread деген сөзге немістің Brot сөзі сәйкес келеді, шведтің brὅd деген сөзіне итальянның pane сөзі сәйкес. Ағылшын тіліндегі son -
Хойсан тілдеріне қанша тіл жатады? Хойсан тілдеріне қанша тіл жатады?
Сан халықтары сөйлейтін хойсан тобына көп тіл жатады, олардың нақты қанша екенін және қалай аталатынын анықтау оңай жұмыс емес. Оларды зерттеуші әр
Ол кездегі тілдер қазіргі тілдерге ұқсас болды ма? Ол кездегі тілдер қазіргі тілдерге ұқсас болды ма?
Терімшілер мен аңшылар қоғамындағы тілдер туралы бірінші және ең маңызды айта кететін нәрсе – ол тілдердің де басқа тілдердей екені. ХІХ ғасыр
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×