ойын сауық отауы
Тіл тарихы: Үндіеуропа тобындағы тілдер
12.04.2021 1 234 0 Admin

Тіл тарихы: Үндіеуропа тобындағы тілдер

Бұл қызықты
Тіл тарихы: Үндіеуропа тобындағы тілдер
Бұл тілдер қалай тарады? Бүкіл үндіеуропа тілдеріне тұтастай қарасақ, бұл сұрақ күрделеніп кетеді. Герман және славян тілдерінің осыншама кең аймаққа таралуында қандай мән бар? Үндіеуропа тілдерінің Еуропа мен Азияның айтарлықтай бөлігінде тамыр жаюының құпиясы неде?
Бұған бірнеше жауап айтылады. Қалай айтқанда да, маңызды фактор. Бірнеше мыңдаған жыл бұрын әлемнің барлық түкпірінде терімшілер мен аңшылардың өмір сүру салты айтарлықтай өзгерген.
Шамамен он мың жылдай бұрын кей адамдар тамаққа жарамды өсімдіктерді егіп, одан азық жинап ала бастады. Жануарларды қолға үйретіп, өріске айдайтын. Бұл оқиғалар әлемнің бірнеше елінде – Таяу Шығыста, Қытайда және бүгінгі Мексикада болды. Әр жер өзіне тән өсімдіктер мен жануарларды таңдады. Ешқандай өзара қарым - қатынассыз іске асса, шынында да, тамаша болғаны. Ал бірақ Орталық Америка мен Азияның арасында қандай қатынас болуы мүмкін? Бұл – алыста қалған өткеннің көп құпиясының бірі. Батыс Африка, Эфиопия, Жаңа Гвинея және Анд тауларында да егіншілікпен және мал бағумен айналысқан, оларға бұл идея сырттан келуі мүмкін. Бірақ олар жергілікті өсімдіктер мен жануарлармен айналысты.
Содан бастап егін егу мен мал бағу осы жақтан жер жүзінің бүкіл түкпіріне тарай бастады. Бірақ ол әр жерде әртүрлі деңгейде жетті. Археологтар егіншіліктің Таяу Шығыстан алғашқы ізін он мың жыл бұрынғы деп белгіледі; ал Қытайдан табылған ізді одан сәл кейінгі уақытпен байланыстырады. Бұл салаларда жаңа әдістер енгізіліп, адамдардың тіршілігі қатты өзгерді.
Біріншіден, ауыл шаруашылығы мен мал өсіру адамды азықпен қамтамасыз ете алады. Фермерлерге терімшілер мен аңшылардай көп жер керек емес. Ауыл шаруашылығы бар жерде халық та тез өседі.
Бұл кенеттен болған жағдай емес. Азық - түлік өндірудің жаңа әдістері бірнеше мыңдаған жылдар бойы бүкіл әлемге жайлап тарады, тіпті қазірдің өзінде кей жерлерге әлі жеткен жоқ. Сондықтан әлемнің әр түкпірінде халық әртүрлі уақытта өсті. Жерорта теңізінде, Еуропада, Үндістан мен Қытайда жер игеру бірнеше мың жыл бұрын жүрді. Бұлар мыңдаған жылдар бойы халқы жиі орналасқан жерлер болып келеді. Бірақ Австралия мен Солтүстік Американың батысында ауыл шаруашылығы еуропалықтар келген кезде ғана, яғни бірнеше жүз жыл бұрын пайда болды. Ол кезде қазіргімен салыстырғанда, өте аз адам өмір сүрген. Африка және Оңтүстік Америкада кей адамдар өсімдік терумен, аңшылықпен ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін күнелтті, ал қайсыбіреулері әлі күнге дейін солай өмір сүруде.
Екіншіден, егіншіліктің пайда болуымен адамдар отырықшыға айналды. Топ - топ болып жүрмей, жері мен табиғаты жайлы жерлерде тұрақтап қалатын болды. Шағын ғана жерге көп адам шоғырланды.
Үшіншіден, егін және мал шаруашылығы адамдарды жер мен мал иеленуші етті. Бұл адамдар арасында талас - тартыс туындатты, тәртіп сақтауға мұқтаждық артты. Заңға ұқсас шектеулер мен рұқсаттар пайда болды, одан тәртіп сақтау органдары туындады. Қоғам бұрынғыдан күрделене түсті.
Төртіншіден, топтар арасындағы қатынас қиындады. Жеке зат иеленушілік бар қоғамда молшылық та болады. Ықпалы, билігі жүретіндер артық затты өздеріне қалдырып отырды. Билік жүргізудің бір жолы – күш көрсету мен қорқытып - үркіту. Зорлық - зомбылық пен соғыстың қашаннан бері бар екенін білу оңай емес, бірақ адамдар иеленуші болғанда, ондай іс - әрекеттің пайда әкелетіні сөзсіз. Мұнда да соғыс пен зорлық - зомбылық қалыпты жағдайға айналды. Адам найзаны ойлап тапты, ол жабайы жануарларға емес, өзге адамдарға қарсы қолданылды. Бес мың жылдай бұрын жылқы қолға үйретілді, оған қару асынған жауынгерлер мінді, қару - жарақ тиелген арбалар жегілді. Бұл адамға қарсы тиімді құрал болды. Осылай соғыстың алғышарттары жасалды. (жалғасы бар)
 
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Герман, славян және роман тілдері Герман, славян және роман тілдері
Ағылшын тіліндегі bread деген сөзге немістің Brot сөзі сәйкес келеді, шведтің brὅd деген сөзіне итальянның pane сөзі сәйкес. Ағылшын тіліндегі son -
Тіл деген не? Тіл деген не?
Тіл қалай пайда болады? «Тіл» деген сөз әртүрлі мән мәтінде, әртүрлі мағынада қолданылады. Бірақ оны «ағылшын тілі» мен «жапон тілі» деген сияқты
Хойсан тілдеріне қанша тіл жатады? Хойсан тілдеріне қанша тіл жатады?
Сан халықтары сөйлейтін хойсан тобына көп тіл жатады, олардың нақты қанша екенін және қалай аталатынын анықтау оңай жұмыс емес. Оларды зерттеуші әр
Ол кездегі тілдер қазіргі тілдерге ұқсас болды ма? Ол кездегі тілдер қазіргі тілдерге ұқсас болды ма?
Терімшілер мен аңшылар қоғамындағы тілдер туралы бірінші және ең маңызды айта кететін нәрсе – ол тілдердің де басқа тілдердей екені. ХІХ ғасыр
Әлемдегі ең танымал 10 тіл Әлемдегі ең танымал 10 тіл
2019 жылғы мәліметтер бойынша тасымалдаушылар санын ескере отырып, әлемдегі ең танымал 10 тілдердің тізімін ұсынамыз.
Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша) Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша)
Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша анықтау) O (I) қан тобындағы нәзік жандар ақкөңіл, қиялшыл, нағыз романтик, үнемі өз идеалын іздейтін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×